Шығыс Қазақстан облысындағы балалардың 2009 жылғы жағдайы Өскемен қаласы 2009 мазмұНЫ



бет1/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.99 Mb.
#178553
  1   2   3   4   5



Шығыс Қазақстан облысындағы

балалардың 2009 жылғы жағдайы

Өскемен қаласы



2009

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ……………………………………..…………………………...............................................

2

І.

БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ.........................................

3

ІІ.

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ.........…………............................................

5

1.

Ана, нәресте және бала өлімі, оларды төмендетудің шұғыл шаралары.........................................

5

2.

Ана денсаулығы, отбасын жоспарлау және ана сүтімен тамақтандыру.........................................

6

3.

Баланың ертеден дамуы.......................................................................................................................

8

ІІІ.

БІЛІМ БЕРУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ БАЛА ДАМУЫ............…………………………....................

14

1.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы..................................................................................

14

2.

Жалпы орта білім..................................................................................................................................

17

3.

Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен тамақтануын ұйымдастыру...........................................

20

4.

Тиісті мектептері жоқ елді мекендердің оқушыларын оқумен қамту.............................................

22

5.

Техникалық және кәсіби білім............................................................................................................

23

6.

Балалардың бос уақытын өткізу және қоғам өміріне қатысуы........................................................

26

IV.

ӨМІРДІҢ ҚИЫН ЖАҒДАЙЫНА ДУШАР БОЛҒАН

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ..….........................................................................................................



34

1.

Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасында

тәрбиеленіп жатқан балалар жағдайы................................................................................................



34

2.

Балалар арасындағы қылмыс және отбасылық қолайсыздық.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың,

панасыздық пен қадағалаусыздықтың, нашақорлықтың,

суицидтің алдын алу бойынша жұмыстар.........................................................................................



35

3.

Бала еңбегінің ең ауыр түрлерін, трафикті, балалардың

қару-жарақ қақтығыстарына қатысуын алдын-алу...........................................................................



39

4.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы....................................

41

5.

Мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың жағдайы.............................................

51

6.

Әлеуметтік, бейімдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету қызметтері......................

53

7.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдармен

қарым-қатынас жасау...........................................................................................................................



56

8.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша

халықаралық жобаларды жүзеге асыру..............................................................................................



59




Шығыс Қазақстан облысында балалардың жағдайын жақсарту

жөніндегі ұсынымдар ……………………….……………………….................................................



62



Кіріспе
Бала құқықтары туралы конвенция ратификацияланып, декларация қабылданғаннан кейін және «Балалар өмірі үшін қолайлы әлем» жоспары іске қосылған кезден бастап, облыста бала құқығын қорғау және олардың жағдайын жақсартуда біршама маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Облыс әкімдігі өзінің тұрақты дамуды қамтамасыз ету саясатында халықаралық құжаттарға енгізілген ана мен бала мәселелеріне байланысты міндеттемелерді орындауға үлкен мән береді. Отбасы мен балалар мүдделерінде бағдарламалар, жоспарлар жасалынып жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, балалардың мүдделерін құқықтық қорғау жүйесі жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда бұдан әрі жетілдіруді қажет етеді, ал балалық шақ мәселелерін шешу – азаматтық қоғамның қатысуымен кешенді және ведомствоаралық үйлесімді шараларды талап етеді.

Шығыс Қазақстан облысы 1939 жылы құрылған және 283,3 мың шаршы км. аумақты алып жатыр. Оған облыстық маңызы бар 4 қала: Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов және 15 аудан кіреді. Олар: Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Күршім, Көкпекті, Катон-Қарағай, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонайха аудандары. Облыс орталығы 300 мыңнан астам халқы бар Өскемен қаласы болып табылады.

2009 жылдың 1 желтоқсанында облыс тұрғындарының саны, статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 1418,9 мың адамды құрады. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 1128 адамға көбейген, бұл 100,1% құрайды, оның ішінде қала тұрғындары 2008 жылы – 768152 адам, 2009 жылы – 771793, ауыл тұрғындары сәйкесінше – 649612, 647099.

Облыста мәдениеті, тұрмысы мен тілі әр түрлі Азия мен Еуропаның үлкен және шағын 105-тен астам халқы тұрады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі мақсаты адам дамуы, экологияны жақсарту, экономиканы көтеруге бағытталған тұрақты дамумен қамтамасыз ету болып саналады. Ал бұған аймақтың индустриалдық-инновациялық дамуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы мен нақты табысын көтеру арқылы қол жеткізуге болады.


І. Балалардың негізгі демографиялық сипаттамалары
Кез келген елдің тұрақты және қауіпсіз дамуы тек қана саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үрдістер динамикасына ғана байланысты емес, сонымен қатар, дамудың факторы мен мақсаты болып саналатын ел тұрғындарының демографиялық даму динамикасына да байланысты. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында «Ұлттық қауіпсіздіктің жетекші басымдықтарында мықты демографиялық және көші-қон саясаты болуы тиіс» деген міндетін қойды.

Біздің облыс тұрғындарының төрттен бір бөлігінен астамы – балалар. Статистика департаментінің мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылы 18 жасқа дейінгі балалар саны 372362 адамды құрайды, 2008 жылы 377325 адам болған. Облыста 396390 бала тұрған 2006 жылмен салыстырғанда бала саны 2009 жылғы 1 қаңтарда 24028 адамға немесе 6% азайған.



Облыс қалаларында 2009 жылы барлығы 184565 бала тұрған, 2008 жылы – 184987 бала, яғни өткен жылмен салыстырғанда 422 балаға азайған. Ауылдық жерлерде де бала санының 4541 адамға төмендеуі байқалады, 2008 жылы 192338 бала болса, 2009 жылы – 187797 бала.

Бала санының жалпы төмендеуімен қатар, мектеп жасына дейінгі балалар санының азаюы да байқалады. 2009 жылғы 1 қаңтарда мектеп жасына дейінгі балалар саны 107681 адамды құраса, 2008 жылы 113944 бала болған.

Бұл үрдістің пайда болуы тұрғындардың облыс сыртына көшіп-қонуы және нәрестелер мен балалар өлімі сияқты әр түрлі себептермен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, демографиялық саясатта жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар, әсіресе бала тууды ынталандыру шаралары қазіргі уақытта бала туудың өсуіне әкелгенін байқатты. Облыс бойынша 2009 жылы дүниеге келген балалар саны – 20903 (2008 жылы – 20159), оның ішінде қала тұрғындары -12351 (2008 ж.- 11619), ауыл тұрғындары - 8552 (2008 ж.- 8540). Демек, 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 744 балаға көп туылған.

Елбасы өзінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында 2020 жылға халық санын 10% көтеруді басты міндеттердің бірі етіп қойды, сондықтан мүдделі органдар нақты іс-шаралар қабылдауы тиіс. Атап айтқанда, тұрғындардың өлімін қысқарту қажет және демография саласында тиісті мемлекеттік саясатты жүргізу арқылы бала тууды ынталандыруды жалғастыру қажет, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесін қолдай отырып ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша шаралар қабылданды.



ІІ. Ана мен бала денсаулығы
Ана мен бала денсаулығын қорғау, ауруды, ана мен бала өлімін азайту, дені сау ұрпақты дүниеге келтіру – медициналық, әлеуметтік, мемлекеттік маңызы бар мәселелер.

1. Ана, нәресте және бала өлімі, оларды төмендетудің шұғыл шаралары

Соңғы жылдары ана мен бала денсаулығының нашарлауы, нәресте өлімі деңгейінің өсуі өзекті мәселе болып табылады. 2009 жылдың 12 айына облыс бойынша нәресте өлімінің 1000 тірі туылғандарға шаққандағы көрсеткіші 22,7 (республикалық көрсеткіш – 18,4), 2008 жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіші - 22,1 болған. Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталды патология, туа біткен аномалия, тыныс алу мүшелерінің аурулары, қолайсыз жағдайлар мен жарақаттар болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 2009 жылдың 12 айында 2008 жылдың осы мерзіміне қарағанда 21,0-ден 29,6-ға өсті.

2009 жылдың 12 айына 0-5 жас аралығындағы бала өлімінің 1000 тірі туылғандарға шаққандағы көрсеткіші – 25,3, ал 2008 жылы – 24,7 болған.

2005 жылдан бері ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтауға бағытталған нақты іс-шаралар белгіленіп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шығыс Қазақстан облысында аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен келісілді. Сонымен қатар, облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ана мен нәресте өлімінің көрсеткішін төмендету үшін шұғыл шара қолдануға облыстық штаб құрылды және жұмыс атқарылуда. Облыста халықтың ұрпақты болу жасындағы денсаулығын жақсартуға барлық шаралар қолданып, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмек жетілдірілуде.

Өскемен қаласындағы облыстық ана мен бала Орталығы ана мен нәресте өлімін төмендету мақсатында құрылған, жүкті әйел, нәрестелер мен балаларға арнайы медициналық көмекті сапалы көрсетуді жоғарылататын облыстағы ең ірі емдеу мекемесі. Бүгінгі күнде Орталықта нәрестелерге барлық жағдай жасалған: туу бөлмелері, ауырып қалған нәрестелерді күту бөлмелері «Ана қауіпсіздігі» қағидаларына сәйкес келеді.

Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғарылату мақсатында 2009 жылы акушер-гинеколог, нефролог, балаларды оңалту мен қарқынды терапия бойынша көшпелі циклдар өткізілді. Акушерлік пен гинекология (Ана қауіпсізсіздігі), балалар мен нәрестелерді оңалту бойынша республикалық мамандардың, профессорлар мен американдық бағдарлама үйлестірушілерінің қатысуымен мастер-класстар өткізді.

Нәресте мен балалар өлімінің және аурулардың құрылымына әсер ететін облыс үшін медициналық-әлеуметтік және экономикалық маңызы бар ең басты мәселенің бірі – ауыр металлдар және олардың қосындыларымен қоршаған ортаның ластануы.



Сонымен, облыста болып жатқан демографиялық үрдістерді талдау ана мен бала денсаулығының нашарлауы нәресте мен ана өлімінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдейді, сондықтан ауруларға мониторинг жасау қажет. Тек осындай мониторинг ана мен бала ауруларының пайда болу себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жүктілерді босануға дейінгі қадағалайтын барлық мекемелерде жүктілік кезінде «Ана қауіпсіздігі» қағидасын енгізуді, жүктілерді «Үрейсіз босану» және өзіне-өзі көмектесу қағидасымен оқытуды ұйымдастыру және облыстың барлық өңірінде дені сау бала кабинетін ұйымдастырып, оларды жедел көмек көрсетуге арналған жабдықтармен жабдықтау қажет.

2. Ана денсаулығы, отбасын жоспарлау және ана сүтімен тамақтандыру

Шығыс Қазақстан облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінде (бұдан әрі – ЕСМ) ана мен бала денсаулығын сақтауға, отбасын жоспарлау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Облыстың барлық аудандарында отбасын жоспарлау әлеуметтік және медициналық көрсетулері бар жағдайда жүктілікті тоқтату бойынша медициналық көмек көрсету мен кеңес беру жүйесі өңделді, жасанды түсік, оның ішінде криминалдық түсіктен ана өліміне жол бермеу мақсатында үлкен мерзімді жүктілікті тоқтату бойынша мекемелер анықталды. Ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен жасанды түсіктердің алдын-алу жұмыстары, әсіресе жастар арасында, жүргізіледі. 2009 жылы облыс бойынша 15660 жасанды түсік тіркелген (2008 жылы – 16630).

Облыстың ЕСМ жас аналар үшін 61 мектеп, 40 отбасын жоспарлау кабинеті, онда 27983 жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер оқудан өтті, ерлер мен әйелдер арасында 15 тренинг-семинарлар, оның 10-ы ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен отбасын жоспарлау мәселелері бойынша өтікізілді.

Өскемен қаласында Ана және бала орталығында және Семей қаласында әйелдерге кеңесінде отбасын жоспарлау кабинеттері жұмыс істейді. Отбасын жоспарлау сұрақтары ақысыз медициналық көмек аясында кепілді көлемде алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне жүктелген, емделуші немесе ерлі-зайыптылар өз учаскелік дәрігерінен (гинекологына) сақталу түрлері, контрацепция туралы ақпарат, олардың жағымды және жағымсыз жақтары, қолдану тәртіптері, жанама әсерлері туралы мағлұмат ала алады.

Салауатты өмір салтын құру мамандары басқа мамандармен (акушер-гинекологтар, педиатрлар, наркологтар, венерологтар, ЖҚТБ орталығының мамандары) бірлесе отырып, ұрпақты болу жасындағылардың денсаулығын сақтау мен отбасын жоспарлау, (ИППП), АҚТҚ/ЖҚТБ, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын-алу, жоспарланбаған жүктілік сұрақтары бойынша колледждер, кәсіптік-лицейлер, жалпы білім беретін мектептерде 7-11 сынып оқушылары, Өскемен мен Семей қалаларының ЖОО студенттері арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 31 желтоқсанындағы № 708 «Омыраумен тамақтандыруды қорғау, қолдау көрсету және мадақтаудың кейбір сұрақтары туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, облыстың барлық балалар мен перзентхана мекемелерінде нәресте мен ананың бірге болуына мүмкіншілік жасалынып, омыраумен тамақтандыру бойынша кеңес берулер мен іс-шаралар жүргізілді. Семей қаласының Перинаталдық орталығының және Өскемен қаласыныдағы Ана мен бала орталығының штатына дәрігер-лактолог, акушер, ана сүтімен тамақтандыруды қорғау, қолдау көрсету және мадақтау қызметтерін орындайтын жауапты мамандар лауазымы енгізілді.

Перзентхана мекемелерінде медициналық көмек көрсету сапасын көтеру мақсатында, тәуекел топтары әйелдерін тұрақты түрде контрацептивтермен қамтамасыз ету үшін қазіргі заманға сай ақпараттық және медициналық (диагностика мен емдеудің эндоскопикалық, доплерографикалық әдістері) технологиясын енгізу қажет.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында нәрестелерді ана сүтімен тамақтандыру – 75,2 % (2008 жылы – 62,0%) қамтыды.

2009 жылдың 1–7 қараша аралығында облыста «Ана сүтімен тамақтандыру – салауат кепілдігі» ұранымен «Халықаралық ана сүтімен тамақтандыру аптасы» өткізілді, оны өткізу кезінде ана сүтімен тамақтандыру бойынша медперсоналдың жұмысы белсендірілді.

Өскемен мен Семей қалаларының медицина колледждерінің бағдарламасына, акушерлердің біліктілігін көтеру курстарына ана сүтімен тамақтандыруды оқыту тақырыптары енгізілген.

Әйелдердің отбасын жоспарлауда сапалы көмекке қолы жетімді болса, оларға жүктілік және босану кезінде білікті медициналық көмек, босанғаннан кейінгі кезде дұрыс күтім көрсетілсе көптеген ана өлімінің алдын алуға болар еді. Денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы әйел өмірін қорғаудың кілті болып табылады. Ол үшін, отбасын жоспарлау және жасырын түсіктерді төмендету бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіруді, санитарлық-ағарту жұмыстарын және «тәуекел топтармен» жұмыс жасауды қамтамасыз ету; жыныс жолымен берілетін жұқпаларды, сондай-ақ АҚТҚ-жұқпаларының трансмиссиялық берілуін алдын алуды жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз ету қажет.


3. Баланың ерте дамуы

Баланың ерте жастан қауіпсіз, толыққанды және үйлесімді дамуы ата-аналар, отбасы мүшелері мен медициналық қызметкерлер арасындағы денсаулық сақтау және баланың ерте дамуын ынталандыру мәселелеріндегі білім мен дағдыға байланысты.

2009 жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 461 595 (2008 жылы – 449 129) аурулар тіркелді, жалпы аурулар көрсеткіші 164 928,9 және сәйкесінше 158954,9 құрады. Олардың ішінде жұқпалы-паразитті аурулар 2009 жылы – 3665,5 (2008 жылы-5730,1).

Аурулар деңгейіне және балалар өліміне әсер ететін жасырын аштық – өмірге маңызды минералдар мен дәрумендер жетіспеушілігі. Анемиямен диспансерлік тіркеуде тұрған балалар саны 2009 жылы – 10409, 2008 жылы 10441. Балаларды теміртапшылығы анемиясынан емханалық емдеуге 2009 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді: «1 жасқа дейінгі балаларға» – 1839,6 мың теңге, «1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға» – 5957,6 мың теңге, «Диспансерлік тіркеуде тұрған, жасөспірім балаларға» – 20759,1 мың теңге.

Ерте жастағы балалардың тірі қалуына өте қауіпті вакцинобасқарғыш ауруларға қарсы иммунизациямен қамтамасыз ету керек, ол қазір Қазақстанда толығымен мемлекет бюджетінің қаражаты арқылы жүзеге асырылуда.

Облыста ана мен бала өлімін төмендетуге өңірлік бағдарламаны бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылдан бастап Семей және Өскемен қалаларында БДҰ сертификатталған ұлттық жаттықтырушылардың қатысуымен потранажды медбикелер және балалар дәрігерлеріне арналған балалардың ерте дамуы курсы бойынша ұлттық және жергілікті жаттықтырушыларды дайындау семинары өткізілуде. Шығыс Қазақстан облысы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қоры өткізетін бұл іс-шара Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ келісімін жүзеге асыру жоспарын іске асыру аясында жүргізілуде. Семинарлар өткізетін базалар дайындалды, Семей қалсында №1 АДСК орталығы және № 12 ОДА базасында ерте жастағы балаларды дамыту бойынша жаттықтыру орталықтыры ашылды. Баланың ерте жастан даму бағдарламасын енгізуге өңірлік үйлестірушілер анықталды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты балаларға және олардың аналарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, ұлттық жаттықтырушыларды дайындау, оқу базасын құру болып табылады. Баланың ерте жастан дамуы туралы алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануда, сондай-ақ, Семей қаласының медициналық колледжі мен университетінің оқу бағдарламасына қосылды.

Облыстағы ЕСМ баланың ерте жастан дамуына психофизикалық дамыту скринингін сапалы және дер кезінде өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Балалардың психофизикалық артта қалушылық қатері анықталған жағдайда, түзетіп дамыту көмегін және оқу сұрақтарын шешуге көмек көрсету үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жібереді. Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында дені сау балалар кабинеті желісін кеңейтуде, бұл балалардың ерте жастан бұзылуын дер кезінде табу жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Қазргі уақытта облыста 118 дені сау балалар кабинеті жұмыс істейді, жылдың басында 19 кабинет жұмыс істеген.

2010 жылы балалардың иммунизациясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 «Профилактикалық егуге қарсы өткізетін аурулар тізбесін бекіту, жоспарлы егуге жататын топты өткізу ережесі туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 «Жұқпалы ауруларға қарсы тұрғындарды вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында облыста балаларды белгіленген жұқпалы ауруларға қарсы алдын-алу жөніндегі шараларды өткізуді қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде, иммунобиологиялық препараттар мен вакциналар қажеттілігі есептелуде, иммунопрофилактикамен айналысатын медициналық жұмысшыларды дайындауға семинарлар ұйымдастырылып жүргізілді.

Балаларды алдын-ала егуді уақытында қамтуды қадағалау жүзеге асырылуда. 2009 жылдың 5-9 қазаны кезеңінде 8-14 жастағы балаларға қызылшаға қарсы Ұлттық науқан иммунизациясы өткізілді, барлығы 106 000 адам егілді, ол 99,8% құрады.

Алдын-ала егуді кеңінен жүргізудің арқасында облыста өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда белгілі бір жұқпалы ауру қауіпі жоқтығына қол жеткізілді. 2009 жылы балалар ауруларының бірқатар тұрақтылық жағдайы қамтамасыз етілді. Листериоза, туляремия жұқпалы аурулары тіркелмеген. «Иммунопрофилактика» кешендік мемлекеттік бағдарламасының жүргізілуі арқасында балалардың жұқпалы аурулары біршама жағдайға дейін төмендеді, немесе болған жоқ. Демалыс базаларында, жазғы сауықтыру мекемелерінде, ұйымдастырылған балалар ұжымдарында қоғамдық тамақпен байланысты мекемелерде жұқпалы аурулар топтап кездестін жағдайлар тіркелмеген.

Облыстағы балаларға медициналық қызмет көрсету кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында іске асырылады.

Балаларға стационарлық көмек көрсететін 2 мемлекеттік балалар емханасы бар, Ана мен бала орталығы, Семей қаласындағы жекеше балалар емханасы және облыстағы емханалар мекемелерінде мамандандырылған балаларды емдейтін 68 бөлімшелер бар. Облыстағы балаларды емдеуге арналған барлық орын – 1753 (2008 ж. – 1752), олардың ішінде мемлекеттік – 1579, жеке меншіктегі мекемелер – 174, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге өзгеше көмек көрсететін, туберкулез ауруы – 120 орын. Балалар туберкулез жұқпалы аурулар ортасын алдын ала емдеуге арналған 195 орындық 2 туберкулезге қарсы шипажай бар.

Облыс орталығында 4 балалар емханасы жұмыс істейді: «Ана мен бала орталығы» КМҚК, «№ 1 балалар емханасы» КМҚК, «№ 2 балалар емханасы» КМҚК және «Балалар тіс емханалары» КМҚК.

Сонымен қатар, облыстағы алғашқы дәргерлік-санитарлық көмек көрсету орталықтарында, аралас типтес емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда, медициналық бірлестіктердің кеңес беру-диагностикалық орталықтарда балаларға амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіледі.

Облыс бойынша балаларға амбулаторлық көмек көрсететін мемлекеттік және жеке меншіктегі емделу алдын-алу ұйымдарында 208 бала емдеу кабинеті, 29 жасөспірімдер кабинеті жұмыс істеуде.

Ана мен бала орталығы жанындағы кеңес беру-диагностикалық емханасында балаларды әр түрлі маман дәрігерлер қабылдайтын 52 кабинет жұмыс істеуде, операция жасайтын кабинеттер жабдықталған, науқастарды оңалту кабинетіне күндіз болуға арналған төсектер және жүзу бассейні қойылды. Кеңес беру-диагностикалық емхананың жұмыс істеуіне, бір ауысымда 500 адам келуге арналған, жаңа заманға лайық жабдықталған: сандық рентген аппараты, толық датчиктерімен УДЗ аппараты алынды, балалар көз жанарын қорғайтын кабинетімен офтальмологиялық амбулаторлық-емханалық орталық ұйымдастырылды, ол жерде амбулаторлық деңгейде, мектептегі сабақтарынан қол үзбей көз жанары нашарлағанда (миопия, аккомодация спазмасында, амблиопия) аппараттық ем қабылдауға болады. 2006 жылдан бастап балаларға арнайы көмек көрсетуге арналған балалар нейрохирургия бөлімі жұмыс істеуде, 2007 жылы балалар аллергологиялық бөлімі ашылды.

Бронх демікпесімен ауыратын балаларға «Бронх демікпесімен ауыратындар мектебі», қант диабетімен ауыратын балаларға «Диабет мектебі» жұмыс істейді, мұнда балалар уақытылы оқиды, ал ата-аналар кеңес беру көмегін алады.

Балаларға сурдологиялық көмек көрсету үшін облыста 4 сурдологиялық кабинет жұмыс істейді, оның ішінде 3 кабинет балаларға сурдологиялық көмек көрсетеді: Семей қаласының «Семей кеңес беру-диагностикалық орталығы» КМҚК, Өскемен қаласында «Ана мен бала орталығы» КМҚК және «ШҚО медициналық бірлестігі» КМҚК диагностикалық орталығында.

Облыс балаларына квота бойынша Республикалық емханаларда сала бойынша жоғары мамандандырылған көмектер көрсетіледі.

Облыстағы балаларға шұғыл түрде көмек көрсетуге «ШҚО медициналық бірлестігі» КМҚК жанындағы санитарлық әуе-жай қызметі жұмыс атқарады. Семей қаласында 2005 жылдан бастап санитарлық әуе-жай филиалы жұмыс істейді.

Жылдан жылға перзентханалар мен балалар ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайлары жақсарып келеді. Балалар емханаларының жабдықталуы – 72,3 % (2008 жылы – 73,2%), жабдықталуының төмендеуі медициналық жабдықтардың көптеп тозуы мен есептен шығуына байланысты болуда.

Облыста (басқа ведомстволармен қоса) педиатр-дәрігерлердің саны – 491 адам (2008 ж. барлық ведомстволармен қоса – 451), соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары бойынша – 457 (2008 ж. – 449). 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында балаларға медициналық көмекті басқа маман дәрігерлерін қоса (хирургтар, невропатологтар және т.б.) 582 дәрігер көрсетеді, соның ішінде жекеменшік құрылымдарда – 94. Облыста жасөспірімдерге (14-18 жастағы балалар) медициналық қызметті 30 дәрігер, жекеменшік құрылымдарда – 7 дәрігер қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау ұйымдары кадр құрамының талдауы облыста дәрігер-педиатр, санаулы маман-аллергологтар, эндокринологтар, оториноларингологтар, гастроэнтерологтар, офтальмологтардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Осыған байланысты балалар емдеу-алдын-алу ұйымдарын медициналық кадрлармен жиынтықтау қажет.

2009 жылы 1-18 жас аралығындағы балаларға алдын-ала тексеру жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 323748 бала мен жасөспірім тексерілуге тиісті (2008 жылы – 333248 бала), оның ішінде 25774 бала, 65974 жасөспірім. Осы мақсатпен жергілікті бюджеттен 113 176,86 мың теңге қарастырылды, орындалғаны – 113 176,9 мың теңге (осы мақсатпен 2008 жылы – 100 124,9 мың теңге қарастырылды, 2009 жылдың 1 қаңтарында орындалғаны – 100 065,4 мың теңге).

2009 жылы 324024 бала немесе жылдық жоспардан 100 %, 2008 жылы – 333966 (100,2 %), соның ішінде 257897(100,1%) бала және 66127 (100,2%) жас-өспірім тексерілді. Тексерілген балалардың ішінен 2008 жылға қарағанда (24,8 %) 2009 жылы 28,8 %-ға дейін науқастардың анықталғаны жақсарды, 2009 жылы анықталғаны - 93407 науқас (2008 жылы-82757). Анықталғандардан 52007 (55,7 %), (2008 жылы-48507, немесе 58,6 %) бала мен жасөспірім сауықтырылды. Тексерілген балалардың ішінен 52783 (16,3 %) 2008 жылы – 50893 (15,2 %) диспансерлік есепке алынды.

Алдын-ала медициналық тексеру жүргізу кезінде анықталған аурулардың арасында ас қорыту мүшелерінің ауруы – бұл негізінен тісжегісі (24,1%); қан және қан түзілу ағзаларының ауруы (11,6%) – темір жетіспеушілік анемиясы, сүйек-бұлшық ет жүйесі (негізінен жасөспірімдердегі остеохондроз, мектеп жасындағы балалардағы сколиоз және мүсіннің бұзылуы (10,8%), демалу мүшелерінің аурулары (9,9 %), көз және оның қосалқы аппаратының аурулары (9,2 %), соның ішінде көздің көру қабілетінің төмендеуі (9,0 %), жүйке жүйесі ауруларының (9,2%) пайыз басым болады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша диспансерлік есепте 57182 бала тұр, соның ішінде психикалық және мінез-құлқының бұзылуы – 3917, ішімдік тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлықтың бұзылу – 24, психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан болған – 45. Жүйке жүйесінің ауруларымен 6169, эндокринологиялық, тамақтану мен зат алмасудың бұзылулары ауруымен – 4177, соның ішінде қант диабетімен – 119, семірумен – 673, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларымен – 826 бала есепте тұр.

2009 жылдың ішінде балалардағы бастапқы ауруы 100 мың тұрғынға шаққанда 128465,1 құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылғы балалар ауруы 4,1 пайызға арттырады (2008 ж. - 123396,4). Аурулардың өсуіне жүргізілген медициналық тексерудің сапасы әсер еткен.

Балалар ауруларының арасында 1-орында: тыныс алу мүшелерінің ауруы – 81610,3 (2008 ж. – 74533,9), тері және тері шелмайының ауруы - 7335,5 (2008 ж. - 7697,4), ас қорыту мүшелерінің ауруы - 6401,4 (2008 ж. - 6526,4). Одан кейін: қан және қан түзілу мүшелерінің ауруы - 4397,6 (2008 ж. - 3953,7), жарақаттану және улану - 4354,8 (4524,5), көз және оның қосалқы аппаратының аурулары - 3626,2 (2008 ж. - 4035,2).

2008 жылмен салыстырғанда көз және оның қосалқы аппаратының ауруы 10,1 пайызға, тері және тері шелмайының ауруы 4,7 пайызға, жарақаттану және улану 3,7 пайызға, ас қорыту мүшелерінің ауруы 1,9 пайызға төмендеген.

Созылмалы ауруларды амбулаторлық емдеу кезінде бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге 2009 жылы жергілікті бюджеттен 80 197 мың теңге қарастырылды, бұл 2008 жылғы сомадан 6,2 пайызға артық (75511 мың теңге), жылдық жоспардың 2010 жылдың 1 қаңтарда орындалуы -100 %.

12-17 жас аралығындағы балаларды алдын-ала тексергенде физикалық дамуы төмен (3 центилиден төмен) деңгейдегі 8758 бала табылды, тексерілгендер санының 8,3 % құрады.

2009 жылдың басында 1 жасқа дейін балалар саны -21103 бала. 2008 жылы -19885 бала. 2009 жылы 1 жасқа дейінгі балаларды құрғақсүтпен және қышқылсүт қоспаларымен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттен қарастырылды және 2010 жылдың 1 қаңтарында – 81966,9 мың теңгеге (2008 жылы 70 258,7 мың теңге) орындалды.

Облыста 5 жасқа дейінгі балалар саны - 100726 (2008 жылы -95854), дәрі-дәрмекпен емделуге мұқтаждар – 56 393 (2008 жылы-54 554) оның ішінде өкпе қабынуы – 1059, тыныс жолының қабынуы – 1189, тумау тию аурулары – 38 350, фарингит – 6264, теміржетіспеушілік анемиясы – 7908, іші өту ауруы - 954, энтеробиоз- 669. 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық емделу деңгейінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бекітілген тізімге сәйкес жергілікті бюджеттен, 2009 жылы -38 957 мың теңге, 2009 жылда 12 ай ішінде -100 % жетілді. 5 жасқа дейінгі ем алған балалар саны – 56393 (2008 жылы-54 554).



Келешекте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жеңілдікпен бөлінетін дәрі-дәрмекті тиімді пайдалану мониторингін жүргізуді жетілдіру қажет.

Ана мен баланы қорғауды жақсарту үшін балалар және перзентханалық ұйымдар медициналық жабдықтар және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз етіліп ең төмен нормативке жеткізілді. 2009 жылға республикалық трансферт мақсатында 296,8 млн.теңге қарастырылды және қолданылды.

Жергілікті бюджеттен балалар мен перзентхана ұйымдарын медициналық жабдықтар мен медицинаға арналған бұйымдармен жабдықтауға белгіленген жоспар нормативіне сәйкес 50,4 млн. теңге (2008 жылы 74,1 млн.теңге) қарастырылды. 2010 жылдың 1 қаңтарына орындалуы 99,9 % болды.

Балалар денсаулығын қорғауға кепілденген көлем аясында тегін медициналық көмекке 2008 жылы 845,5 млн. теңге, 2009 жылы 974,3 млн.теңге аударылды. 2009 жылы 15,2 % қаржыландырудың өсуі байқалды.

Болашақ аналардың денсаулығын нығайту мақсатында жүкті әйелдерді құрамында темір-йоды бар препараттармен 80,0 млн.теңгеге қамтамасыз етілді, яғни 2008 жылғы сомадан 8,5 пайызға артық (73 ,8 млн.теңге), 1 қаңтардағы орындалғаны -100 %.

Медициналық қызмет сапасын жоғарылатудың бір тетігі – денсаулық сақтау нысандарының жағдайын жақсарту. Денсаулық сақтаудың 6 нысанына күрделі жөндеу жоспарланған, соның ішінде республикалық бюджеттен 1 нысанда («Ана және бала орталығы» КМҚК).

2009 жылы күрделі жөндеуге барлығы 378 236,7 мың теңге жіберілді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 23,7 млн.теңге (орындалуы - 100%), жергілікті бюжеттен – 354,6 млн. теңге, орындалуы –100 %.

2008 жылы жергілікті бюджеттен балалар мекемелерін материалдық техникалық жабдықтауға қаржы бөлінген жоқ, 2009 жылы 23,9 млн.теңге бөлінді. Бұл мақсатқа 2008 жылы республикалық бюджеттен 90,1 млн.теңге, 2009 жылы -70,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

2009 жылы денсаулық сақтау саласының ресурстарды басқару және менеджмент сұрақтары бойынша кадрларды қайта дайындауға 2009 жылы 3,9 млн. теңге қарастырылды, 17,7 млн. теңгеге 14 маман оқытылды.   

Қазіргі заманғы жағдайда аурудың алдын алуға үлкен көңіл бөлу қажеттігін, халықты салауатты өмір салтына бағыттау керектігін айта кеткен жөн. Асқынған ауруды емдегенше, адам ағзасы үшін алдын-алу әрқашанда қолайлы.

Елбасымыз атап өткендей денсаулық сақтау жүйесінің келесі реформасы, негізгі стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталу керек. Медицина қызметкерлері алдына қойылған міндет халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету.



ІІІ. Білім беру, тәрбиелеу және балаларды дамыту
Қазіргі заманғы әлемде білім беру қоғамды, мемлекетті тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесі мемлекеттік билікті мықты ұстау және жоғары дамыған экономика құру үшін құрал ретінде қызмет етуі қажет. Қазақстан еліне бүгінгі таңда және әрқашан сауатты, білімді, өмірлік стратегия жүйесін және гуманистикалық құндылықтарды білетін, өміртіршіліктің әр түрлі саласында жетістікпен бағдарланатын азаматтар қажет. Бұған білім беру саясатының барлық субъектерінің рөлін күшейту, олардың өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу саласындағы өзара әрекеттері мен өзара жауапкершіліктері арқылы қол жеткізуге болады.

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту білім беру саласындағы қызметтердің басымды бағыттарының бірі, жеке басты рухани-адамгершілік тәрбиелеудің базалық кезеңі болып табылады. Жергілікті атқару органдарының міндеті – мектепке дейінгі білім беруді барынша қолжетімді ету, әсіресе, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін бұдан әрі дамыту стратегиясы барлық келесі өмір ағымында қарқынды дамумен қамтамасыз ететін, баланы мектепке дейінгі кезеңде интеллектуалдық, дене тәрбиесін дамыту үшін тең бастау болатын жағдайды қамтамасыз ету – осы білім беру деңгейінің маңызды ұстанымымен анықталған.

Оқытудың алғашқы баспалдағында тең бастау алған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлеміз. Осы мақсатта облыста 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34189 баланы қамтитын 116 балалар бақшасы, 14094 баланы қамтитын 675 шағын-орталықтар жұмыс істеуде, ол өткен жылмен салыстырғанда 8 балалар бақшасына (735 орын) және 216 шағын-орталықтарға көбейген.

Облыста соңғы 4 жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 31 бірлікке көбейді (2006ж. - 85, 2007ж. -100, 2008ж. - 108).




Мектепке дейінгі мекемелердің басым мөлшері Өскемен қаласында - 30, Семей қаласында – 15, Риддер қаласында – 9, аз мөлшері Бесқарағай ауданында -1, Абай, Аягөз, Жарма аудандарында екіден.

Облыста мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 58,8 % (34189 бала), 2006 жылмен салыстырғанда (32,8%) 26% өсті.




Балаларды балалар бақшасымен қамтудың біршама пайызы қалалық жерлерде – 58,7 % жүзеге асырылуда: Курчатов қаласында – 60,7 %, Өскемен қаласы – 59,6 % Риддер қаласында 53,0%, ауылды жерлер мектепке дейінгі тәрбиелеумен 21,1% қамтылған, ең жоғары қамтылған Бородулиха ауданында – 78,2 %, Шемонайха ауданында 72,1 %, Ұлан ауданында – 66,4 %, Зайсан ауданында – 62,4 %, Үржар ауданында – 60,6 %.

Облыста балалар бақшасының 35 ғимараты қалпына келтірілді Өскемен, Семей қалаларында, Күршім, Зырян, Ұлан, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Аягөз аудандарында, шаруа қожалықтарының Басшылары 7 ғимаратты қайтарды, олар Шемонайха ауданынан В.И. Акулов, Н.Н. Воробьев, Ұлан ауданынан В.Г. Воропай, А.Б. Барков, Тарбағатай ауданында жеке кәсіпкер Н.К. Абдрахманов, Семей қаласында Қазақмыс кәсіпорнымен жеке балалар бақшасы ашылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін және қазақ тілінде тәрбиелеу және оқыту топтарын кеңейтуде жағымды алға жылжулар байқалды, яғни 2006 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар саны 15, аралас ұйымдар 10 бірлікке көбейді. 2009 жылы қазақ тілінде тәрбие беретін балалар бақшасының саны 32, аралас мектепке дейінгі мекемелер 34 құрайды, балаларды қамту 3300 балаға өсті.

Мектепке дейінгі білім беруді ұстауға жіберілген шығын 480 млн. теңгеге дейін жеткізілді, ол балалар бақшасында ұстауға ата-аналық төлемді қалалық жерлерде 12-15 мың теңгеден 7700 теңгеге дейін, ауылдық жерлерде 5-6 мың теңгеден 2-4 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы мектепке дейінгі тәрбиелеудің қолжетімдігін төмендетеді және оқудың орта және жоғары баспалдақтарында оқушылардың білім сапасының салдарына жағымсыз әсер етеді.

Ерекше маңызды мәселе облыстың балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарында орынға қажеттіліктерді қанағаттандыу болып қалады. Сонымен, 2009 жылы тек Өскемен қаласында екі жастан бес жасқа дейінгі 2 мыңға жуық бала, ал облыс бойынша 17 мыңға жуық бала балалар бақшасына орынға кезекте тұр. Қалалардағы балалар бақшасындағы топтардың шектен тыс орналасуы өзекті мәселе болып қалуда.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін орта мерзімді (2010) және ұзақ мерзімді (2015 жылға дейін) шаралар белгіленді.

2009 жылғы 15 желтоқсанда 465 орындық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, соның ішінде Абай ауданында 50 орынға «Балбөбек» балалар бақшасы, Өскемен қаласындағы қолданыстағы «Арман» балалар бақшасына қосымша 180 орынға қосымша топтар және 235 орынға шағын-орталықтар ашылды.

2010 жылы «Нұр Отан» ХДП платформасы бойынша Жарма ауданында 140 орындық 1 балалар бақшасын салу, Зырян қаласында 280 орындық «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша балалар бақшасын салу жоспарлануда. Мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 640 орындық 3 мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады, соның ішінде Өскемен қаласында 560 орындық 2 балалар бақшасы (280 орынға «Казмырыш» АҚ, 280 орынға «Казатомпром» АҚ), Глубокий ауданында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 80 орындық 1 балалар бақшасы салынатын болады.

280 орындық 2 балалар бақшасы (бұрын жекешелендірілген), соның ішінде Шемонайха ауданында 140 орындық («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС), Жарма ауданында 140 орындық (Мұрағат орналасқан), Өскемен қаласында 2040 орындық (бұрын мемлекеттік құрылымдар орналасқан) 8 мектепке дейінгі мекемелер қайтарылатын болады.

Жалпы алғанда, 2015 жылға дейін облыс бойынша республикалық бюджет есебінен 7660 орындық 30 балалар бақшасын салу көзделіп отыр, жергілікті бюджет есебінен 1880 орындық 14 бақша, мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 730 орындық 7 бақша салу жоспарланған, 5025 орындық 20 балалар бақшасын қайтару және босату, 4505 орындық 79 шағын-орталықтарды ашу жоспарланып, жеке балалар бақшасын дамыту үшін 295 орындық 14 бақша ашылатын болады.

Осылайша, 2015 жылдың аяғына дейін 20327 орынға 162 мекеме қосымша ашылады. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту 93,2 % құрайтын болады.

Балалардың мектепке дейінгі мекемелер инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және қамтудың ұлғаюымен қатар, мектеп алдындағы жастағы балаларға қатысты мемлекеттің міндеттемелерін кеңейту бойынша нақты қадамдар алдын ала қабылданған болатын. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасау, олардың психологиялық-физикалық ерекшеліктеріне сәйкес мектеп алдындағы сыныптардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Облыста 5-6 жастағы 100 % бала жалпы білім беретін мектептер базасында мектеп алдындағы дайындықпен қамтылған.

Балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтуды арттыру және оларды мектепке дайындау кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерін құру мақсатында балалар бақшасын қайта жаңғырту, салу және шағын-орталықтар ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

2. Жалпы орта білім

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бір қағидасын іске асыру – тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білім беру қолжетімдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында 2009-2010 оқу жылдарында 181143 бала контингетімен 750 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеуде (2008-2009 оқу жылдарында – 187533 бала контингетімен 767 мектеп). Барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы білім беру стандарты орындалуда.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептермен қоса жаңа типтегі мектептер де жұмыс істейді: 22 лицейлер мен гимназиялар қызмет етуде, олардың 8-і ауылды жерлерде орналасқан (6 гимназия, 2 лицей). Элитарлық білім берумен қамтамасыз ету үшін 11 арнайы мамандандырылған мектептер, соның ішінде 2 қазақ-түрік лицейі, «Жас Ұлан» ерлер лицейі бар.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы туралы» тапсырмасын іске асыру үшін облыста 3 әртүрлі тілді мектептер жұмыс істейді: Өскемен қаласындағы № 17 ОМ, Семей қаласындағы № 5 ОМ, «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталығы. Облыстың бес мектебі (Өскемен, Аягөз, Семей қалаларында) ағылшын тілін ерте оқу бойынша экспериментке қатысуда. Мектептер Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастықтың арқасында білім беру үрдісінің оқу-әдістемелік қолдауын алуда. Мұнда келісім-шарт негізінде 24 шетел оқытушылары жұмыс істейді, олардың ағылшын тілін жедел оқытуы бүгінгі таңда ерекше талап етілген және құны жоқ. Эксперименттік сыныптардағы тілдік дайындықтың қорытындысы 82% оқушының лексикалық бірліктерді оңтайлы деңгейде игергендерін көрсетті.

Қазақстан Республикасында білім сапасына ұлттық жүйе енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеу түріндегі аттестациядан табысты өтеді. Тестілеуге 90% түлектер қатысты (11830-дың 10595). Өткен жылы көрсеткіш 87,0% құрады.

БҰТ мониторингінің нәтижесі бойынша 2009 жылғы түлектердің білім сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2008 жылмен салыстырғанда біршама жоғары. БҰТ бойынша орташа балл 74,8 баллды құрады (респ. көрсеткіш – 74,0 балл), бұл өткен жылғы нәтижеден 4,4 баллға жоғары.

Облыстың білім беру жүйесінің мәнді ерекшеліктерінің бірі көп мөлшердегі шағын комплектілі мектептер және олардың өсуінің басымдығы болып табылады. Олардың үлесі 80,4% құрайды. Оқушылар санының төмендеуінің жалғасуы нәтижесінде (2008 жылы 181 мың оқушы 187,5 мыңға қарсы) жалпы білім беретін мектептер санының азаю және шағын комплектілі мектептердің көбею басымдығы белгіленді. Ағымдағы оқу жылында 516 шағын комплектілі мектептерде 50 мыңнан астам бала (27%) және 8 мың мұғалімдер оқыды және жұмыс істеді. Шағын комплектілі мектептердің жалпы контингентінің шамамен 90 % Катон-Қарағай, Ұлан, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай аудандарында оқиды.

Шағын комплектілі мектептер бейімделген жайларда орналасқан, пәндерге арналған кабинеттер құруға мүмкіндіктері жоқ. Пәндер-мұғалімдері, әсіресе шет тіліне оқыту жүктемесі аз болғандықтан мектепті білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Сонымен 30 шағын комплектілі мектептерде 1,2 мыңнан астам бала ағылшын тілін оқымайды.

Оқушылардың білім сапасын көтерудің бір жолы әсіресе ауылды жерлердегі дарынды оқушылармен жұмысты жақсарту және мектепті салаландыру болып табылады. Бүгінгі таңда оқушылардың жалпы санынан тек 19 % оқушы әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мектептері мен сыныптарында оқиды. Деңгейін көтеру бағдарламасы бойынша қалалық жалпы білім беретін мектептерде 19,8% оқушы және 9 % ауыл оқушылары оқиды. Облыста тереңдету бағдарламасы бойынша барлығы 54 мектеп (7%) математиканы, 25 (3%) физиканы оқиды. Мұның нәтижесінде Өскемен мен Семейден басқа барлық қалалар мен аудандарда мектеп тәртібін тереңдетіп оқытудың 1 немесе 2 сыныбы бар. Ал химия, жан тану сияқты пәндерді, гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқыту мүлде жоқ, себебі мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің құлдырауынан ол пәндерді ешкім жүргізбейді.

Білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі әсіресе ауылдарда барынша өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта педагог кадрларға жалпы қажеттілік 342 адам мөлшерінде, ауылдық білім беру ұйымдары үшін 251 немесе 76%. Пән мұғалімдеріне қатысты физик, химик, бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді.

Оларды әлеуметтік қорғау мәселесі толғандырмай қоймайды, жас мамандарды бекіту. 2008-2009 оқу жылдарында облыс мектептеріне 467 жас мамандар келді, ауыл мектептерінің 137 жас мамандарына 11,4 млн.теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

Оқу жылының басында 118 мұғалімдерге, соның ішінде 113 жас мамандарға гранттар бөлінді және 35 635,8 теңге мөлшерінде көтерме ақы төленді. 17 жас мамандарға тұрғын үй, 68 жас мамандарға бағалы сыйлықтар берілді.



Ауылға жас мамандарды бекіту аудан және қала әкімдерінің ұстанымы мен мүдделеріне көп байланысты. Ведомстволық тұрғын үйлерді, үй алуға ипотекалық несие, көтерме ақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлерін қарастыру қажет.

12-жылдық оқуға көшуге байланысты педагог кадрларды дайындау және қайта даярлауды жетілдіру қажет.

Оқушы өзін құрметтейтін жағдайда оқуы, құрдастарымен толыққанды ортадағы қарым-қатынаста дамуға мүмкіндігінің болуы, салауатты өмір салтын ұстауы, өз денсаулығын сақтауы қажет.

Білім беру бюджетінің жағымды динамикалық өсуін атап айтқан жөн. Егер 2006 жылы бюджет 20,1 млрд.теңгені құраса, онда 2007 жылы – 28,2 млрд. теңгені, 2008 жылы – 35,5 млрд. теңгені, 2007 жылғы өсім 7,3 млрд. теңгені немесе 24,4 % құрады. 2009 жылғы бюджет 40,7 млрд.теңгені құрады, 2008 жылғы өсім 12,0% құрады. Бұл облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейтудің көптеген мәселелерін шешуге үлкен мүмкіндік береді.



2008 жылы 11 мектеп, 2009 жылы – 3 мектеп пайдалануға берілді. 2011 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көзделген жергілікті инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес, 30 нысанның құрылысы жоспарланды.

2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күрделі жөндеу және күшейту бойынша Өңірлік бағдарламаға сәйкес жергілікті бюджет есебінен 382 нысанға жөндеу жүргізілді, 2008 жылы – 158 нысан. Жол картасын іске асыру бойынша 2009 жылы 1,91 млрд. теңге сомасына 344 білім беру нысандары күрделі жөндеуден өкізілді, соның ішінде республикалық бюджеттен 1,37 млн.теңге.

Сонымен қатар, апаттық мектептер мәселесі шешілмей қалуда. Облыста 28 апаттық мектептер бар, оның 5 мектебінің (Жарма ауданының Үшбиік ауылында 250 орындық ОМ, Катон-Қарағай ауданының Үріл ауылында 320 орындық ОМ, Аягөз ауданының Ақши ауылында 180 орындық ОМ, Күршім ауданының, Теректі-Бұлақ ауылында 180 орындық ОМ, Зырян ауданының Снегирево ауылында 30 орындық ОМ) құрылысы жүргізілуде. Қалған мектептердің құрылысы 2014 жылғы дейінгі облысты дамытудың Стратегиялық жоспарына сәйкес жоспарланған.

Оқулықтармен қамтамасыз етуге 2007 жылы жергілікті бюджеттен 436,1 млн.теңге, 2008 жылы – 112 млн.теңге, 2009 жылы республикалық бюджеттен 441 млн.теңге бөлінді. Облыс бойынша 2009 жылы 1-11 сыныптарды оқулықтармен қамтамасыз ету пайызы 100% құрады.

Жалпы білім беретін мектептерде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасалынуда. Облыста 2005-2009 жылдары 362 мультимедиялық кабинет (5407 оқушылар жұмыс орындары), 356 физика кабинеті, 87 химия кабинеті, 106 биология кабинеті, 698 интерактивтік құрал жабдықтар бірлігі алынды. Жалпы білім беретін мектептерді мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау 45,3%, физика – 53,1%, химия – 13,3%, биология – 16,0% құрады. Облыста мектептер 100% компьютерленген. 2009 жылы барлық білім беру мекемелеріндегі компьютер қорында 15902 бірлік компьютерлік техника есептелді. Адам санына шаққандағы қатынас 2009 жылы 1 компьютерге 11,2 адамды құрайды (2008 жылы – 12,8 адам).

Білім беру мекемелерін жаһандық Интернет желісіне кезеңмен көшіру үрдісі жүзеге асырылуда. 2009 жылы 742 мектеп қосылып, ол жалпы мектептер санынан 98,9% құрады, соның ішінде 587 ауылдық, ол жалпы ауыл мектептерінен 99,3 % құрады.
3. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен тамақтануын ұйымдастыру

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған өзекті мәселелердің бірі балалардың денсаулық жағдайы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында 2009 жылы 0-ден 14-жасқа дейінгі балалардың жалпы науқасы 100 мың балалардан 461595 құрады.

Балалардың жақсы денсаулығы мен гармониялық дамуын қамтамасыз ету, балалардың созылмалы ауруларын төмендету жөніндегі жұмыстар балалардың ұтымды және теңгерімді ыстық тамақтарын ұйымдастырумен тығыз байланысты.

Облыста 2009 жылдың 15 желтоқсанына 742 мектептің 628 ыстық тамақ ұйымдастырылған, ол 84,6% құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22% -ға көп.

2010 жылдың 15 қаңтарына оқушылардың 56,3% ыстық тамақпен қамтылған, былтырғы оқу жылына қарағанда 10,6%-ға жоғары. Қалған балалар (43,7% ) оқыту барысында субъективті және объективті себептерге байланысты тамақтанбайды, бұл олардың сабақ үлгерімдері мен денсаулықтарына әсер етеді. Тегін тамақпен 51,3% (100908-ден 51718-і) оқушы қамтылған, олардың ішінде аз қамтылған отбасынан 71% (20260). Шығыс Қазақстан облысы ыстық тамақпен қамтуда республика бойынша 10-шы орында, ал тегін тамақпен қамтуда – 5-ші орында.

Рейтинг бойынша ең жоғары көрсеткіш Бородулиха (100%), Жарма (95%), Катон-Қарағай (81,9%), Ұлан (69,8%) аудандары. Ыстық тамақпен қамтудағы төменгі көрсеткіш - Курчатов қаласы (39,9% - тек бастауыш сыныптар), Семей қаласы (32,2%), Бесқарағай (31%) және Тарбағатай (32,6%) аудандары.

Барлығы бастауыш сыныптарда 65267 оқушы (2008 жылы - 66686), оның ішінде тегін тамақпен 40122 бала (2008 жылы - 25979), ол 61,5% құрайды, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 22,5%-ға жоғары.

Облыс әкімдігі жергілікті билік органдарына барлық бастауыш сынып оқушыларын бір жолғы ыстық тамақпен қамту бойынша міндет қойылды. Осы орайда мысалға Абай, Зайсан, Жарма, Катон-Қарағай, Бородулиха, Күршім, Шемонайха аудандарында және Риддер қаласында барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл мәселе Семей (184 бала- 1,3%) және Өскемен (910-8,7%) қалаларында шешілмеген.

Мектептегі тамақ мәселесін шешудегі қиындықтар, 742 мектептің 508-інде ғана асхана бар, 129 мектепте асхана бейімделген бөлмелерде орналасқан. Сондықтан, оқушыларды толық тамақпен ұйымдастыруға жағдай жасаудағы негізгі бағыттардың бірі асханаларды қалпына келтіру және жаңасын ашу, құрал-жабдықтар сатып алу. Соңғы 2 жылда облыс бойынша 13 мектеп асханасы қалпына келтірілген.

ШҚО санитарлық эпидемиологиялық қызметінің бақылауында 741 жалпы білім беру мектептер тұр. Оқушылардың тамақтарын ұйымдастыруын жақсарту мен бақылауды күшейту мақсатында ШҚО санитарлық эпидемиологиялық қызметі мен білім беру басқармасы іс-шара жоспарын жасады, онда мектептердегі астың сапасын және ас блоктардың материалдық базасын жақсарту бойынша іс-шаралар көзделген. Облыстың 127 мектебінде ас блоктардың материалдық базасы жақсартылып, жаңа технологиялық және тоңазытқыш жабдықтары алынды. Білім ұйымдарында пайдаланатын тағамдардың түрі жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықтарды есепке ала отырып санитарлық эпидемиологиялық қызметімен бекітіледі.



Оқушылардың тамақтану мәселесі бүгінгі күні өзекті болғандықтан, ескірген асхана блоктарының материалдық-техникалық базасын жаңа технологияны енгізе отырып жетілдіру және жаңарту қажеттілігі туындады.

Ыстық тамақты ұйымдастырудың баламалы түрін енгізу - ол үзілісті 30 минутқа дейін ұзарту арқылы үйде тамақтану назарға ұсынылды. Бұл осы мәселені шешуге қиындық туғызатын шағын комплектілі мектептерде ыңғайлы.

Осы мәселені шешуде демеушілік көмекті, жалға алушылардың, шаруа қожалықтардың қатысуы, қосымша бюджеттен тыс қаражатты жұмылдыру резерві бар. Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен тек «Туған жер - алтын бесігім» атты акциясы аясында кәсіпкерлермен тамақтануды ұйымдастыруға 60 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Мысалға, Шемонайха, Ұлан, Глубокое аудандарында оқушылардың ыстық тамағы шаруа қожалықтардың асханаларында ұйымдастырылған. Ұлан ауданында тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға Воропай, Барков шаруа қожалықтары, Зырян ауданында Чапаево, Соловьево, Лесная пристань ауылдарындағы шару қожалықтары көмектеседі.

Сонымен қатар облыстың 61 мектебінің қосалқы шаруашылығы бар. Мектеп тамағын арзандату мақсатында оқушылар бригадасының жұмысы жандандырылды. Жазғы уақытта қоймаға 800 гектардан артық жерден астық жиналды.

Мектеп тамағының мәселесін шешуге айтарлықтай көмек жалпы оқу қорынан бөлінеді, оның негізгі үлесі аз қамтылған отбасындағы балалардың тамағына қолданылады. Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға қаржы және материалдық көмек Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысының қаржы шығысы Ережесіне сәйкес, жалпы оқу қоры жергілікті орындаушы органдарымен бюджетте қарастырылған жалпы білім беру мектептеріндегі ағымдағы ұстау қаржысынан бір пайыздан кем емес шамасында көрсетіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың 2008 жылдың 1 желтоқсанындағы селекторлық отырысындағы тапсырмасы бойынша, 2009 жылдан бастап әлеуметтік қорғалмаған балаларға қаржыны үш пайыздан төмен емес көтеру қажеттігі айтылған. Білім басқармасының 2009 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген талдауы бойынша, Шығыс Қазақстан облысында бюджетпен қарастырылған «жалпы оқу қоры» 414,3% млн. теңге, яғни 2%. Дегенмен, нақты бөлінген қаржы 412,2 млн. теңге немесе 1,7%. Осыған байланысты жоғарыда айтылған тапсырма орындалмай отыр.

Жалпы оқу қорымен 2009 жылы барлығы 39535 бала, оның ішінде тамақпен 159,6 млн. теңгеге 18212 бала, киім-кешекпен - 64,9 млн. теңгеге 9717 бала, сауықтырумен - 27,1 млн. теңгеге 3094 бала қамтылған.


4. Тиісті мектептері жоқ елді мекендердің оқушыларын оқумен қамту

Жалпы білім беретін мектептері жоқ елді мекендердегі балалардың тасымалына ерекше көңіл бөлінеді. 3 шақырымнан алыс орналасқан және тиісті мектептері жоқ елді мекенді жердің саны 591, былтырғы жылға қарағанда елді мекенді жердің саны 6-ға кем. Онда 12843 мектеп жасындағы бала тұрады, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары 4530, 5-9 сыныпта - 6491, 10-11 сыныптарда - 1822.

Ешқандай мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 384, 2008 жылмен салыстырғанда 29-ға көп. Мектеп жасындағы балалардың саны 4786, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары - 1849, 5-9 сыныптарда - 2121, 10-11 сыныптарда - 816. Негізгі мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 87, 2008 жылға қарағанда 22-ге кем. Онда 2576 мектеп жасындағы бала тұрады. Орта мектебі жоқ елді мекенді жердің саны - 120, былтырғы жылға қарағанда 13-ке азайды. Мұнда мектеп жасындағы балалардың саны - 5481.

Тиісті мектептері жоқ елді мекенді жердің балаларын тасымалдауды ұйымдастыру арқылы - 4814, пәтерде тұратындар - 811, өз еркімен жететіндер - 266, үйде оқитындар - 4, интернаттық мекемелерге орналастыру арқылы - 1069 бала оқумен қамтылған, оқумен қамтылмағандар жоқ.

Осы елді мекенді жердегі балалардың тасымалы маңызды мәселе болып отыр. 2009-2010 оқу жылында тасымалды қажет ететін балалар саны - 8269, бұл 2008-2009 оқу жылына қарағанда 515 балаға көбейген.

Мектеп автобустарының негізгі паркі өткен ғасырдың 90-шы жылдары алынған. Балаларды тасымалдауға 169 автобус қолданылады, былтырғы жылға қарағанда 19-ға көбейген, оның ішінде мектепке қатысты - 148, әкімшілікке - 3, шаруашылықтарға - 3, басқа меншіктегі - 15, жалданған автобус саны - 20. Осы автобустармен тасымалданатын балалар саны - 7946. 2009-2010 оқу жылында арнайы автокөлікке қажеттілік саны - 76, оның ішінде ескіні ауыстыруға жататыны - 33, қосымша қажеті - 43. 2009 жылы жергілікті бюджеттен балаларды тасымалдауға 135,4 млн. теңге бөлініп (2008 жылы - 113,3 млн. теңге) 27 автөкөлік құралдары алынған. Білім беру мекемелерінде балаларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін ыңғайлы тасымалдаудың бірегей стандартын құру керек.

Мектеп жанындағы интернат желісі жеткіліксіз дамуда. Егер 5 жыл бұрын мектеп жанындағы интернаттың көрсеткіші - 22 бірлік болса, қазіргі уақытта олардың саны - 24. Облыстың шағын комплектілі мектептер саны көп 5 ауданында (Катон-Қарағай, Ұлан, Көкпекті, Күршім, Бесқарағай) мектеп жанындағы интернаттар ашу қажет.
5. Техникалық және кәсіби білім

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру жүйесі 2008-2012 жылдарға арналған ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысында орта буындағы көпшілік жұмысшы кәсіптері мен мамандар бойынша кадрларды даярлау 98 техникалық және кәсіптік (ТжКБ) білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады, соның ішінде 43 кәсіптік лицейлер, 55 колледждер.

2009 жылғы 1 қазанда облыс колледждерінің желісі 55 колледжбен ұсынылған (өткен оқу жылы - 52), олардың 24-і мемлекеттік (19-ы облысқа бағынысты, 3-і мемлекеттік ЖОО ішінде, 2-і республикалық) және 31-і мемлекеттік емес колледждер.

Кәсіптік лицейлер (мектептер) желісі 43 ұйымды құрайды (өткен жылы- 41), соның ішінде – 32-і мемлекеттік.




Облыстың барлық аудандары кәсіптік білім берумен қамтылған.


2009 жылдың 1 қазанында ТжКБ 48,574 мың адам қамтылған, ол өткен оқу жылғы көрсеткіштен 2,9% төмен.

Өткен жылдардағы көрсеткіштерге жасалған талдау көрсеткендей, 2004 – 2007 жылдар аралығында колледж оқушыларының саны жылына 7 – 10% көлемінде артып отырған, ал 2008-2009 оқу жылынан бастап оқушылар санының 3% төмендегені байқалады, кәсіптік лицейлер бойынша балалар саны 2005 жылдан бастап жылына 2-4% азайып келеді. Көрсеткіштердің төмендеуі демографиялық құлдырау және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер санының артуымен байланысты.

1999 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының колледждері мемлекеттік тапсырыс негізінде топтастырылуда. Мемлекеттік тапсырыс екі көзден – облыстық және республикалық бюджеттен түседі. Республикалық тапсырыста ШҚО бойынша алты колледжде бар. Жалпы айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 598-ге артты және барлығы 8109 адамға жеткен. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігін кәсіптік лицей бойынша 1% (жалпы санының 95,0% құрайды), колледждер бойынша 5% (жалпы санының 27% құрайды) арттыруды қамтамасыз етті.

Орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқушылар санына жасалған сараптама 2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік тілде білім алушылар саны 24,7% -дан 35,4%-ға артып, 17219 адамды құрағанын көрсетті, оның ішінде КЛ бойынша бұл көрсеткіш 25% құраса (+0,9% ), колледждер бойынша – 38,6% (+0,7%).

Кадрларды мемлекеттік тілде дайындау кеңейтіліп, колледждерде 82 (өткен жылы 70 мамандық), ал кәсіптік лицейлерлерде 27 (өткен жылы – 24) мамандық бойынша жүзеге асырылуда.

2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1026 жетім бала білім алып жатыр (өткен жылы – 1116 бала). І-ІІ топтағы мүгедек балалар саны 2 есеге артып 106 адамды құрады. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде 405 оралман оқып жатыр.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша колледжді 95 мамандық бойынша 1786 оқушы аяқтады, оның ішінде мемлекеттік колледждерден 90 мамандық бойынша 1603 түлек аяқтап шықты.

2009 жылы облыстың кәсіптік лицейлерін (мектептерін) 55 мамандық бойынша 4884 маман аяқтады (2008 жылмен салыстырғанда 10,3% азайған, оның ішінде қылмыстық түзету жүйесі мекемелері жанындағы кәсіптік мектепті бітірген 1098 адам), соның ішінде мемлекеттік тілде 1029 адам аяқтады (өткен жылмен салыстырғанда 4,66% артқан).

Жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектерінің саны 24,9% құрады (өткен жылы – 20,4% , 2007 жылы – 28,4% , 2006 жылы – 26,6%).



2009 жылы колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі келесі нәтижелерді көрсетті: жұмысты қажет ететіндер 13,1% , (2008 жылы – 11,6% , 2007 жылы – 13,4% , 2006 жылы - 10% ), мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,8% (өткен жылы – 46,2% ). Жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқандар санының артуы байқалады (+5,0% ).



КЛ түлектерін жұмысқа орналастыру 2% төмендеп, 89% құрады. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарында оқуыларын жалғастырып жатқандар саны екі есеге артты. Алып шыққан біліктілігі бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,3% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15% төмен.

Еңбек нарығында неғұрлым қажет мамандықтар: құрылыс және коммуналдық шаруашылық, тағам өнімдерін өндіру технологиясы, энергетика.

Әлеуметтік серіктестермен үш жақты келісімдерді енгізу 13,4% оқушының жұмысқа орналасуының кепілі болды. Ынтымақтастық туралы келісім-шарттар негізінде 216 түлек 43 кәсіпорында 10 – 20 мың теңге көлемінде жалақысы бар ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. 2009-2010 оқу жылының міндеттерінің бірі – еңбек нарығында сұранысқа ие болмай отырған және түлектер жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін мамандықтарға мониторинг жүргізу және алдағы уақытта қабылдауды қысқарту.

Ауылды жерлердегі оқушылар үшін техникалық және кәсіптік білім алудағы басты қиыншылық жатақханалардың жеткіліксіз болуы. Бұл лицей мен колледж оқушыларының да қажеттілігі. 16 колледж бен 23 кәсіптік лицейдің оқушылар жатақханасы бар, онда 5170 оқушы тұрып жатыр. Жатақханалармен қамтамасыз ету көрсеткіші 36,9% төмен болып отыр. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушыларын (студенттерін) жатаханамен қамтамасыз ету қажет.

Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында жастарға арналған еңбек биржалары, бірқатар кәсіптік білім беретін оқу орындарында Жастарды жұмысқа орналастыру орталықтары қызмет етеді, барлық оқу орындарында «Жұмысты қалай іздеу және табу керек» атты курстар енгізілген. Кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінде бітірушілер үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ШҚО әкімдігі мен «АЗИЯ АВТО» АҚ компаниялар тобы, Рогаланд (Норвегия) округының білім беру және даярлау орталығы, геологиялық барлау колледжі мен кен пайдаланушылар арасында кадрларды даярлау мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімдердің хаттамаларына қол қойылып, Меморандумдар қабылданған. ШҚО әкімдігі, Өскемен политехникалық колледжі мен «Қазақстандағы АЕS» компаниялар тобы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Қ. Нұрғалиев атындағы колледж бен «Востокмолоко» өнеркәсібі арасында келісімге қол қойылған.

Өткен оқу жылында білім басқармасы, кәсіптік және техникалық білім беретін мекемелер ШҚО өнеркәсіп иелерінің ассоциациясымен, агроөнеркәсіп секторының кәсіпорындарымен және құрылыс саласымен әлеуметтік серіктестікті дамытуды жетілдіру бойынша сұрақтарды қарады. Ассоциация, білім басқармасы және білім мекемелерінің өзара әрекеттесу бағдарламасы жасалды және бекітілді.



Кәсіптік және техникалық білім кәсіби стандарттарға негізделген және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, білім мекемелерінде құрылыс, коммуналдық шаруашылық, тағам өндіру технологиясы, энергетика сияқты мамандық түрлерін арттыру қажет.
6. Балалардың бос уақытын өткізу және қоғам өміріне қатысуы

Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда балалардың бос уақыттарының әлеуметтік педагогикалық әлеуеттілігін толығырақ және тиімді іске асыратын ашық педагогикалық жүйе ретінде, қосымша білім беру мекемелерінің қызметі ерекше мағынаға ие болады.

Қосымша білім берудің құндылығы, оның жалпы білімді құрастырушы вариативті күшейтеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2008-2009 оқу жылында барлығы 63 қосымша білім беру ұйымдары мен 34 балалар спорт мектептері қызмет етті. Қосымша білім беру ұйымдарының құрамы өзгерген жоқ. ШҚО бойынша барлық қосымша білім беру мекемелері толық көлемде жұмыс істеді. Қосымша білім беру ұйымдарының балаларды қамтуы 52819 адам - 33,2%, 2008 жылы 42560 адам - 22,5 %.

Педагогикалық кадрлардың сан және сапа құрамы оқу тәрбие үдерісін жоғары дәрежеде іске асыруға жағдай жасайды. Қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтар саны 1316 адам, 2008 жылға қарағанда 272 педагогқа артық



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет