Сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдары мен белгілерін түсіндіретін жадынама


Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 310 бабы)



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі299 Kb.
#3124
1   2   3   4   5

6.4. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 310 бабы).


ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” №453-1 заң басқалардың қатарында мемлекеттік қызметте болумен байланысты тыйым салады. Мысалы, заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады:

  • педагогикалық, ғылыми және басқа творчестволық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды,оның ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан, басқаруға, егер коммерциялық ұйымды басқару тікелей оның лауазымдық міндетіне кірмесе (10 бап).

ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңда мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті лауазымды және басқа адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, шаруашылық субъектілерді басқаруға дербес қатысуға тыйым салынады, егер шаруашылық субъектілерге билік жүргізу заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттеріне кірмесе (10 бап 2 т.).

Жоғарыда аталған адамдар лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы міндеттерді орындау кезеңіне сенімдік басқаруға оларға жататын мүлікті беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңға сәйкес лауазымды және мемлекеттік міндеттерді орындауға теңелген басқа адамдар, егер олар осы міндеттерді орындаумен қабыспайтын қызметпен айналысса, жұмыстан босатылуға немесе заң белгілеген тәртіпте тиісті міндеттерді орындаудан босатылуға тиіс.

Осылай босатылған адам басқа қызметпен айналысуын қойғанға дейін мұндай міндеттерді орындауға қайтадан тағайындалмайды. Осымен қатар білген жөн: заңға сәйкес, заңнама белгілеген тәртіппен лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін осы міндеттерді орындау кезеңіне оларға жататын коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесін (акция пакеттерін) сенімдік басқаруға беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

Мемлекеттік қызметші сенімдік басқаруға берген мүлкінен кіріс ала алады,оның ішінде сыйақы, дивиденд, ұтыс, мүлікті жалға беруден және басқа заңды көздерден.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңның 10 бабы 8 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға және оларға теңелген адамдарға өз атынан емес, жасырын, бүркеншік атпен азаматтық-құқықтық келісім жасауға тыйым салынады. Мұндай келісімдер заң белгілеген тәртіпте заңсыз деп мойындалады.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасау үшін қажет шарт пен іс-әрекет—заңсыз кәсіпкерлік қызмет

Бұл қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның, заңға қайшы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құруында, немесе осындай ұйымды басқаруға тікелей немесе сенімді адамы арқылы қатысуында болып тұр, егер бұл іс-әрекеттер сол ұйымға жеңілдік және басымдық немесе басқа формада қамқоршылық көрсетумен байланысты болса.

Сонымен, сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасап, лауазымды адам немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрады, немесе осы ұйымды тікелей немесе сенімді адамы арқылы басқаруға қатысады, кейде осы әрекеттердің екеуі де болуы мүмкін.

Кез-келген шенеунікті қылмыстық жауапқа тарту үшін қандай жағдай қажет?

Бұл қылмыстың субъектілері мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті немесе соған теңелген адамдар болып табылады. Қылмыстың бұл құрамы формалды, қылмысты жасау үшін іс-әрекетті жасау ғана жеткілікті, тікелей жымысқылықпен сипатталатын салдардың болуынсыз.Лауазымды адамның ұйымды құрғанына немесе оған белгілі бір жеңілдік пен басымдық беруімен бірге жетекшілік жасауына байланысты іс-әрекетін дәлелдеу қажет. Мысалы, тиімді тапсырмалар, салықтық және басқа жеңілдіктер және преференциялар, несиелер беру, тендерді ұту, тапсырмалар алу, әр түрлі тексерістерден босату және кәсіпкерлік қызмет үшін басқа оңтайлы жағдайлар жасау. Кінәлі лауазымды адамдардың басқа іс-әрекеттері тәртіптік кінарат ретінде бағаланады.



Бұл қылмысқа қаңдай жаза күтіледі?

ҚР ҚК 310 бабының 1 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам қызмет мүддесіне қарсы кәсіпкерлікпен айналысса, немесе өзі не сенімді адам арқылы кәсіпкерлік ұйымды басқаруға қатысса, өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса, егер ол азаматтардың немесе ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса, онда ол бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынумен қатар белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе үш айдан алты айға дейін тұтқынға алу, немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Осындай іс-әрекетті лауазымды адам жасаса (ҚР ҚК 310 бабының 2 бөлімі), онда оған үш жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен қоса белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейін айыру, немесе үш айдан бес айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу, немесе бас бостандығынан екі жылға дейін айыру қолданылады.

ҚР ҚК 310 бабының 3 бөлімінде лауазымды адам лицензиялау бойынша құзыретті мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеліп соққан іс-әрекет жасаса, бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айырылатыны айтылады.


6.5. Пара алу (ҚР ҚК 311 б.)


Пара алу үшін ұқсас себептер мен жағдайлар.

Пара алумен пәрменді күресу үшін—сыбайлас-жемқорлықтың ең қауіпті түрімен—оның тамырынан бастау керек, себебін түсіну қажет, адамдар неліктен пара береді және оның басқа адамдарға қандай салдары бар. Жағдайлардың төрт ұқсастығын бөліп, көрсетуге болады:



  • 1 санат. Пара а) дефицитті заттар немесе жеңілдіктер алу үшін б) өз шығынын азайту үшін беріледі

  • 2 санат. Пара дефицит болып табылмайтын заттар және жеңілдіктер, бірақ соларды бөлетін жеке шенеуніктердің қолында тұрғасын алу үшін (шығын азайту да осындай жағдайға жатады) үшін беріледі.

  • 3 санат. Пара нақты кез-келген жеңілдіктер, артықшылықтар алу үшін емес, қосымша қызмет көрсеткені үшін, мысалы, істі тездеткені немесе құпия ақпарат бергені үшін беріледі.

  • 4 санат. Пара а) басқалар кез-келген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ала алмауы үшін б) бәсекелестердің оларды алу үшін шығыны өсу үшін беріледі

1 санатқа пара берушінің шенеунік шешімінің арқасында бәсекелестер алдында оңтайлы жағдайда болатыны жатады. Мұндай жағдайларға тауарларды сыртқа шығару-сырттан әкелу операцияларын жасауға лицензия алу; шетел валютасымен операциялар жасау; мемлекеттік келісім-шарт немесе әр түрлі жеңілдіктер беру; мұнай және басқа пайдалы қазба кен орнын өндіруге концессиялар; жекешелендірілетін фирмаларды сатып алу; мемлекет қолында тұрған дефицит қорларға қол жеткізу; лицензия саны шектеулі жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия алу; қоғамдық жайлылыққа, мысалы, тұрғын үйге, субсидияға, кәсіпорынды полиция күшімен күшейте күзетуге қол жеткізу. Барлық жағдайда пара берушілер арасында бәсеке болуы мүмкін, шенеуніктер және саясаткерлер ондайды көбінесе өздері әдейі жасайды. Егер мемлекеттік бағдарламалар шенеуніктердің қолында болса, олар жеке пайдасы үшін дефицитті жасанды түрде жасайды немесе мемлекет қаражатын асыра жұмсауды күні бұрын қарастыруы мүмкін ( “ресурстарды созу” ретінде белгілі феномен).

2 санатқа салық салыну базасын қысқарту немесе нақты белгіленбеген салық ставкасы болмаған кезде одан жоғары пайда алу; кеден ережелерін айналып өту, баж төлемеу мүкіншілігі; бағаны бақылаудан құтылу; “біліктілікке” күні бұрын жататындарға қызметтің не анау, не мынау түрімен айналысуға лицензия беру; қызмет көрсетудің жалпы қол жететін түрлерін пайдаланған кезде артықшылықты қамтамасыз ету; мемлекеттік немесе муниципалды қызметте лауазым алу; қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылу (әсіресе лауазымдық қылмыс және жеке тұлғаларға зиян келтірмеген қылмыстар үшін); жергілікті биліктен құрылыс жобаларын жүзеге асыруға рұқсат алу; қауіпсіздік ережелерін және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларға талапты азайту болып табылатын мысалдар жатады.

Шенеуніктердің озбырлығы көбінесе пара алуға әкеліп соғады.Полиция қарақшыларға кәсіпкерлерді қорқытқаны үшін төлеуі мүмкін және сонымен қатар бизнесмендерден оларды қорғағаны үшін пара алуы мүмкін. Осыған ұқсас—саясаткерлер кәсіпкерлердің шығынын көбейтетін заңдарды қолдаймыз деуі мүмкін, немесе, керісінше, ерекше жеңілдіктер беруге уәде беруі мүмкін, әрине, пайдасыз емес.

3 санат осыдан бұрынғы екеуімен байланысты, оның мәні жеңілдік пен артықшылық алуда емес, кейбір қосымша қызмет көрсетуді алу, мысалы: келісім-шарттардың нақты тетіктері туралы құпия ақпарат; тездетіп шешіп беру; қағаз шытырығын қысқарту; полициялық акциялар туралы күні бұрын білу; салықты төмендететін оңтайлы аудиторлық тұжырым алу.

Шенеунік-бюрократтар көбінесе пара алуды тудыратын осындай жағдайларды өздері жасайды. Мысалы, шенеуніктер іс қарауды созуы мүмкін немесе анау-мынау жобаларды қарау тапсырмаларына тым қатал формальды талаптар қоюы мүмкін.

4 санат, 1-ші секілді, егер біреу ұтса, екіншісі ұтылды. Мысал ретінде заңсыз кәсіпорынның иесі құқық қорғау органдарына оның бәсекелестеріне қиыншылықтар тудырып отырғандары үшін пара төлеп тұрған жағдайларды келтіруге болады.Заңды бизнес иелері шенеуніктерге пара беру арқылы бәсекелестеріне қиыншылық тудыруы немесе тіпті олардың лицензияларын кері қайтарып алуы мүмкін. Мысал ретінде нақты болған оқиғаны айтуға болады: салық комитетінің жетекшісі құрылыс материалдарын сататын дүкен иесінен өз пәтерлерін жөндеу үшін 50 мың теңге сомасына құрылыс материалдарын құнерездеген. Одан қалды лауазымды адам қаланың коммерциялық құрылымдар жетекшілерінен жалпы сомасы 4 млн теңге болатын ақысыз қаржылық көмек көрсетулерін талап еткен. Экс-төраға пара алғаны және лауазымды құзыретті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Басқа мысалдар. Кәсіпкерге алкоголь өнімін жеке саудалауға мемлекеттік лицензия алу үшін келісім актісі керек болды, бірақ қағазға заңды қол қойылу үшін кейбір құжаттар жетіспеді. Қалалық аумақтық жер орналастыру басқармасы бөлімінің бастығы 25 мың теңге пара үшін көмектесетін болды. Сот әкімшісі кәсіпкерден мүлікті сату бойынша саудаға қатысу үшін осы ведомстваның депозитіне енгізілген кепілдемені тезірек қайтарылуын қамтамасыз еткеніне 100 доллар пара алды.

Аудандық соттың судьясы баласына үкімді жұқалатқаны үшін бес мың доллар құнерездегенін айтып азамат ҰҚК облыстық департаментіне шағынған. Соттың үкімімен бұрынғы аудандық судья ҚР ҚК 311 бабының 3 бөлімі, 24 бабының 2 бөлімі қарастырған қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып мойындалды.

Мұндай қылмыстың қасқойлық объектісі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының заңды тәртібін бұзу болып табылады.Мұндай қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның тікелей немесе делдал арқылы пара берушінің немесе соны көрсетіп-білдіретін адамдар пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін, егер осындай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның қызметтік құзыретіне енсе немесе ол лауазымдық жағдай бойынша осындай іс-әрекетке ((әрекетсіздікке) ықпал жасаса, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызмет бойынша бейқамдық жасаса.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс субъектілеріне мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдарды жатқызу керек.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында осындай қылмыс субъектісі ретінде пара берушінің мүддесі үшін тиісті іс-әрекет жасауға құзыреті жоқ болса да өзінің лауазымдық ахуалына байланысты пара үшін басқа лауазымды адамдардың бұл іс-әрекеттерді жасауына шара қолданатын лауазымды адамдар да мойындалатыны айтылады.

Пара ретінде ақша, құнды қағаздар, материалдық құндылықтар, ақысыз көрсетілетін, бірақ төленуге тиіс қызмет көрсету, сондай-ақ мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс, жөндеу жұмыстарын жасау; шипажайлық немесе туристік жолдамалар, жол билеттері, жеңілдік жағдайларда ссуда немесе несиелер беру және т.б.) болуы мүмкін.

Пара болып табылатын ақша және басқа құндылықтар мемлекет кірісіне айналады.

Егер пара заты табылмаса, онда оның құны заңсыз сатып алынған ретінде қолданыстағы азаматтық заңнамаға сәйкес мемлекет пайдасына айналады.

Лауазымды адамға пара беру ретінде лауазымды адамға мүлікке құқық беру, сондай-ақ осы мүлікке ие болу, мүлікті пайдалану немесе билік жүргізу қаралады, мысалы, автомобильге сенімхат беру немесе қымбат коттеджді ең төмен бағамен пайдалануға беру. Материалдық сипаттағы пайда үй салу, абаттандыру бойынша жұмыстар, қымбат жөндеу, демалыс ұйымдастыру және ақысыз жасалатын басқалар. Мұндайда параның мөлшері қылмыс құрамы туралы сұрақты шешуге ықпал етпейді.

Пара мөлшерін анықтау үшін пара заты қолданыстағы баға немесе қызмет көрсету тарифі негізінде ақшалай бағалануға тиіс. Егер заңсыз ірі мөлшердегі сыйақы бөлшектеніп алынса, онда бұл іс-әрекет бір жалғасын тапқан қылмыстың кезеңдерін көрсетіп-білдіреді де ірі мөлшерде алынған пара ретінде жіктеледі.

ҚР ҚК 311 бабының 1 қосымшасында параның ірі мөлшері туралы түсінік берілген: пара ірі мөлшерлі болып мойындалады, егер құнды қағаздардың, басқа мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайда құны бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштерден асса. ҚР ҚК 311 бабының 2 қосымшасына сәйкес, егер мемлекеттік міндеттерді атқаруға өкілетті лауазымды адам немесе соған теңелген адам сыйлық ретінде алғашқы рет мүлікке құқық немесе басқа мүліктік пайданы алдын-ала келіспей бұдан бұрын жасаған заңды іс-әрекеті (әрекетсіздік) үшін алса және оның құны екі айлық есеп айырысу көрсеткіштерінен аспаса, мағнасы аз болғандықтан қылмыс болып табылмайды және тәртіптік жағынан жазаланады.

Параны алу және берудің заңсыз сыйақы алу мен қызметшіні параға сатып алудың айырмашылығы

Параны алу субъектісі лауазымды адам болып табылатынын есте сақтаған жөн. Заңсыз сыйақы алу субъектісі мемлекеттік, кооперативтік, жеке немесе басқа мекеменің, кәсіпорынның,ұйымның лауазымды адамы емес қызметші болып табылады. Параның коммерциялық параға сатып алудан айырмашылығы—коммерциялық параға сатып алу субъектісі коммерциялық немесе басқа ұйымда басқару міндеттерін атқарушы адам болып табылады.

Лауазымды адам бағынышты адамдардан немесе бақылаудағы адамдардан ақшалай қаражат немесе басқа құндылықты қамқорлық жасағаны немесе қызметте немқұрайды қарағаны, өзінің құзыретіне кіретін сұрақтарды оңтайлы шешкені үшін алса, бұл пара алған болып бағалануға тиіс.



Құнерездік деген не?

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында айтылған: лауазымды адам пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекет жасау қаупімен немесе мұны қиын жағдайға әдейі қою арқылы пара беруді талап ету құнерездік болып табылады.



Күні бұрын келісу арқылы пара алу дегеніміз не?

Мұндай қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын екі және одан көп лауазымды адамдар тобы қатысып пара алса бұл алдын-ала келісіммен жасаған болып есептеледі. Мұндайда қылмыс аяқталған болып лауазымды адамдардың тым болмаса біреуі пара алған сәттен бастап есептеледі, пара беруші бірнеше лауазымды адамдардың қатысқан-қатыспағанын білмесе де. Бір топ адамдар алдын ала келісім бойынша пара алған кезде оның мөлшері алған құндылықтың және қызмет көрсетудің жалпы құнымен анықталады, ал мемлекет пайдасына негізсіз сатып алынғанды өтеп алғанда әр пара алушының алған материалдық пайдасының мөлшерін немесе ақшалай сомасын есептеу керек.

Алдын ала келісімсіз басқа лауазымды адаммен пара алған лауазымды адам, ал соңынан пара берушінің мүддесі үшін соңғыға алғанның жартысын берсе, ол параны алғаны және бергені үшін қоса жауап береді.

Лауазымды адам болып табылмайтын адаммен пара алуға байланысты лауазымды адамның іс-әрекеті біп топ адамдардың алдын ала келісімі бойынша пара алғаны болып есептелмейді.



Бірнеше рет пара алу

Бірнеше рет алу, пара беру немесе пара беруге делдал болу бұл қылмысты екі реттен кем емес жасалса есептеледі, егер мұндайда қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына мерзім өткен болмаса.

Бір мезетте бірнеше адамнан пара алу, егер әр пара берушінің мүддесі үшін жеке іс-әрекет жасалса, параны бірнеше рет алған деп жіктелуге тиіс.

Бірнеше кезеңмен пара беру немесе алу пара беруші үшін күтілетін нәтиженің болуын қамтамасыз ететін іс-әрекетті орындау немесе орындамау үшін, сондай-ақ алдын ала өзара келісім бойынша қылмыс жасаған бір топ лауазымды адамдарға пара беру, немесе аталмыш жағдайда делдал болу бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.

Кейде болады: адам пара алушыдан ақша немесе басқа құндылықты пара ретінде лауазымды адамға бермекші болып алады, бірақ оған бермей, өзі иемденіп алады, бұл алаяқтық болып жіктеледі.

Құндылықты алып қою үшін мұндай адам пара берушіні пара беруге итермелесе, оның іс-әрекеті алаяқтықпен бірге қосымша пара беруге итермелеу болып жіктеледі, ал пара берушінің іс-әрекеті пара беруге ұмтылу болып бағаланады. Мұндайда нақты лауазымды адамның аты-жөні аталған-аталмағаны ескерілмейді.



Пара алғаны үшін жауап беру шарттары

Пара алғаны үшін жауапкершілік лауазымды адам іс-әрекетті жасағанға дейін не жасамағанға дейін алғанына қарамастан, сондай-ақ пара туралы алдын ала айтылғаны-айтылмағанына , пара берушінің мүддесіне небір іс-әрекеттер жаслған-жасалмағанына қарамастан келеді. Құндылықты,қызмет көрсетуді немесе жеңілдік алу шарттары арнай талқыланбаған жағдайдың өзінде іс-әрекет пара берген және алған болып мойындалады, себебі қылмысқа қатысушылар параның пара берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында берілетінін біледі. Құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болса да егер лауазымды адам параны нақты қабылдаса, онда мұндай адамның іс-әрекеті параны алып болған болып бағаланады.

Қылмыстың аса қауіпті екенін сипаттайтын жіктеу белгілері (құнезерлік, параның ірі мөлшері, пара алушының жауапты лауазымды жағдайы) пара алуға қатысқандардың кінәсі де есептеледі, егер бұл жағдайлар жымысқылықпен байланысты болса.

Параны алу және беру үшін жауапкершілік сол мезетте дербес қылмыс құрайтын іс-әрекет үшін жауапқа тартуды да жоққа шығармайды (қызмет жағдайын асыра пайдалану, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысу және т.б.). Мұндай жағдайда жасалған іс-әрекет қылмыстың бәрін қоса жіктеледі.

Пара берушінің полицияға, прокуратураға, сот немесе басқа мемлекеттік органға берген ауызша немесе жазбаша арызы қылмыстық жауапкершіліктен босататынын білген қажет. Мұндайда қандай себепті басшылыққа алса да өтініш еркін болу керек.

Билік органдарына пара бергені туралы белгілі болғаннан кейін берген арыз ерікті болып есептелмейді. Жасалған қылмыс туралы еркін берген арыз кезінде қылмыстық жауапкершіліктен пара берушілер ғана емес, олардың бірге қатысқандары да босатылады.

Пара берушілерді құнерездік бойынша немесе пара беру туралы ерікті арыз бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату бұл адамдардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ екенін білдірмейді, сондықтан олар жәбірленушілер болып мойындалмайды және олар пара түрінде тапсырған құндылықтарды қайтарып алуға құқылы емес.

Ал егер құнерездік болған жағдайда және ол туралы пара беруші құқық қорғау органдарына арызданса, пара заты оның иесіне қайтарылады. Жоғарғы сот Пленумы соттарға техникалық құралдар көмегімен дәлелдер жинаған уақытта (бейне-және аудиожазба, пара заттарын арнайы бояулармен өңдеу және т.б.) заң талаптарынан шегіну фактілері жіберілетіні туралы нұсқау береді.Соттарға қылмыстық қудалау органдары осындай тәсілмен дәлелдер алған кезде ҚПК нормаларының сақталуын мұқият тексеруге тиіс.



Пара үшін қылмыстық жазалаудың шаралары қандай?

Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам тікелей немесе делдал арқылы ақшалай,құнды қағаз, басқа мүлік, мүлікке құқық түрінде немесе пара берушінің немесе оны көрсетіп-білдіретін адамдардың пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара алса, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның қызметтік құзыретіне кірсе, немесе лауазымдық жағдайына байланысты ол осындай іс-әрекетке ықпал жасай алса, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында немқұрайдылық жіберсе, ол жеті жүзден екі мың айлық есеп айырысу көрсеткіштер мөлшерінде немесе жеті айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кіріс мөлшерінде айыппұл салумен жазаланады, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен,немесе белгілі бір лауазымда істеуге немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Лауазымды адам осы іс-әрекетті жасаса, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара алса, үш жылдан жеті жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

311 баптың бірінші немесе екінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекет жауапты мемлекеттік лауазымға ие адаммен жасалса, ол бес жылдан он жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

311 баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөлімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер: а) құнерездік арқылы;б) алдын ала келісім бойынша немесе ұйымдастырылған топпен; в) ірі мөлшерде; г) бірнеше рет жасалса, мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет