Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру еркешеліктері



бет22/22
Дата28.11.2023
өлшемі456 Kb.
#484731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сынып жетекші материалдар

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру еркешеліктері
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастыпен мектептің бірлескен әркетінде екені еш уақытта күмән туғңызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттанғанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.
Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.
1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнымен әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат- міндеттерімен және тәрбис жұмысының жоспарымен таныстырады. кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық- психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сынынты конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналар лекторийлері (дарынды балалар қиын балалар, кәсіпті таңдаған балалар, үйір, қат, балалар)
- сыныптық ағарту жұмыстары тәрбис міндеттеріне байланысты (заң, жеке, топтық жұмыстар) оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша.
Ата-анатар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан II тоқсан соңында 3 түрлі сұраққа жауап алдым.
1.Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгсрістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапыпан қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
3-сұраққа байланысты "Баланың темпераментіне байланысты жаңа психологиялық тәрбиелеу әдістері" тақырыбына қазір ізденіс үстінде.
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытамын, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлаймын.
Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мем өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды есксріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын. Суретке психологиялық талдау. 1-сынып оқушйларын бақылап зерттеу мақсатында ата-аналар мен балаларға жанұясы туралы сурет салу тапсырылды. Әр батаның отбасыңдағы орны жәнс ахуалы жайлы суретке қарап анықтауға болады.
Мысалы:
Сыбанбаев Аружанның жанұясында барлығы көңілді, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста өмір сүреді. өздеріне сенімді әкесінің жанұяда рөлі жоғары. Әркім өз орнын біледі.
Жеңісбек Айгерім жанүясын биіктен көргісі келеді. Ойлау қабілеті өте жақсы, өздеріне сенімді. Өзімен інісін жоғары деңгейге қояды. Үйінде сәл жылулық жетіспейді. Қалиева Назеркенің жанұясында бір-бірімен әңгімелесу, араласу өте аз.
Бала сола болса деп армандап салған. Жанұяда әркім өзімен-өзі өмір сүреді. Назерке мен ешкім ашық жарқын әңгімелеспейді.
- психологиялық, педагогикалық, медациналық, заң туралы кеңестер.
Заң:
Ата-аналарға құқктық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар үш топқа бөліңді. Осы топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар берілді:
а) Қазақстан Республикасының құқығы жайлы балалардың құқығы қалай қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т.б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай?
Сіз қалай орындап жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөлісті. пікір алмасты. Пікірталас соңында заңгер ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылды.
- принциптер
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру, оқырмандар конференциясын өткізу.
3-кезең: Ата-аналарды балалармсн бірлесксн әрекетке тарту. Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат жөндеу жұмыстарын, сенбіліктер, турнирлер)
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараларға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру)
- әртүрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу.
- отбасылық ойын байқаулары
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу)
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.
Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындьгларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, суретін салу, әнгіме жазу, т.б. осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып ұйымшылдығын арттыруға кеп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.
Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады. Ата-ана мен оқушы арасындағы хаттар баланыстар жолы оқушылар бастауыш сыныпты аяқтар кезде жүргізілген мына іс-шара балалардың ата-ана сенімін ақтауға, оларды ұялтпауға жетелейтін әңгіме немесе үлкен сенім мектебі болды ғой деп ойлаймын.
4-сыныпты бітірер кезде оқушылар ата-аналарын алыста деп елестете отырып хат жазады. Хаттар ата-аналар жиналысыңда оқылады. Осы хатқа ата-аналар тарапынан жауап жиылып жиналыста, балалар арасында оқылады.
Сынып жетекшісі отбасы салыстырмалы түрдс тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбислік күш-қуаты мен мүмкіндіпнің әртүрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-катынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет