Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті


- тақырып. Жануарлар әлемін қорғаудың заңды құқықтық аспектілері



бет27/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

7- тақырып. Жануарлар әлемін қорғаудың заңды құқықтық аспектілері


Жеке елдерде тірі табиғатты қорғау проблемаларының шешімін қоғамдық саяси құрылыс және әлеуметтік –экономиялық даму жағдайына қарай анықтайды. Жануарлар әлемі мен өмдіктер әлемінің түрлік көптүрлілігін сақтауға тырысу керек. Халықшаруашылығының интенсивті дамуының нєтижесінде жабайы табиғаты бар жерлер азаюда соныњң орнын толтыру үшін арнайы режимі бар қорғалатын табиғат территорияларын ұйымдастыру, тірі табиғатты қорғауды қамтамасыз ететін нормативті –құқық актыларын жетілдіру, ауыллшаруашылығы мен µндірісті экологияландыру керек .Барлық елдерде тірі табиғатты қорғауда ұйымдастыру – құқықтық аспектілерінің дамуында ұқсас тенденциялар байқалады.

  1. қорғалатын территорияларды мемлекеттік басқарудан табиғаттың бүкіл сфераларын қорғауды ортақтандыруға өту;

  2. қорғалатын территория тармақтарын дамыту;

  3. жалпы нақты емес зањнан табиғатты қорғауға байланысты жеке табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған жіктелген заңға өту. Жануарлар әлемін қорғау қоршаған ортаны қорғаудан – жер, байлықтар, орман, су, атмосфералық ауа, өсімдіктер әлемінен бөлінбейді. Осыған байланысты жабайы жануарларды қорғау мен пайдалану арнайы құқықтық нормаларымен шектеледі, қоршаған табиғи ортаны қорғау бүкілін немесе жеке компоненттерін қарастырады. Жануарлар әлемін қорғау мен пайдалану туралы зањдар түрлік көптүрлілікті табиғи еркіндікті, тіршілік ету мекенін, жануарлардың көбеюі мен миграция жолдарын сақтауға шақырады; жануарлардыњ табиғи бірлестігін түгелдей сақтау, ғылыми негізделген жануарлар өсімін тиімді пайдалану; олардыњ санын реттеп отыру т.б.

Жануарлар әлемін қорғау әртүрлі тєсілдермен жүзеге асады. Оларға мыналар жатады: өсімділігі мен тиімді пайдалану қорғау нормаларымен ережелер орнату; жануар әлемін пайдалануды шектеу және тиым салуларды енгізу; жануарларды пайдалануда орнатылған тәртіпті бұзушылықпен өзбетімен пайдаланушылықты тоқтату; тіршілік ету орталарын қорғау; тµлдеу кезінде жануарлардыњ шығынын болдырмау; қорықтар, заказниктер ерекше қорғалатын территориялар ұйымдастыру; сирек жєне жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қолдан өсіру; зоологиялық коллекция үшін алынатын жануарларды шектеу; жануарлар ауырғанда, апаттар кезінде көмек көрсету; жануарларды қорғауға бағытталған ғылыми ізденістер йымдастыру. Жануарларды қорғауда құқықтық негіздер Қазақстан конституциясында жазылған. Жабайы жануарларды пайдалану заң жүзінде реттеледі. Жануарлар әлемі мемлекеттік меншік болып табылады. Браконьерлерге айып пұл салынады. Сирек жєне жойылып бара жатқан түрлерді аулауға мүлде тиым салынады.

Барлық елдер үшін ортақ ол жеке түрлерді қорғаудан тіршілік ететін мекенін- биотопын қорғауға кµшу. Жануарлар єлемін қорғау жүйесі бірқатар елдерде (Швеция, Норвегия, Финляндия, Исландия, Дания) негізінен ањшылық бойынша зањдарға негізделді, ал соњғы уақытта жалпы табиғатты қорғау зањдары күшейді. Табиғатты қорғау зањдарында жабайы жануарлардыњ жеке түрлерін қатањ қорғау көзделген, осы мақсатта қорықтар және резерваттар қөру, кейбір шаруашылыққа игеру жұмыстарын шектеу, белгілі кезењде, белгілі ауданда жануарларға қолайлы кезењ тудыру мєселелері қаралған.

Жануарлар әлемін қорғау міндеттері : оларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру экологиялық тепе-теңдікті бұзушылық пен күрес және жабайы жануарлардыњ ресурстарының тозуы барлық елдер үшін өзекті мєселе ал бұларды көптеген жыл құстарын сақтау, көшіп- қонушы біраз аңдар және т.б. жануарлар тобының өкілдерін қорғау бір ғана мемлекет күшімен шешілмейді.

Халықаралық бірлесіп жұмыс істеу жабайы жануарлар ресурстарын қорғау әртүрлі бағытта жүреді: тәжірибе алмасу сирек жєне жойылып бара жатқан түрлерді қорғауда ғаламдық шаралар жүйесін жасау жургізуде.

Екі немесе бірнеше елдермен арнайы конвенциялар мен келіссөздер жүргізудің үлкен мањызы бар. Жоғалып кету қаупі бар жабайы фауна мен флора сатуда конференцияда 3 наурызда 1973 ж. Вашингтонда 80 мемлекет қол қойған конвенция бар.

Көптеген жануарлады қорғау ең бірінші оларға қолайлы жағдай туғызу мен олардыњ мекен ету ортасын сақтау болып саналады. Рамсарда (Иран) бұл мєселені суда жүзетін құстарға байланысты қолданды. Миграция жасайтын жануарлар түрлерін қорғауда арнайы конвенция 1979 Бонда қабылданды.

Б±л конвенцияға қатыссыз осы уақытта бірнеше екіжақты келіссөздер миграция жасайтын құстар, ауланатын кәсіптік сүтқоректілер атап айтқанда АҚШ пен Канада, АҚШ Мексика; Дания мен Швеция, Бельгия Нидерландиямен жєне Люксембургпен; Австралия Жапониямен; АҚШ Жапониямен жєне бірқатар басқа елдермен.Т

Қосмекенділер. Жетісу бақатісі

300 жыл бұрын құрлықта біздің планетамызда арғы тегі саусақ қанатты балықтар болған өкпемен тыныс алатын омыртқалы жануарлар пайда болды.

Осылайша құрлықты омыртқалы жануарлар жаулап ала бастады. Алғашқыда бұлар қосмекенділер, содан соњ бауырменжорғалаушылар, одан кейін құстар және сүтқоректілер болды. Қосмекенділер алғашқы құрлықтағылар болғандықтан су ортасымен тығыз байланыста болады. Тек олардыњ өкілерінің біразы аяқсыздар жєне құртшалар өкілдері судан мүлде кетіп жер астында тіршілік етеді. Ірі отряд құйрықсыздардың негізгі өкілдері онда әртүрлі бақа, құрбақалар, құрлықта тек ересек формада ғана тек ылғалды жерлерде кездеседі терілері жалањ болғандықтан құрғақшылыққа төзе алмайды ал личинкалары (дернєсілдері) тек суда дамиды. Ал құйрықтылар отряды ересек кезінде де сумен өте тығыз байланысты яғни уақытыныњ кµбін суда өткізеді. Сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделушілігініњ қарапайым жєне шектеулі болуы амфибийлерлің одан арғы тіршілігін шешті. Қазір олар біздіњ планетамызда ењ аз омыртқалылар болып табылады. Олардыњ жалпы саны 2100 жуық түрлер оладыњ 1800 құйрықсыздар да 280 түрі құйрықтылар жєне 56 түр аяқсыздар.

Біздіњ еліміздің фаунасында қосмекенділердіњ 33 түрі бар олардыњ 8 СССР Қызыл кітабына енгізілген. Парадокс, бірақ факт практикалық мањызы жоқ, браконьерлермен ауланбайтын, ұсқынсыз, көзге түсе бермейтін түрлер жойылу қаупінде тұр. Жануарлар тіршілік ететін ортасын өзгертетін адамныњ шаруашылық єрекеттері жанама єсер етіп отыр. СССР қызыл кітабындағы қосмекенділердің азаюының негізгі себептері мынадай: су қоймаларының құрғауы және ластануы, табиғи мекен орталарының бүлінуі болып табылады. (кавказ саламандрасы, сийриялық чесночница); судың химизмі және оныњ тұрмыстық химия қалдықтармен ластануы немесе орман айналасын пестицидтермен өңдеу (карпат тритоны); ауылшаруашылығы үшін жерді қолдану, мелиорациялау (қамыс жабасы) т.б. Осылайша бұл сирек түрлерлі құтқару үшін олардыњ генофондын құру керек, жануарлар мекен ету ортасы, түгелдей табиғи бірлестік сақталатын территориясы шағын қорықтар құру қажет. Қазақстан қызыл кітабына мұнда тіршілік ететін қосмекенділердің 11 -нің 1 –і енген.



Жетісу бақатісі Ranadon sibiricus

Біздіњ елдіњ фаунасындағы ол өте ірі тритон. ұзындығы құйрығымен 24 см. Түрі кесіртке тәрізді. Басы жоғарыдан төмен қысыңқы жєне дөңгеленген, екі жағында шығыңқы көздері бар. Құйрық жүзбе қанаты екі жағынан қысыңқы.



Бауырменжорғалаушылар

Сұр кесел

Ала дөңгелекбас

Сарыбауыр

Сарыбауыр жылан

Төтжолақты жылан

Жолақты жылан

Қызылжолақты жылан

Гюрза

Құстар


Қызғылт бірқазан.Бұйра бірқазан.Ақ және қара ләйлек.Кіші және ақ құтан. Сары құтан. Жалбағай.Қарабай.Кәдімгі қоқиқаз.Сұңқылдақ аққу. Жабайы қытай қазы

Қызыл жемсау қарашақаз. Мәрмәр шүрегей.Дөңтұмсық тұрпан.Ақбасүйрек Ақтырна. Ақбас тырна. Дуадақ. Безгелдек. Жорға дуадақ.Алтай улар.Тарғақ Аққұйрық қызғыш. Орақтұмсық. Жұқатұмсық жылқышы.Қалыңтұмсық шүрілдек торғай.Реликт шағала ..Қарабауыр бұлдырық.Бүркіт. Қарақұс.

Дала бүркіті кеңқұлақ жарқанат. Көк суыр. Қамшат. Үнді жайрасы. Жалман. Бес башпайлы ерегежейлі қосаяқ. Үш башайлы ерегежейлі қосаяқ. Алып соқыртышқан. Прежевальский аламаншасы. Сарыала қоржын. Қызыл қасқыр. Тянь-шань қоњыр аюы. Қара күзен .Шұбар күзен. Оңтүстік орал сусары. Орта Азия тау сусары. Орта Азия құндызы. Орта Азия сілеусіні. Қарақал. Сабаншы. Шағыл мысығы. Барыс. Қабылан. Құлан. Қарақұйрық. Үстірт қойы. Қызылқұм қойы. Арқар.
Негізгі әдебиеттер: [1-5] (128-135, 298-331)

Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97, 112-169)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет