Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті



бет30/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

Сүт қоректілерді қорғау

Сүт қоректілер жер шарында адам әрекетінен көп зардап шеккен жануарла,оның ішінде тұяқты жануарлар мен терісі бағалы аңдарды ерекше айтуға болады.Тұяқтылардың кейбіреулеріне құрып кету қауіпті төнді,мысалы,зубр,құлан,қарақұйрық зерен,бұранда мүйіз ешкі,марал т.б.Теңбіл бұғы,марал,серпа,кавказ туры,барыс,жабайы ешкі,арқар сияқты жануарлардың азайғаны сондай,оны енді аулау олардың құрына әкеледі мөлшерде аулауға болатындар,бұған,жабайы шошқа ,елік,Сібір тау ешкісі т.б. жатады. Ғасырларға созылған аң- құстарды жаппай қырып-жою,егістік үшін ағаштарда сыпыра кесу,сазарды құрғатып,жазықтарды жырту көптеген кәсіптік хайуанаттардың санының кемеуіне әкелді.1958 жылғы санақ бойынша жер шарының фаунасындағы 106 түр құрып кетіп,алты жүзге жуық түрге құрып кету қаупі төніп тұр.XVIII-XIXғасырда 70 түр,XXғасырдың бірінші жартысында 50 түр құрыпты.Сүт қоректілерді жаппай қырып жоюға жер шары елдері түгелдей қатынасты десе де болады. Кейбір мысалдар келтірейік.Австралияда кенгуру,Замбар маралы,айыр мүйіз ақбөкен,гепард,піл сияқты көптеген жануарлар құрып кетудің аз алдында тұр.Көп аулаудың әсерінен киттің 7 түрі құруға жақын.Киттің көп аулану себебі,оның адам үшін экономикалық жағынан тиімділігінде. Мысалы Тынық мұхиттан ұсталған бір киттің салмағы 100 тонна шыққан,оның тек майы 30 тонна,тілі 750 кг,жүрегі 600 кг, қаны 8 тонна шыққан.сондықтан кит аулау капиталистік мемлекеттерде осы кезге дейін тоқталмай келе жатқанына таңдануға болмайды.

Оңтүстік Азияның,Африканың және Американың жануарларының аяусыз талан- таражға түсуіне көбуне Европадан кеген отаршылдар кінәлі.Олар табиғаттың жағдаымен де, жергілікті халықтың дәстүрмен де санаспастан хайуанаттырды аяусыз қырып жойды.

Октябрь революциясына дейінгі Россияда әсіресе теріс бағалы аңдардың азаю процесі өте тез жүрді.Москва патшасы Сібірге жыл сайын 200 мың бұлғын,10 мың түлкі,500 мың ақтиін беріп тұру салығын салды.Осының өзінен-ақ ол кезде Сібірдің терісі қымбат аңға қаншалықты бай болғанын мөлшерлеуге болады.Бұл аңдар Россия үшін тек сауда товары ғана емес,халықаралық валюта көзі де болған.

Азайып кеткен және кәсіптік жағынан бағалы сүт қоректілерге зубр жатады.Бұл жануардың биіктігіне3,5 метр, салмағы1,9тонна.Зубр бір кезде Европа жазықтаранда және далалық жерлерде тіршілік еткен.XVI ғасырда Россияның Литва және Польшмен шектескен аздаған жерлерде ғана қалды.бірінші және екіншісі дүние жүзілік соғыста зубр табындары көп зардап шекті.Егер 1915 жылы Беловеж орманында 140 зубр болса,1951 жылы дүние жүзінде 142,СССР-де 22зубр қалды.Кейін қорғауға алудың нәтижесінде бізде 100-ге жетті.1965 жылы Беловеж орманынын Полесьеге көшірілген 220 зубр көбейіп келеді.Сөйтіп 300 жылдан кейін зубр қайтадан Украина фаунасының құрамына енді.

Қазақстан территориясында құрып бара жатқан кәсіптік мәні бар сүт қоректілірдің бірі барыс / снежный барс/.Барыс Жоңғар және Іле Алатауларында 600-1500метр биіктерінде, көбіне альпі белдеуінде кездеседі.Көктемде және жаздың басында төменгі өзен жағаларына түсіп,еліктің,таешкінің,жабайы шошқаның лақтарын аулайд.Жазда көбіне әлгі аңдар бар Альп белдеуіне көтеріледі.Барыстың саны жөнінде дерек өте аз.Жоңғар Алатауы мен Тяньшань тауларынан XIX-XX ғасырларда жыл сайын 70-80 барыс атылып алынатын, ал 1901 жылы- 307,1906 жылы 345і атылған,Бұл барыстың санының азаюына әкелді.Кейінгі жылдары таудың әр жерінен ізі байқалады.Талас Алатауының Жабағылы өзенінің аңғарында 1976 жылы екі жерден ғана ізі,Оңғар Алатауындағы Кішібасқан өзенінің айналасынан бір- екеуінің ғана ізі байқалған.Бұл барыстың өте аз қалғандығының дәлелі. Гепард XXғасырдың басында өте аз кездескен.Ол кезде бұл мысық аздап Маңғышлақтың айналасында,Үстірт пен Қызылқұмда кездескендігі жөнінде деректер бар.1947-1964 жылдары Маңғышлақ пен Үстірттен 16 гепард атылып алынған көрінеді.Қазір Үстірт пен Қызылқұмда қалмаған болуы керек.

Қарақұйрық/джейран/- Қазақстандағы бағалы аңның бірі.Осы ғасырдың елуінші жылдары Үстіртте 100 мыңнан аса қарақұйрық болған.1952 жылдары Ақтөбе облысындағы Ақтұмсық ауылының айналасында 1 км автомобиль жолында 38 қарақұйрық кездескен.арал теңізінің жағасында да өте көп болған.1972 жылы қарақұйрықтың азайғандығы сондай 1000 км автомобиль жолында бар болғаны оншақтысы ғана кездескен.Елуінші жылдары аздап Алматы облысындағы сөгеті жазығында бар болатын.Ол жерлерде қазір жоқ.Бетпақдала,Қызылқұмда,10 мыңы болған.Қазақстанда бірнеше мыңы ғана кездеседі. Қарақұйырық Барсакелмес қорығына жерсіндіріліп,көбейтілуде.Бұл аңды аңды жаңа қорықтырға алу өте қажет.

Қазақстанда терісі бағалы аз кездесетін сүт қоректілердің бірі құндыз / речной бобр/.XVIIIғасырда құндыз республикамыздың солтұстік бөлігіндегі Жайық, Ембі, Тобыл, Ешім, Нүра, Есіл, шығыстағы Қара және Ақ Ертіс өзендерінде өте көп болған. Күршім, Қалжыр сияқты тау өзендерінде де көп тараған. XIX ғасырдың ішінде Қазақстан территориясында түгелдей жойылды. Ақырғы құндыз Зайсандағы Үйден өзенінде 1915 жылы жойылды /Хохлов1928/,1963 жылы Орынбор облысынан аздаған құндыз Жайық өзеніне өткені байқалды.1968 жылғы құрғашылық және 1967 жылғы судың азаюынан кейін ол жерлерден құндыздың жалғыз ғана ұясы табылды,1973 жылы Орал қаласының айналасынан бірлі- екілі құндыздар байқалған.Құндызды қорғау мақсатындағы Жайық өзенінің жағасынан көлемі 61 мың гектар жер комплексті заказникке айналды.



Негізгі әдебиеттер: [1-5] (128-135, 298-331)

Қосымша әдебиеттер: [1-2] (86-97, 112-169)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет