Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо



бет6/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

Білімділік: Балаларға қоян жайлы және геометриялық фигуралар жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қабілеттері мен қиялдауларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды шеберлікке, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жабдығы: Үлгі, сурет, түрлі-түсті қағаз, картоп, қарындаш, сызғыш, қайшы.
Сабақтың көрнекілігі: Қоянның дайын түрі, плакаттағы жасалу технологиясы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Жасаған жұмыстарын тексеремін, бағалаймын.
ІІ Жаңа сабақ
Қоянның терісінің жыл маусымына өзгеріп отыратынын айтамын. Үлгі суретті тақтаға ілемін де, бүгінгі сабақта қоянды геометриялық фигуралардан қиып құрастырамыз.
Сергіту сәтінде қоян жайлы танысу әндер айтып, билер билетіп, сұр немесе ақ, қоңыр түсті қағаздар дайындап, мына суреттегідей етіп қиып құрастырғызамын.

  1. 2

  1. 5

7
3
1 1 8

3


6

5
7
4

Қиылған геометриялық фигуралар кардонға желімделеді.


“Ассоциация” әдісі

ә демі жануар


тез жүгіреді қорқақ

Сабақтың арасында қауіпсіздік ережесін ескеремін.


III Қорытынды:
Балаларға бүгін нені жасағанымызды сұраймын, қоян жайлы сұрақтар қоямын.
IV Бағалау:
Оқушылардың жұмыстарын салыстыру арқылы тиісті, әділ бағаларын қоямын.

Пәні: Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. 344-349 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаттығуларды орындату барысында, етістік туралы білімдерін терең және жан-жақты меңгерту.
Дамытушылық: Осы жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң ойлана білуге дағдыландыру және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды әдемі жазуға үйрету және қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Қима қағаздар, жұмбақтар, семантикалық карталар, ребус т.б.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, “ой қозғау” әдісі, “ішіне – сыртына” әдісі, семантикалық карта, “топтастыру” әдісі т.б.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
-Балалар біз бүгін етістікке байланысты жаттығулар жасаймыз.
Н н
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
344-жаттығу. “Ой қозғау” әдісі
-Балалар әр топқа орындары ауысқан бірнеше сөздер беремін. Сендер берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар және етістікті тауып оларға сұрақ қойыңдар.
345-жаттығу. “Топтастыру” әдісі
4 топқа бір-бірден жұмбақ таратамын. Сендер жұмбақтың шешімін табасыңдар және шешімін топтастырасыңдар.
346-жаттығу. (ауызша)
Суретке қарап әңгіме құратқызып, ат қойғызамын.
IV Сергіту сәті:
Оңға, оңға – түзу тұр.
Солға, солға – түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
347-жаттығу. “Ішіне – сыртына” әдісі

Мысалы:


Ішіне

Сыртына

Ит үреді
Мысық мияулайды

Үреді
мияулайды

348-жаттығу. Е.с.с.


V Сабақты қорыту.
Оқушыларға етістікке байланысты ребус шешкіземін.
4 топқа семантикалық карта тарата отырып, сабағымды қорытамын.
Семантикалық карта.

Сөздер

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

Не істеді?

Ойнады
Ит
Айгүл
Кітап
Т.б.

+
+
+
+




+
+
+

Етістік дегеніміз не? т.б.с.с.


VI Үйге тапсырма беру.
- Балалар үйден 348-жаттығуды орындап келесіңдер және де ереже жаттау.
VII Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуына, сұраққа жауап берулеріне байланысты топ басшылармен ақылдаса отырып әділ және тиісті бағаларын қоямыз.
VIII Қорытынды.

  • Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Енді елесі сабақта бұдан да күшті дайындалып келіңдер.
Қоңырауға шығуға рұқсат.

Пәні: Психология


Сабақтың тақырыбы: Танымдық жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Танымдық жаттығулар арқылы оқушылардың зейінін басқаға аударуы немесе бөлуді дамыту. Жаттығулардың мазмұны бойынша толық мағлұмат беру.
Қолданылатын көрнекіліктері: Қызыл – қара сандар бейнеленген бланктер. Секундамер.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, бақылау.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Жаттығу бойынша жұмыс

  1. Жаттығудың мазмұнымен таныстыру.

  2. Жаттығудың орындалу жолдары.

  3. Нәтижесін өңдеу.

  4. Бағалау деңгейлері.

Жаттығу: “Қызыл-қара” кесте
Суреттеу: Зерттеу арнайы бланканың көмегімен жүргізіледі. Олардың 25-сі қызыл, 24-і қара түсті. Сандар берілген уақытпен,келу ретімен табу керек. Бұл бірінші тапсырма.
2-ші тапсырма.
3-ші тапсырма.
Балаға арналған нұсқау:
Бұл кестеде сіздің бланкіңізде 25 қызыл, 24 қара сандар берілген. Сіз қара сандарды өсу ретімен 1-ден 25-ке дейін іздеп табуыңыз қажет. Әр қажет сандарды тапқан сайын сол санға тиісті әріптер жазып отырыңыздар.
III Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту.
IV Оқушыларды бағалау. Әр оқушының өз уақытымен тапқанына байланысты тиісті баға қоямын.

Дидактикалық бірліктерді іріктендіру


Технологиясы.
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі таңбалы сандарды бағандап қосып, азайту тәсілдерін меңгерту, үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей білуге төселдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет