Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Стандарттау саласындағы халықаралық



бет19/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86
Акишев

5.2. Стандарттау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың мәселелері
Халықаралық байланыстың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда.
Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.
Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі – үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтық, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.


5.3. Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер
Халықаралық стандарттау саласвнда стандарттау жөніндегі Халықаралвқ ұйым (ИСО), халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электротехника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары – Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея (2-cурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет