Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі


Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары



бет2/15
Дата21.10.2022
өлшемі394.55 Kb.
#463209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Документ Microsoft Office Word

3. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары


6. Ньюкасла ауруымен құстардың ауыруына күдік туған жағдайда, құс шаруашылығының әкімшілігі және ветеринариялық маманы немесе құстардың иелері міндетті:
1) шаруашылықтың аумағына (ауласына) бөтен адамдардың кіруіне рұқсат етпеуге, шаруашылықтың ішінде құстардың орын ауыстыруын тоқтатуға және одан құстарды, жұмыртқа және құс шаруашылығының басқа өнімдерін, және де азық, құрал-саймандар, жабдықтар, қи-нәжістерді көлікпен тасымалдап шығаруға;
2) ауру шыққан жағдайда немесе аурудың шығуына күдік пайда болғанда, ауданның Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына және ауылдық әкімшіліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауға.
7. Құс шаруашылығының ветеринариялық маманы, ауданның (қаланың) және ауылдық округтың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы диагнозды анықтауға шұғыл шаралар қабылдайды, осы мақсатта ветеринариялық зертханаға зерттеу жүргізуге (герметикалық жабылған ыдыста) өлген ауру құстардың жаңа мәйіттерін (3-5 бастан кем емес) және ауру құстардың қан сары суын (10-20 сынақтан кем емес) жібереді.
8. Ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ньюкасла ауруының шыққаны туралы хабарландыру алған жағдайда міндетті:
1) эпизоотологиялық ошақты тоқтатуды және жоюды ұйымдастыру үшін және індет көзін анықтау мақсатында қолайсыз шаруашылыққа, елді мекенге жедел баруға;
2) қажет жағдайда, ауру ошағында барлық шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты ветеринариялық маманды (эпизоотологты) тағайындауға;
3) тәулік мерзімі ішінде аудандық (қалалық) әкімшілікке аурудан таза емес шаруашылыққа (елді мекенге) карантин қою туралы материалдарды, аурудың таралуына жол бермеу және жою туралы негізгі шаралардың жоспарын және аурумен күресу туралы арнайы комиссияны құру туралы ұсынысын тапсыруы қажет;
4) бірмезгілде көрші аудандардың ветеринариялық инспекторларына және жоғары тұрған ветеринариялық органға, ньюкасла ауруының шыққаны туралы хабарлауға, індет қоздырғыштарының ену көздері және ауруды тоқтату немесе жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлауға.
9. Тиісті аумақтың жергілікті атқарушы мекемесі, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" заңының 27 бабына сәйкес, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша ньюкасла ауруынан таза емес шаруашылыққа, елді-мекенге карантин қою туралы шешім қабылдайды.
10. Егерде ауру қалада шықса, жекелеген көшелерге, кварталдарға немесе бүкіл қалаға аурудың таралу дәрежесіне байланысты карантин қойылады.
11. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарында ньюкасла ауруы шыққан жағдайда, кәсіпорынның аумағында орналасқан ауруға шалдыққыш құстардың бастарының барлығын етке союға, барлық құс өнімдерін сатуға және өндірістік құс бөлмелері жайларын және кәсіпорынның аумақтарына (механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация) санация (тазарту) жүргізуге жететін қажетті мерзімге карантин қойылады. Құстарды етке сою және тұтас еттерін тасымалдап шығаруды, осы Ереженің 14 тармағының 1 тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.
12. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорынның ветеринариялық қызметі, кәсіпорынға соңғы 10 күн ішінде етке тапсыруға түскен құстарда ньюкасла ауруы шыққаны туралы жеткізуші-шаруашылықтарға тез арада хабарлауға тиіс.
13. Ньюкасла ауруына карантин қойылған және аурудан таза емес құс шаруашылықтарында немесе елді-мекендерге тиым салынатыны:
1) құс бөлмелері жайларынан ньюкасла ауруына шалдыққыш құстарды шығаруға;
2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралап көруіне;
3) құстарды және құс өнімдерімен сауда жасауға, құстар және құс өнімдерін (тұтас еттер, жұмыртқа, эмбриондарды, түк-мамықтарды, қауырсындарды) дайындауға, шаруашылыққа тасымалдауға немесе одан тасып шығаруға.
14. Құстардың ньюкасла ауруынан таза емес құс шаруашылығында ауруды жоюда келесі шаралар жүргізіледі:
1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, аурудан таза емес құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсілмен өлтіріледі және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетпеуіне және жайылмауына жол берілмеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткіш сөндіріледі, терезелер және есіктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткілікті балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсілмен өлтіріледі және тек ауру немесе ауруға күдікті құстардың көздері жойылады;
2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егерде барлық құстарды етке союмен қамтамасыз етудің мүмкіншілігі болмаған жағдайда - оларды ньюкасла ауруына қарсы егеді. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантинді алуға дейін, 2 аптадан кешіктірмей етке тапсыру қажет;
3) тұтас еттер қайнатылады және осы шаруашылықтың ішінде халыққа тамаққа қолданылады
құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас еттері облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас дайындаушы кәсіпорындарына өндірістік қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жіберіледі;
5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық жағдайларды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерді, құрал-саймандарды, жабдықтарды дезинфекция жүргізе отырып жүзеге асырады;
6) клиникалық сау құстарды етке сою кезінде алынған түк-мамық және қауырсындарды дезинфекцияланады;
7) ньюкасла ауруы шыққанға дейінгі және карантин кезеңіндегі алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және аурудан таза емес шаруашылықтың ішінде тағамға қолданылады;
8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсілмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлік тағамдарға қолдануға, облыс ішіндегі тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының жайылып таралып кетуін болдырмау үшін шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлікті, жұмыс киімдері және аяқ киімдерді, қызметшіні санитариялық өңдеу);
9) ньюкасла ауруына қарсы бұрын егілмеген аурудан таза емес шаруашылықтың барлық қалған құстарын вакцинациялайды. Бұрын вакцинацияланған құстарға иммунитеттің деңгейіне тексеру жүргізіледі (құстардың қан сары суы зерттеледі), қажет жағдайда ревакцинациялайды;
10) карантинді алғанға дейін жұмыртқаларды инкубациялауды және балапандарды өсіруге қабылдауды тоқтатады.
 15. Елді-мекен тұрғындарының меншігіне жататын құстардың арасында ньюкасла ауруы анықталған жағдайда, аурудан таза емес аулалардағы барлық ауру немесе ауруға күдікті құстарды отқа жағу арқылы жояды, ауру құстармен байланысы болған осы ауладағы қалған құстарды, және де көрші аулалардағы барлық құстарды етке сояды, тұтас еттері қайнатылады және шаруашылықтың ішінде тамаққа қолданылады. Етке сойылған құстардан алынған түк-мамықтары, қауырсындары және ішкі мүшелері отқа жағылады.
Аурудан таза емес елді-мекеннің ауруға шалдыққыш қалған құстарын, Қазақстан Республикасында тіркелген биопрепараттармен қолдану нұсқаулықтарына сәйкес, ньюкасла ауруына қарсы вакцинациялайды.
16. Көрші аурудан таза емес құс қораларына, құс бөлмелеріне, аулаларға мұқият механикалық тазарту және дезинфекция жүргізіледі. Нәжіс-қиларға және терең төсеніштерге оқшауланған жердің бөлігінде биотермиялық залалсыздандыру жүргізіледі.
17. Құс шаруашылығында және қауіп туғызушы аймақтағы елді мекендеріндегі мемлекеттік ветеринариялық қызмет, ветеринария мамандары және шаруашылықтардың жетекшілері, әкімшіліктердің өкілдерімен бірге, құс шаруашылығын, елді-мекендерді ньюкасла ауруының қоздырғышының таралып кетуінен сақтаушы шара қабылдайды, және осы мақсатта ұйымдастыратын жұмыстары:
1) құстардың және құс өнімдерінің, азықтардың, жабдықтармен құрал-саймандардың аурудан таза емес бекеттерден тасымалданып шықпауы мақсатында, сол аймақтардың шекараларында карантиндік постарды ұйымдастырады;
2) осы нұсқауышта қарастырылған, шаруашылықтың санитарлық жағдайына, нәжіс-қиларды, төсеніштерді тазартуға және оларды залалсыздандыруға, және де өз уақтысында егу және басқа шаралардың жүргізілуіне бақылау жүргізіледі.
 18. Аурудан таза емес аймақтарда орналасқан құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарында және елді-мекендерде, ауруға шалдыққыш құстардың барлық бастары, вакцинаны пайдалану нұсқаулығындағы тәртіпке сәйкес, өз мерзімінде ньюкасла ауруына қарсы егіледі.
19. Карантинді алар алдында ауданның, облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, құс шаруашылығында осы Ережеде көрсетілген шаралардың дұрыс жүргізілгенін тексеруге міндетті, одан кейін карантиннің алынғандығы туралы сәйкестік акті жазып, аудандық, облыстық әкімшілікке тапсырады. Соңғы тіркелген ауру құсты жойғаннан кейін және бөлмелерге, аумақтарға сенімді санация жүргізілгеннен соң, 30 күн өткеннен кейін құс шаруашылығынан карантин алынады.

Құстардың Марек ауруын алдын алу
және жою туралы ережесі


Осы Құстардың Марек ауруын алдын алу және жою туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет