Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет104/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 105 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 104



Стр. 106

Қазақстанның ашық кітапханасы


105
ағаш арбалардың сықыры ғана естіледі. Бұл әлі ағылып жатқан бейбіт жұрт пен әскер
бөлімдерінің жүктері. Бір жерінде маң-маң басып кемпірдің өгіздері де кетіп бара жатқан
шығар.

Жұмыртқаламай, құр сылаңдап...— деп анда-санда тауығына ұрсып қойып,
кемпірдің өзі де кетіп бара жатқан шығар...
Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ.
ұзыннан-ұзақ шұбатылған қалың көп баяу қозғалады. Жұрт әрі шаршаған, әрі қорқу
дегенге бойы үйреніп алған сияқты. Ағаш арасында, саяларда ұйлығып ұйықтап жатқан
топ-топ адамдар кездеседі. Үйінен шыққанда үйіп тиеп алып шыққан нәрселері де енді
жеңілденіп қалыпты.

Анау көпірдің шуы! •—• деді сақ құлақ Петр.

Келіп қалғанбыз ба?

Келіп қалғанымыз.

Оң жағымызда, не базарда болатың не кемпір аузында болатын у-шу бар екен.
Көбінесе, басым шығып жатқан адам даусы. Әйелдердің қарғыс айтқанда шығатын ащы
дауыстарына араласа, қысқа-қысқа зекіп қалған еркек даусы келеді.
Бұлтты қабағы тұнжырап, таң да біліне бастады, нысанаға алған көпірге біз де жетіппіз.
Өзеннің арғы бетінде оңтүстікке қарай созылып, үлкен деревня жатыр. Бау-бақшалары
солтүстікке қарай созылып, алыста қарауытып көрінген қалың орманға барып тіреліпті.
Деревняда үн де жоқ, от та жоқ. Жалғыз ғана ұлыған иттің үні естіледі. Оған жауап берген
ит және жоқ. Айналаны анықтау үшін, жата қалып қарадық.
Шабуылмен келе жатқан неміс армиясын біз тосар жер осы өзен осы кемпір. Бізден кейін
қару мен қару әңгімесі басталады. Жау танкылары иықтап келе жатқан бейбіт жұртты
бөліп әкетер шекарамыз да осы.

Немістер! — деді Петр жатқан бойы.

Қайда? Қане?

Жерді тыңда!
Жерге құлағымды тосып ем, дәл астымыздан ауыр қол етіп бара жатқандай, жер дүңк-
дүңк етеді екен. Тас жолмен келе жатқан танк лектерінің дүрсіл-гүрсілі басыңды көтерсең
естілмейді де, құлағыңды жерге тоссаң айқын естіледі. Ауыр қолдың жат үні айқын
танылып қалды. Манадан алаңсыз келе жатсақ, енді бірінші рет айқас шегіне жетіп
қалғанымыз бәрімізді бір уыс қылып, үркердей жинапты. Командир әмірін күтіп
жолдастарым маған қарайды да, алғашқы бергелі тұрған әмірімнің аумағын анықтай
алмай, мен тұрмын. Сасыңқырап қалып, тапсырмаларымды тым көп беріп, екі
жауынгерімді көпір маңайын барлап қайтауға жібердім.
Көпірден бес шақырымдай жоғары, қызылды-жасылды оттар жарқылдасып қалды. Әр
жерден аспанды сызып, ақ оттар, сары оттар жауап беріп жатыр.

Ақылдасып жатыр...— деді Зонин өзіне-өзі айтқан үнмен.
Алғашқы абыржудың әсері болу керек. Мен одан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет