Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет119/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 119



Стр. 121

Қазақстанның ашық кітапханасы


120
Ұялған, қысылғанға қарамай, Петр Володяның қойнынан «Правда» газетін суырып алды
да, оқи бастады:
«Оңтүстік майданында Н дивизиясының өжет жауынгері комсомолец Владимир Толстов
жалғыз алысып, жаудың ауыр танкысын жойған...»
Біз шуласып, Володяны құттықтап жатқанда, алыстан ататын зеңбірек даусы гүмп ете
түсті. Ойын-күлкілерің тыйылсын дегендей, жақыннан ғана миномет арс етіп қалды. Бізді
Ревякинге шақырған бір жауынгер де кіріп келді...
Біздің бөлім түгел жиналған екен. Ревякин орнынан тұрды да, төбемізге ең ауыр бомба
тастағандай етіп:

Москваға қатер төнді! — деді.
Біз солдатпыз. Солдат әр кезде от ішінде. Жанып жатқан от-түтіннің қалай қарай ұшып
жатқанын көрмейді де, білмейді де. Бірақ, от ішінде жүрген солдат отын емес. Отты өзі
тұтатады, отты өзі қоздырады, өзі жанбай шығады. Солдат көзі соғысатын жердің
картасында болады. Бірақ ол Отан картасын да ұмытып кете алмайды. Соғыс бұлты қай
жерге төнгенің соғыс өрті қай жерде жанып жатқанын жауынгер жақсы білуге тиісті.
Бүкіл Отан қатер үстінде екенін бәріміз де жақсы білетінбіз. Бірақ мына қатерді күтпеген
екеміз, сенгіміз келмеді.
Сыртта екі жақтың зеңбіректері де қарама-қарсы атысқан үлкен бір айқас басталып кетті.
Аспанның жыртылып жердің дір қалтырағаны терең қазылған жаппа астында да айқын
естіледі. Сыртқа көзің түсіп кетсе, көтерілген шаң-топырақтан еш нәрсе көрінбей кетіпті.
Бірақ мұның бірі де әсер етер емес, бәрі де үйреншікті істер сияқтанып, ешкім қобалжыр
емес. Барлық үнді, барлық қауіп-қатерді Ревякин айтқан үш ауыз сездің салмағы басып
кетті:

Москваға қауіп төнді!
Ревякин бізбен қызбай ғана, ақырын сөйлесіп отыр. Азғана түйіліңкіреп қас-қабақтары,
ұйқысыз түндер мен шаң бораған желден қызарыңқыраған көздері атой беріп, айғайлап,
қадалып та бара жатқан жоқ. Қайта, оның көздеріне біз қадалып бара жатырмыз. Астанаға
төнген қатер салмағын білуге бола ма, сұрана қалсақ — Москваны қорғасуға жіберер ме
еді деген сияқты, орынды-орынсыз сұрауларымызға жауап күтіп қадаламыз.

Москваға қатер төнді! — деп аспан күркірейді.

Москваға қатер төнді!—деп жер тітіреніп жауап береді.
Әрбір үнде бүгін осы мағына ғана қалыпты, басқасы естілмейді де, сезілмейді де. Өте
айқын мағыналы үш сездің тым болмаса біреуі басқа болмай тұрғаны-ай деп, біреуін
болса да өзгерткің келеді. Құлағыңнан кіріп, жүрегіңе барып оқтай қадалған үш айқын сөз
орнынан да қозғалар емес. Тым болмаса біреуін жеңілдетсеңші деп, Ревякинге
қадалатынымыз да сол.
Политрук Ревякин біздің ойымызды танығандай, Москваны қорғау бекіністерінің қай
жермен өтіп, қалай құрылып жатқанын айтты. Бекіністер Москваның өз айналасында да
иін тіресіп тұр екен. Бекіністер қазір жау қолында қалған Украинаның кең даласы мен
Белорус халқының мүкті, батпақты ормандары арқылы да өтіп жатыр. Совет елінің
бұрыш-бұрышында Москва бекінісі салынбаған жер жоқ екен. Қарағандының көмірі
арқылы да, Алтай мен Балқаштың мысы мен қорғасыны арқылы да етіп жатыр. Көмір мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет