Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет13/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Дәріс тезисі:  «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. Германияның бөлінуі. 50-80 ж. халықаралық қатынастар. Европада экономикалық интеграцияның жүзеге асуы. Азия-Африка аймақтарындағы интеграциялық үрдістер.
«Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы. Германияның бірігуі. КСРО-ның ыдырауы. Жаңа геосаяси жағдай. Ғасырлар тоғысындағы аймақтық қақтығыстар. НАТО мен АҚШ жаңа рөлі. Әлемдік қауымдастықтың терроризмге қарсы күресі. Халықаралық-саяси ғылымдағы адамның әмбебап құқықтары» және «ұлттық егемендік» ұғымдарының арақатынасы. Халықаралық аренадағы екі негізгі бағыттың: «мемлекеттің егемендегін» сақтау ж»не «демократияны экспорттауды» жақтаушылар арасындағы күрес.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың сипаты қалай аталды?
2. ХХ ғ. 90-жылдары халықаралық қатынастар жүйесінде қандай геосаяси өзгерістер орын алды?
3. НАТО қызметіне баға беріңіз.
4. Глоссариймен жұмыс жасау.
7. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Семинар сабақтарына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабақтарына дайындалу барысында сабақ жоспарына сай, тақырыптың барлық сұрақтарына жауап беру және олардың жауаптарын дәптерге қысқаша конспектілеу шарт. Сабақта түпдеректер мен құжаттарды пайдаланған шақта, ксерокс көшірмелерін пайдалануға болады. Өз білімін тексеруге бағытталған сұрақтарға да мән берген жөн. Семинар сабақтарына әзірлік барысында оқытушы ұсынған әдебиеттермен бірге өз бетіңізше тапқан қосымша әдебиеттерді, электрондық ақпарат құралдарының деректерін (нақты болса) пайдалануға болады.
1 тақырып: Капитализм генезисінің мәселелері және ХҮІІ ғ.-ХХғ.басындағы шетелдердің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі тенденциялары. Жаңа заманның экономикалық және саяси доктриналары. 2 сағат.
Сабақтың мақсаты: Капитализм генезисінің мәселелері туралы түсінік қалыптастыра отырып, осы кезеңнің экономикалық және саяси доктриналарына талдау жасау.
Тақырыптың сұрақтары:
1.«Капитализм» ұғымы
2. Европа елдерінің «еркін сауда» саясаты
3.Модернизация Батыс пен Шығыстың өркениетаралық өзара әрекеттерінің көрінісі ретінде
4.Физиократтық экономикалық доктрина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет