«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»



бет5/5
Дата11.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#127599
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:
1.Күн энергиясы, жел, теңіз ағыстары мен толқын көздерін пайдалану жолдары

2. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Тұздылығы.

4. Мұхит суындағы газдар.

5. Тығыздық.

6. Қысым.

7. Мұхит суының мөлдірлігі.

8. Мұхиттар мен теңіздер суының түсі.

9. Дүние жүзілік мұхит суының температурасы.

10. Мұхит суының беткі температурасы.

11. Мұхит суының терең қабаттарында температураның таралу

заңдылықтары.

12. Мұхиттар мен теңіздердің мұз жамылғысының географиялық қабықта

жүретін процесстер үшін маңызы.

13. Толқындар.

14. Толқын элементтері.

15. Ішкі толқындар.

16. Толысу толқындары.

17. Мұхиттың табиғат ресурстары.

18. Мұхитта тірішілік дүниесінің таралу заңдылықтары.

19. Құрлық суларының бөлінуі.

20. Жер асты сулары.

21. Артезиан сулары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.

б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.

Реферат
10 – апта. Бағалау балы -4,0.


  1. Атмосфераның ластану көздері мен зардаптары




  1. Теңіздер мен мұхиттардың ластану жолдары және онымен күресу шаралары




  1. Суды тазартудың табиғи және жасанды жолдары




  1. Байкал, Балхаш, Арал, Каспий проблемалары




  1. Суды қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттары




  1. Табиғат байлықтарын қорғау құқықтары




  1. Минералды ресурстарды өңдеуге табиғи комплекстік әдістерді өндіріске енгізу




  1. Табиғи байлықтардың шикізатын жасанды жолмен алу.




  1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі


10. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы.

Глоссарий
11 – апта. Бағалау балы -4,0.


  1. Гидросфера




  1. Мұхит




  1. Теңіз




  1. Жер асты сулары




  1. Өзен




  1. Көл




  1. Мұздықтар




  1. Батпақтар




  1. Гляциология


10.Жалпы гидрология
11.Лимонология
12. Потимология
13.Тельматология
14.Гидрогеология

Үй жұмысы
12 – апта. Бағалау балы – 4,0.
Тақырыбы: Топырақты ластаудан қорғау
Жоспар:

  1. Топырақты химиялық зиянды заттардан қорғау

  2. Жарамсыз жерлерді пайдалануды жүзеге асыру

  3. Топырақты қорғау құқықтары

Қазір ғылыми – техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген немқұрайлығымыздан анық байқалады.

Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін, 0,2 – сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптее бері –ақ кеміген.

Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар –ақ келеді. Соңғы жылдарға шейін орталық Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93 пайызына қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нұқсан келтірді. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі аймағын ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.

Қазақстанда бүкіл Д.И. Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып оытрған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Оның үстіне олардың көбісін ең арзан ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады.Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық – қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндіріс мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны - әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс –қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыдырап, минералдандыратын бірден – бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жерге саналып, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиян әрекеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс – қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет.

Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролы стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында сыналды, ракеталы ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Жалпы Қазақстанда 500 – ден астам атом бомбасының жарлысы болды, оның 20- дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ыластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі Капустиняр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары ұшан – теңіз екені даусыз.

Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру обьектілеріне су тасқынынан кейін сайлы – салалы, құм – тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады.

Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік – шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.




Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақтың түзілуі

  2. Топырақ түзуші факторлар

  3. Топырақтың минералдық құрамы

  4. Топырақтың минералдық қасиеттері

  5. Топырақ құнарлылығы

  6. Қазақстан топырақтарының экологиясы

  7. Қазақстанның сурмалы егіншілігі

  8. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау

  9. Топырақ сапалылығы

10. Топырақты тыңайту мәселелері.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
1.Дежкин В.Фетисов Т. Табиғаттағы тепе- теңдік ғажаптары. А..,1981.

2.С. Қаженбаев, С. Махмутов Табиғатты қорғау А.., 1992.

3.А.В. Михеев, К.В. Пашканг Охрана прирорды М.., 1990.

4.Табиғат – ел байлығы. Қайнар баспасы. А.., 1979.

5.Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева Экология А.., 2002

6. Е. Жамалбеков, Р. Білдебаева Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы А.., 2000

7. Иманғазиев К. Егіншілікте тыңайтқыш қолдану жүйесі. А.., 1970

8. Одум Ю. Основы экологии М.., 1975

9. Ковда В.А. Основы учения о почве М.., 1973

10. Жамалбеков Е.Ү. Жер құнары - өмір нәрі А.., 1987.



3.Топырақтың_физикалық_қасиеттері'>Реферат
13 – апта. Бағалау балы – 5,0.
1.Топырақ түзуші факторлар
2.Топырақтың минералдық құрамы
3.Топырақтың физикалық қасиеттері
4.Топырақтың радиоактивтілігі
5.Топырақтарды классификациялау
6.Қазақстан топырақтары және оларды тиімді пайдалану жолдар
7.Орманды дала зонасының өсімдіктер әлемі
8.Орманды дала зонасының өсімдік түрлері
9.Орманды дала зонасының өсімдіктерін пайдалану жолдары
10. Топырақты тозудан , эрозиядан қорғау.

Глоссарий
14 – апта. Бағалау балы – 5,0.

1.Табиғи қазба байлықтар
2.Минералды ресурстар
3.Топырақ
4.Топырақ ауасы
5.Ризосфера
6.Эрозия
7.Су эрозиясы

8.Жел эрозиясы


  1. Химиялық үгілу




  1. Физикалық үгілу




  1. Топырақ түзуші аналық жыныс




  1. Топырақтың гумус жағдайлары




  1. Топырақ ылғалы




  1. Топырақтың құрылымы




  1. Топырақтың нығыздылығы




  1. Топырақтың кеуектілігі




  1. Топырақтағы кірмелер




  1. Топырақтағы қосылыстар




  1. Топырақтың физикалық қасиеті




  1. Топырақтың ылғал режимі




  1. Топырақтың жылулық режимі




  1. Топырақты мелиорациалау




  1. Топырақты рекультивациялау




  1. Фитоагротехникалық мелиорация




  1. Агрохимиялық мелиорация




  1. Фитохимиялық мелиорация




  1. Сорланған топырақтар




  1. Сортаң топырақтар




  1. Солодтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет