Тақырыбы: ҒылымғА Қадам


МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕСЫ ХАЛЫҚ ТАРИХЫ АРНАСЫНДА



бет23/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Ғылым

МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕСЫ ХАЛЫҚ ТАРИХЫ АРНАСЫНДА

«Құтты білік» дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүни өзінің «Құтты білік» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды.
Сол сияқты, саманидтердің түркі әулетінен шыққан, Бұхараны билеген эмирі Ахмед ханның баласы Исмаил өте әділ, өзінің халыққа жасаған көп жақсылықтарымен көзге түскен. Оның бір әдеті болған екен.Қыстыгүні қатты суық пен боран болғанда өзі атына мініп алып, қаланың ортасындағы алаңда түскі намазға дейін болуды әдетке айналдырған. Мұның себебін: «Мүмкін, маған жолығу үшін аймақтардан келген адамдар боран мен суықты күндерде біздің сарайды тауып келе алмауы, тамақ ішетін немесе тоқтайтын жері болмауы мүмкін. Ал мен алаңда тұрсам, олар келіп, бірден шаруаларын айтып, тындырып кетулеріне мүмкіндік алады»-деп түсіндіреді.
Түркілер құрған империя тек «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ғана құрылған емес еді. Ежелгі Қытай данышпаны Лу Цзя: «империяны атқа отырып жаулауға болар, бірақ оны ат үстінде отырып басқару мүмкін емес» дегеніндей, түркі басшылары өзінің иеліктерін билеуде түрлі бейбіт іс-шараларды шебер пайдаланды. Мысалы, иеліктерін басқаратын жергілікті өкілдеріне лауазымдар мен атақ дәрежелер беріп отырды, діни наным-сенімдердің әр түрлілігіне толеранттылықпен қарады, қыз берісіп,қыз алысу сияқты сол кездегі дипломатиялық әдіс-тәсілдерді де ұтымды пайдаланып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет