Тақырыбы: Науқастар мен қызметкерлер үшін аурухананың қауіпсіз ортасы. Тақырып 1


СТАНДАРТ Науқасты арқасымен орналастыру



бет7/8
Дата03.01.2022
өлшемі23.21 Kb.
#450431
1   2   3   4   5   6   7   8
53747a27-6bd0-421c-a620-24e6dadf56df

СТАНДАРТ

Науқасты арқасымен орналастыру
Мақсаты: Науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Көрсетілімі: Науқастың төсектегі пассивті және мәжбүрлі қалпы, терінің ойылуының алдын алу.

Әзірле: функционалды кереует, валик-4, шағын жастық-2, қол білезік қопасына арналған валик-2, аяқ тіреуіш(құм салынған қапшық).

Іс-әрекет алгоритмі

  1. Науқаспен жақын сенімді карым-катынаста болыңыз.

  2. Науқастың хал жағдайын бағалаңыз, мүмкін көшіруге көмегі тиюі мүмкін.

  3. Колыңызды гигиеналық деңгейде жуып, колғапты киіңіз.

  4. Керуеттің тежегішін бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған жағының қол тежегішін түсіріңіз( егер бар болса)

  6. Науқасты төсекке горизонтальды жағдайда арқасымен жатқызыңыз.

  7. Науқастың бел тұсының астына ақ жаймамен оралған шағын валикті қойыңыз (бел омыртқаларын ұстап тұру үшін).

  8. Иықтың жоғарғы бөлігінің астына шағын жастық қойыңыз, бас астына жастық қойыңыз(дененің жоғарғы бөлігінің дұрыс орналасуын қамтамасыз ету үшін, мойын омыртқаларының майысуының алдын алу үшін).

  9. Валикті ортан жіліктің ұршық басы тұсынан бастап санның сыртқы бетімен қатарластырып қойыңыз (санның сыртқа бұрылуының алдын алу үшін).

  10. Балтырдың төменгі үштен бір бөлігінің астына кішкентай жастықша немесе валик қойыңыз (өкшеге түсетін қысымды азайту және ойылмауы үшін).

  11. Табанының астына 900 бұрышпен тіреуіш қойыңыз (табанның сыртқа бұрылмауы және салбырамауы үшін).

  12. Науқастың қолын алақанымен төмен қаратып, денесіне қатар /параллель/ қойып, білек астына кішкене жастықша қойыңыз.төске қарама-қарсы иық алдына жастықшаларды қойыңыз(иықтың және шынтақ буынының сыртқа айналуын азайтады).

  13. Науқастың қолына саусақтарына арналған валик ұстатыңыз (саусақтардың жазылуын азайту үшін)

  14. Науқастың ыңғайлы, жайлы жатқанын қадағалаңыз.

  15. Қолғаптарды шеш. Қолды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет