Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 6. Жол қозғалысын ұйымдастыру тиiмдiлiгiн бағалдау тәсiлдерi



бет38/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 6. Жол қозғалысын ұйымдастыру тиiмдiлiгiн бағалдау тәсiлдерi


Лекция №11.
1.Қиылыстардағы қозғалыстар.
2. Бір жақты қозғалыс.
3. Шеңберлі қозғалыс.

Жолдардың және сонымен қатар көлік пен жаяу жүргіншілер ағынының қиылысатын жол-көше торабының орнын қиылыстар деп атаймыз. Арнайы әдебиеттерде бұл орындардың басқа да аттары кездеседі: көліктік түйін, шиеленістер, қиылыстар және т.б. Отандық жол қозғалыс ережесінің “Жол қозғалысы” туралы Конвенциясына сәйкес бұл орынға келесідей анықтама беріледі: “Қиылыстар деп жолдардың бір деңгейде қиылысқанда пайда болатын аумақты атаймыз (бір бірімен қосылғанда немесе ажырағанда)”.


Қиылыстар қозғалысты кідіртетін және жол-көлік оқиғасы жиі болатын орынға жатады. Біздің елімізде барлық жол-көлік оқиғасының 27 % орташа шамамен қиылыстарда орын алады. Сондықтан да осы орындарда бірінші кезекте қозғалысты ұйымдастыру бойынша шараларды қолдану талап етіледі. Оның ішінде реттеуді енгізу керек.
Қозғалысты басқару сиаптына және түріне байланысты қиылыстарды реттелетін және реттелмейтін деп екіге бөлеміз.
Реттелетін қиылыстарға көлік құралдарының қозғалысы мен жүргіншілердің қиылысатын бағытын бөліп тұратын бағдаршамдарды басқару қарастырылған қиылыстарды атаймыз.
Қиылыста бағдаршам қарастырылмаса реттеушінің көмегімен уақытша реттеуге болады. Мұндай шара негізінен бағдаршам жұмысы істен шыққанда немесе қозғалыс жиілігі уақытша жоғарылағанда қолданылады (Мысалы, қарбалас уақытта немесе жөнделіп жатқан жол бөлігін уақытша айналу кезінде). Мұны жаяу жүргінші өткелін реттеу деп атаймыз
Қозғалыс жағдайы бойынша реттелмейтін қиылыстар қозғалысты ұйымдастыру шараларын қолдануына байланысты ерекшеленеді. Реттелмейтін қиылыстарды келесі топтарға бөлуге болады: ұйымдастырылмаған қозғалыс; көлік құралы үшін белгіленген артықшылық; шеңберлі қозғалыс сүлбесі.
Қ азіргі қозғалысты ұйымдастыру жағдайында қозғалысы ұйымдастырылмаған қиылыстар, тек қана екінші дәрежелі көшелерде және жолдарда жіберіледі, ондай жерлерде қозғалыс жиілігі өте аз болады. Бұндай орындарда жол қозғалыс ережесі бойынша оң жағынан кедергісі жоқ жүргізушінің артықшылығы болады. Бұл принцип осы уақытқа дейін барлық елдерде жол қозғалысы бойынша конвенцияға сәйкес қолданылып келеді. Өту жылдамдығы және қауіпсіздік деңгейі қиылыстардың қапталды көрінуі жағдайына байланысты болады. 4.3.1-кестеде Sв қапталды көрінуі ара-қашықтығының мәндері және соған байланысты қауіпсіздік жылдамдықтары келтірілген. Бұл дер кезінде оң жақтағы автокөлікті көруге және оған жол беруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет