Лекция 3 Қолданыстағы жолдарда қОЗҒалысты ұйымдастыру және басқару



бет1/2
Дата12.09.2023
өлшемі36.55 Kb.
#477225
түріЛекция
  1   2
3 дәріс (2)


Лекция 3
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖОЛДАРДА ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Жол қозғалысын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері


Жолдарды күтіп ұстау қызметінің маңызды міндеттерінің бірі – қолданыстағы жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру шараларын жасау және іске асыру. Аталған шаралар бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғалысты ұйымдастырмай оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.


Жолда қозғалысты ұйымдастыру – бұл жолдың геометриялық параметрлері және оның жай-күйімен берілген мүмкіндіктерді көліктер ағынымен барынша пайдалануды көздейтін инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Оның құрамына кіреді:

  1. жүру бөлігі ені және қозғалу бағыты бойынша көліктер ағынын орналастыру және бөлу;

  2. жүргізушілерді қозғалыс бағыты туралы бағдарлау;

  3. әртүрлі жылдамдықта жүретін автомобильдерді топтарға бөлу;

  4. күрделі телімдерде қозғалу траекториясын бөлу;

  5. бір жолақтан екіншісіне өтуді қамтамасыз ету және т.б.

Қозғалыс ұйымдастыруға сондай-ақ неғұрлым орынды маршруттар және қозғалыс шарттары туралы ақпараттар кіреді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі деп жол-көлік оқиғаларынан және олардың салдарларынан қозғалысқа қатысушыларды қорғайтын инженерлік-техникалық, жоспарлау және ұйымдастыру шешімдері мен іс-шаралар кешенін түсіну керек.
Қозғалысты ұйымдастырудың негізгі әдістері көлік құралдарының жекелеген түрлері, сондай-ақ әртүрлі жылдамдықтармен қозғалатын көлік құралдары арасындағы қақтығыстардың ықтималдығын азайту үшін көлік құралдарының біртекті топтарына ағындарды бөлуден және оларды түрлері, орны мен уақыты бойынша ұтымды бөлуден тұрады.
Негізгі қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары:

  • жол беті белгілері;

  • бағыттағыш құрылымдар;

  • жол белгілері және көрсеткіштер;

  • бағдаршамдар.

Қозғалысты ұйымдастыру шараларына кіретіндер:

  • жөндеу үдірісі кезінде орындалатын жол шарттарын жақсарту;

  • қиылысу жоспарын жақсарту;

  • дөңестерге көтерілу телімдерінде қосымша жолақтар жасау;

  • бағыттағыш аралдар және т.б.

Көліктер ағындарын ажыратқанда, олардың келесі түрлері есепке алынады:

  1. қарастырылатын ауданға немесе елді мекенге қатысты транзитті (үздіксіз транзит);

  2. қарастырылып отырған ауданға басқа аудандардан немесе елді мекендерден кіретін көлік ағындары (кіретін үзілген транзит);

  3. қарастырылып отырған көлік ауданында немесе елді мекенде туындайтын және басқа ауданға немесе қалаға арналған, шығатын қозғалыс (шығатын үзілген транзит);

  4. қарастырылып отырған көлік ауданында немесе қалада пайда болатын және аяқталатын (аудан ішілік немесе қалалық қозғалыс).



Үздіксіз транзитті ұйымдастыру үшін айналма жолдарды пайдалану орынды. Айналма жолдар болмаған жағдайда транзиттік қозғалыс үшін, жол және көше желісінің аз жүктелген телімдерін бөледі. Транзитті қозғалыс үшін таңдалған жолдар мен көшелерді жол белгілері және жол беті белгілеулері көмегімен көлік ағындарының мақсаты бойынша бөле отырып, үздіксіз және үзік транзит схемасын әзірлейді.
Ағындарды түрлері бойынша бөлу ЖКО мен көлік кідірістерінің санын азайтуға тиімді, сондай-ақ жол желісін әртүрлі көлік құралдарымен және жаяу жүргіншілермен неғұрлым ұтымды пайдалану мүмкіндігін береді.
Түрлері бойынша ағындар бөлінеді:

  1. жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен көлік құралдарының белгілі бір түрлерінің қозғалысына тыйым салатын белгілерді және бір деңгейде қиылыстардағы бағдаршамдарды орнату жолымен;

  2. жаяу жүргіншілерге арналған жер асты және жер үсті өтпелері, "зебра" үлгісіндегі қиылыстар, жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарлар немесе жаяу жүргіншілер қосатын бағдаршамдар орнату құрылғылары;

  3. стандартты емес жүктерді және, мүмкін болса, тәуліктің ең аз жүктелген уақытында ұйымдастырылған көліктер легін және т.б. өткізу.

Ағындарды деңгейлер бойынша бөлу үшін әртүрлі деңгейлерде автомобиль және темір жолдармен қиылысулар, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдері салынады.
Ағындарды бағыттар бойынша бөлу көлік ағындарын реттеуге және қозғалыстың әрбір бағыты үшін арнайы жолақтарды бөлуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әртүрлі бағыттарда қозғалыс үшін олардың арасында бөлу жолағы немесе тұтас сызықтармен (сплошная линия) жекелеген жүру бөліктерін, шағын радиусты қисықтарға бөлу аралдарын, бір деңгейдегі канализацияланған қиылыстарды, бағыттаушы аралдарды жасайды (3.1 – сурет).




    1. – сурет – Қозғалысты бағыттар бойынша бөлу:

а – бағытағыш аралдар және қиылысатын жолдардағы жол беті таңбасы сызықтары; б – бөлу жолағынсыз көп жолақтыжұру бөлігіндегі бойлық жол беті таңбалары; в – жол беті таңбаларымен бағыттағыш аралдарды бөлу


Көлік ағындарын жылдамдық бойынша бөлу қозғалыс ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін үлкен маңызға ие.
Осы мақсатта жолдарды пайдалану кезінде жасайды:

  1. баяу қозғалатын машиналарға арналған қосымша жолақтар;

  2. жолдың жүру бөлігін кеңейтеді және жолдардың қиылыстары мен түйісулерінде, сондай-ақ автобус аялдамаларында екпін мен тежеу жолақтарын бөледі;

  3. қозғалыстың жекелеген жолақтары бойынша жоғарғы, төменгі немесе сол және басқа жылдамдық шегін шектейді;

  4. автомобиль жолдарында жылдамдығы төмен көлік құралдарының өтуіне тыйым салынады.

Жылдамдық тәртібін реттеу – бұл тасымалдардың үнемділігін, жол қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қозғалысты ұйымдастырудың кең таралған тәсілі. Қозғалыс жылдамдығы жолдың ең маңызды сипаттамасы болып табылады. Қолайлы жол жағдайында қазіргі заманғы автомобильдер жоғары жылдамдықты дамыта алады.
Жылдамдықты шектеудің екі түрі бар. Бірінші жағдайда – бұл жол қозғалысы ережелерімен белгіленген барлық жерде жалпы шектеу. Екіншісінде – нақты мән-жайлардан, әдетте жол жағдайларынан туындаған жергілікті шектеу.


Жоспарлау шешімдерінің көмегімен қозғалысты ұйымдастыру

Қозғалысты ұйымдастыру үшін келесі жоспарлау шешімдері ұсынылуы мүмкін:



  1. қиылыстар мен түйісулерде ауыспалы-жылдамдықты жолақтарды жасау;

  2. сол жақ бұрылысы көрсетілген сол жақ бұрылыс құрылғысы;

  3. сақиналы қиылыстар құрылғысы;

  4. қауіптілігі жоғары жерлерде бөлу жолақтарын орнату;

  5. қосымша жолақтарды орнату.

Қозғалысты ұйымдастырудың барлық құралдары жүргізушілерге түсінікті болуы тиіс, күндіз, түнде және ауа райының күрделі жағдайларында жақсы және нақты қабылдануы тиіс.

КҮРДЕЛІ ТЕЛІМДЕРДЕ ЖӘНЕ ҚОЛАЙСЫЗ КЕЗЕҢДЕРДЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Қозғалыстың күрделі жағдайларына жататындар:



  1. қорытынды апаттық коэффициенті ≥ 20-40, қауіпсіздік коэффициенті ≤ 0,6-0,4 жол телімдері;

  2. қозғалыс жағдайын күрт нашарлататын ауа райы жағдайлары;

  3. жолда қозғалысты маусымдық шектеу;

  4. ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау.

Қозғалысты ұйымдастыру бойынша күрделі телімдерге жолдардың қиылысуы мен түйісуі, елді мекендер, таулы жерлердегі жолдар, жоспардағы кіші радиус, тік созылатын көтерулер мен түсірулер, көпірлер мен жол өтпелері, жөнделетін және қайта жаңартылатын телімдер жатады.


Мұндай телімдердгі басты міндеткөлік құралдарының бағыттары, жылдамдығы мен түрлері бойынша ағындарды жеке белгілер, бағыттаушы аралдар мен қауіпсіздік аралдары, қосымша қозғалыс жолақтары және т. б. арқылы бөлу.
Жолдардағы қозғалыс жағдайлары жыл мезгілдері бойынша айтарлықтай өзгереді. Сондықтан жыл кезеңдері бойынша қозғалыстың арнайы сызбаларын әзірлейді, олар жолды белгілеу және жыл кезеңдері бойынша белгілерді орналастыру, қар басылатын телімдерді айналып өту, ауа райының күрделі жағдайларында жолдың өтуі туралы метеорологиялық ақпаратты алу және беру схемасын және жолдың жұмыс істеуі туралы басқа да мәліметтерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет