«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет19/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Ән «Бала тілегі».


АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ.


Мақсаты:
1) ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау;
2) оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, аналарға, әжелерге деген құрмет сыйын арттыру;
3) оқушылар бойында әлемдегі бар аналарды, әжелерді, қыз балаларды сыйлауға, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып, шарлар, мақал-мәтелдер.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні келеді. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Әрбір ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.
Құрметті де қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Оқушылар өлеңдерін оқиды (әр оқушы өзінің жасаған ашықхатын өлең оқып болған соң, анасына береді)
Нұржан: Біз ғана емес, қадір тұтқан балалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Аружан: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағын аясындай гүл бақтың.
Тамирлан: Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың,
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Раушан: Сенен өскен балалар –
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Алмаз: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Осы кезде оқушылар барлығы бастарын иеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет