Терминологиясы


Латын əрпіне негізделген жазу жəне



Pdf көрінісі
бет49/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124
Латын əрпіне негізделген жазу жəне 
термин жасау мəселесі
Біздің елімізде бұрын араб жазуын пайдаланып келген 
халықтар 20-жылдары біртіндеп латын əрпіне көшуді қолға 
алды. Бұл қозғалысты ең əуелі əзірбайжан ғалымдары бастаған 
болатын. Мұнда арнаулы комитет ұйымдасты-рылды да, оны 
Н. Нариманов басқарды. В.И. Ленин 1922 жылы əзірбайжан 
өкілінің жаңа алфавит жайлы хабарын тыңдай отырып, 
мұны «бұл Шығыстағы революция»
59
деп бағалағаны 
жайлы И. Хансуваров жазады. 
59
Хинсуваров И. Латинизация – орудие ленинской национальной политики. 
М.,1932. С.21.


145
1926 жылы ақпанда Бакуде түркі тілдес халықтар жазуын 
латындастыруға бағытталған Бүкілодақтық түркологиялық 
І съезд болып өтті. Съезд жаңа алфавитті енгізу жұмыс-
тары жөніндегі Орталық Комитет құрды...
Сөйтіп, біртіндеп барлық түркі тілдес республикалар ла-
тын əрпіне негізделген жаңа жазуға көшті. Бірақ бүкілха-
лықтық істің жүзеге асуы жолында талай қиыншылық-
тардың болғаны мəлім. Тап қайшылығы шиеленісіп, идео-
логиялық күрес жүріп жатқан тұста социалистік мəдение-
тіміздің даму барысын көре алмайтын керітартпа қауым 
өкілдері, əрине, əр алуан қарсылық əрекетін істеп бақты. 
Қысқасы, бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының жазу 
жүйесін қалыптастыруда ерекше кезең болып есептелетін 
латын əрпіне көшу мəдени əрі əлеуметтік өмірімізде əжеп-
тəуір рөл атқарды. Бұл, ең алдымен, елді прогреске жетелеу-
дің бір мықты құралына айналды. Жаңа алфавит жасауда 
латын графикасының басқаларға қарағанда ыңғайлы екені 
белгілі болды. Мұның тағы бір үлкен пайдасы, өзара туыс 
тілдерде жарияланған көптеген материалдар мен көркем 
əдебиетті оқуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге мұның тағы 
бір астарлы жағы – орыс алфавитіне көшу алдындағы саты 
екендігі. Сөйтіп, 1930 жылы барлық түркі халықтары латын 
əрпін қабылдап бітті. Бұл процестің кеңестік Шығыстағы 
мəні зор мəдени төңкеріс есебінде бағалануы тегін емес. Ла-
тын əрпіне көшу нəтижесінде бұл жылдары 40 тілде жүзден 
аса газет, журналдар мен түрлі əдебиеттер шыға бастады.
Алайда алфавиттерді латындандыру кезеңінде кемшілік-
тердің, асыра сілтеулердің де болғаны белгілі. Қайсыбір 
қызуқанды жолдастар латын алфавитін «дүниежүзілік ком-
мунистік қоғам алфавиті» деп қорытынды жасауға дейін 
барды. Бұл алфавиттің белгілі дəрежеде кейбір ұлттар 
үшін едəуір пайдасы болғанмен, бұрыннан орыс графика-
сын қабылдап, қолданып үйреніп қалған кейбір халықтар 
үшін зияны да тиген еді. Мəселен, удмурт, мордва, чуваш, 
коми, осетин, ойраттардың мəдени тарихынан біз осы-


146
ны аңғарамыз. Латын алфавиті бұл халықтардың табиғи 
мұқтаждығына қайшы жасалғанын көп зерттеушілер ай-
тып жүр
60
. Ал өзін тіпті интернационалиспін деп санаған 
И. Хансуваров түбінде дүниежүзілік революция жеңген 
кезде барлық халықтар үшін негізгі рөл атқаруға тиісті 
алфавит осы латын алфавиті
61
, – деп асыра мақтады.
Жалпы, латын алфавитінің тарихын парақтасақ, о бас-
та бұл алфавит роман, герман тілдеріне əрі шіркеу тілі, əрі 
ғылым мен əдебиет тілі есебінде енген болатын. Латын 
алфавиті латын тіліне жақсы қызмет еткенмен, өзге тілдер-
дің бар ерекшелігін өрнектей алмады. Шынтуайтқа кел-
генде, əлемде барлық тілге бірдей əмбебап алфавиттің бо-
луы мүмкін де емес қой. Қолданыста өзгелерден анағұрлым 
ыңғайлы пішін танытатын алфавиттің болуы əбден 
мүмкін. Бір кезде еліміздегі біраз ұлт тілдерінің жазуы-
на едəуір қызмет еткен латын алфавиті де келе-келе орыс 
халқының мəдениетімен екі араға салынған кедергіге айна-
ла бастады. Орыс тілін, əдебиетін оқып-үйренуде көптеген 
қолайсыздықтар туып жатты. Əрбір ұлт, бір жағынан, латын 
əрпіне құрылған өз жазуымен əуреленсе, екінші жағынан
графикасы басқаша орыс алфавитін тағы оқып, екіжақты 
сарсаңға түсті. Осының бəрі жинақталып келді де, бірыңғай 
орыс алфавитіне көшудің кезеңі туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет