Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері Ceкцияcы: Биoлoгия Бағыты: «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030»



бет6/9
Дата02.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#476422
1   2   3   4   5   6   7   8   9
топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері

Топырақтың негізгі қасиеттері. Топырақтың құнарлылығы, қоректік заттармен, сумен қамтамссыз-оның ең басты және негізгі қасиеттері. Бұл оның табиғатта айрықша зат екендігін көрсетеді.
Топырақтың жұту және сіңіру қасиеті. Топырақтың сіңіру қасиеті деп-оның өз ішіндегі кейбір ерітінділердің қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдер мен басқа кейбір заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін айтады. Сіңіру бірнеше түрге бөлінеді. Олар: механикалық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық. Механикалық сіңіру қасиеті-топырақтың сумен немесе желмен келген әр түрлі заттарды кеуектерінде ұстап қалуы. Физикалық сіңіру қасиеті-топырақтың бөлшектерінің беткі қабатының топырақтағы кейбір ерітінді молекулаларды бойына сіңіру (абсорбция). Физикалық-химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың қатты фазасындағы иондардың тең мөлшерде алмасуы. Химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір иондарды сіңіру арқылы суда ерімейтін немесе өте аз еритін қосылыстар түзу процесі. Биологиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір бөлігі арқылы (микроорганизмдер мен тамырлар) әр түрлі заттарды сіңіруі.
Топырақ қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, оның сіңіру соғұрлым сапалы әрі мол болады.Топырақтың сіңіру қасиетінің маңызы өте зор. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдікке қажетті азот, фосфор, калий, кальцийлермен қатар басқа да микроэлеметтер кездеседі.
Топырақ ортасының реакциясы. Әр түрлі топырақ ортасының реакциясы әр түрлі болып келеді. Топырақтың ортасының реакциясы топырақ ерітіндісіне бос күйінде кездесетін сутек иондарының концентранциясы арқылы (сутектік көрсеткіш-рН) анықталады. Әр түрлі топырақ қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға дейін болады. рН көрсеткіші 3-6,5 болса, қышқыл топырақ; 6,5-7,5 болса, бейтарап; ал одан жоғары болса, сілтіленге топырақ деп аталады. Топырақтың ортасының реакциясы-топырақ қасиеттеріне, ондағы өсетін факторлардың бірі.
Топырақтың ауа-су режимі. Топырақ құнарлылығы мен онда процемтерге физикалық қасиеттерге тікелей байланысты. Топырақта қоректік зат жеткілікті болып, су немесе ауа жетіспесе, өсімдіктер нашар өседі, ал кейде тіршілігі тоқтап қалады. Топырақта ауа-судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне байланысты. Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектіліне тікелей байланысты. Құрылымы жақсы топырақтарға су оңай сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақта сумен қатар, жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Топырақтың суды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін топырақтың су сыйымдылығы деп аталады. Топырақтың су сыйымдылығы оның кеуектілігімен қатар механикалық құрамы, қарашірік мөлшері әсер етеді.
Топырақтың су мен жел әсерінен бүліну себептері және оны болдырмау жолдары. Антропогендік факторлар Табиғаттың әр түрлі факторлары топырақұа түрліше әсер етеді. Қатты жауған жаңбыр, қардың еруі, желдің қатты соғуы тау жыныстарын да, топыраққа да күшті әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет