Реферат тақырыбы: «Резерфорд тәжірбиелері» Пән: «Атомдық физика»



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі29.82 Kb.
#482910
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Резерфорд Ислам


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ
Инженелік-техникалық институты
Математика және физика кафедрасы
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
«Резерфорд тәжірбиелері»


Пән: «Атомдық физика»

6В05301 білім беру бағдарламасы – Физика
Орындаған: Айтмағамбетов И.Ғ
3 курс студенті күндізгі оқу нысаны
Тексерген: Бермагамбетова Ж.Ш

Қостанай,2022

ЖОСПАР


Кіріспе 2
1. Томсонның және Резерфордтың атом моделі 4
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 12


Кіріспе


XIX ғасырдың аяғына дейін атом заттың бөлінбейтін өзгермейтін бөлшегі деп саналып келді. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ- ғасырдың бас кезіндегі ғылыми жаңалықтар (радиоактивтік құбылыс жəне рентген сəулелерінің ашылуы, электронның табылуы т.б.) негізінен атомның күрделі бөлшек екендігін сипаттады. Сонымен атом құрамында электронның болатындығы белгілі болды. Электронның массасы me = 9.1·10-31кг, ал заряды e = 1.6·10- 19Кл, болатын теріс зарядты элементар бөлшек. Бірақ қалыпты жағдайда атом заряды білінбейді, сондықтан да атом бейтарап бөлшек, оның оң зарядты бөлшектерінің шамасы электрондардың зарядына тең болуға тиіс, сонда ғана атом бейтарап бола алады.
ХХ ғасырдың бас кезінде атомның күрделі бөлшек екендігі анықталды, олай болса атомның оң жəне теріс зарядты бөлшектері болады. Осы оң зарядты иеленуші қандай бөлшек жəне электронның қозғалысының себебі неден, олардың орналасуы қалай болатындығы жəне атомның құрылысы қандай екендігі белгісіз болды.
ХХ ғасырдың бас кезінде осы атомның құрылысы жөнінде бірқатар көзқарастар (пікірлер) айтылып, атомның екі моделі ұсынылды:
Қазіргі кезде біз атомның оң зарядталған ядродан және сол ядроны айнала қозғалатын теріс зарядталған электроннан тұратынын жақсы білеміз. Электрон теріс зарядталған бөлшек. Ядроның заряды оң. Ол +eZ-ке тең, мұндағы е-электрон зарядының шамасы, z- Менделеев кестесіндегі элементтің (реттік) атомдық нөмірі.
Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.
Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет