Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен



Дата24.02.2016
өлшемі163.41 Kb.
#15764



Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн

ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 678 қаулысы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №678 қаулысымен бекітілген



Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан

өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының негізінде әзiрленді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізудің бiрыңғай тәртiбiн айқындайды.

2. Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Мемлекеттік техникалық инспекцияның конструкциялары жол қозғалысының кауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында қолданылатын қауіпсіздік талаптарына, белгіленген стандарттарға, қағидаларға сәйкес болуы тиіс машиналардың техникалық жай-күйінің сәйкестігін бағалау жөніндегі қызметі.

3. Жылына бiр рет техникалық байқаудан өткізуге жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – иеленушілер) иелігіндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекцияларында (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) есепте тұрған, машиналар жатады.

Комбайндар да ауыл ауылшаруашығы құрылымдарында, кәсiпорындардында, ұйымдардында, мекемелерде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге жатады.

4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және қоршаған ортаның экологиялық жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.


2. Машиналарды мемлекеттiк техникалық

байқаудан өткізу тәртiбi
5. Аумақтық инспекциялар жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша облыс, аудан, Астана және Алматы қалалары бойынша машиналарды техникалық байқаудан өткізу кестесiн жасайды, онда машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзу орны, мерзімдері және уақыты туралы мәлiметтер болуы тиiс. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша жиынтық кестенi агроөнеркәсiптiк кешенiндi дамыту саласындағы уәклетті орган ведомствосының облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органының бастығы бекiтедi.

6. Облыстың (ауданның, қаланың) аумақтық инспекциясының инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешiктiрмей машина иелерін машиналардың техникалық жай-күйін байқаудан өткізуге ұсыну мерзiмдерi, шарттары мен тәртiбi туралы (жергiлiктi басылымда жариялай отырып) хабардар етеді.

7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу көктемгi егіс және жиым-терiм жұмыстары басталар алдында машиналардың тұрған жерi бойынша және аумақтық инспекция белгiлеген мерзімде жүргізіледі.

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу маусымдық жұмыстар басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын аяқталады.

8. Заңды тұлғалар машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге мыналарды ұсынады:

1) маркасын және моделiн, шығарылған жылын, машинаның және қозғалітқыштың зауыттық нөмiрiн, сериясын және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiснің нөмірін көрсетiп, теңгерімде тұрған машиналар тiзiмi;

2) машинаға тiркеу құжатты (техникалық паспорт);

3) осы Қағидағалаға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның мөрiмен расталған механикалық көлік құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу aктici (2 дана);

4) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

9. Жеке тұлғалар механикалық көлік құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге мыналарды ұсынады:

1) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұлғаның мүддесiн білдіруге азаматтың өкілеттігін куәландыратын сенімхат (бар болса);

3) машинаға тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

4) көлiк құралдарына салық төленгенiн растайтын құжат не көлiк құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

10. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді құрамында аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы комиссия төрағасы, кәсіпорынның бас инженер-механигi мен еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөніндегі инженерi болатын комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына жоғарыда тұрған басқару органдарының, жөндеу қызмет көрсету кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлері, аумақтық инспекцияның штаттан тыс инспекторлары енгізіледі.

11. Жеке және заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі машиналардың техникалық жай-күйін байқаудан өткізу үшін оларды белгiленген мерзімдерде және орынға әкеледі. Мемлекеттiк техникалық байқауға белгiленген мерзiмде әкелінбеген машиналар мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеді деп танылады, ал оларды пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысының ережелерiне (бұдан әрі Жол қозғалысының ережелерi) сәйкес уақытша жол берілмейді.

12. Инженер-инспектор машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізген кезде:

1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, машина, шасси, қозғалтқыш, рама типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

2) машиналардың техникалық жай-күйінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарда, жасаушы-зауыттардың пайдалану жөнiндегi сертификаттарында, нұсқаулықтарында белгiленген адамдардың өмірі, денсаулығы мен мүлкi, қоршаған ортаны қорғау үшін қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерiнiң талаптарына сәйкестігін тексередi. Мiндеттi тексеруге: тежеу жүйесiнiң, рульдiк басқарудың жұмысы, доңғалақтар мен шиналар, жарықтандыру және сигнализация аспаптары, тiркеме құрылғысы жатады.

Тiркемелердiң техникалық жай-күйi трактор поезының құрамында (тартқыш-тіркеме құрылғысының ақаусыздығын және тежегiштердiң блоктануын бақылау үшiн) тексерiледi.

13. Тiркеу деректерінде айырмашылықтар, машина мен қозғалтқыштың зауыттық нөмiрлерiнің, тіркеу құжатындағы мемлекеттiк нөмiрлік белгiлерiнің жалған екендігі анықталған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында белгiленген шаралар қолданылады.

14. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін не жол қозғалысының куіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіретін ақаулары бар машиналар ақаулы деп есептеледі және Жол қозғалысының ережелерiне сәйкес оларды пайдалануға тыйым салынады.

15. Шығарылғанына үш жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық байқаудан өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы үш жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі.

16. Техникалық жай-күйi жасаушы-зауыттың нұсқаулығына, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келетiн толық жабдықталған машина ақаусыз деп есептеледі.

17. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк техникалық байқаудан өткен машиналарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу журналында «Ақаусыз» деген жазу жазылады және байқаудан өткізілген жылы көрсетіліп, байқаудан өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі, ол аумақтық инспекцияның инженер-инспекторының қолымен және тiркеу пунктiнiң мөртабанымен расталады. Талон кабинаның алдыңғы әйнегiнiң оң жақ төменгi бұрышына (оның iшкi жағынан) бекiтiледi.

Талон жоғалған немесе зақымданған кезде аумақтық инспекция өтініш беруші өтінгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Техникалық байқаудан өткізу туралы талонның телнұсқасын береді.

18. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптарды және басқа бақылау құралдары мен тәсiлдерiн пайдаланып тексерiледi. Тiркемелердiң жай-күйi поездың құрамында тексерiледi.

19. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген немесе техникалық байқаудан өткен, бiрақ қауiпсiз пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсіздігіне қауіп төндiретiн немесе экологиялық жағдайдың нашарлауына апаратын ақаулары бар машиналарды басқару фактілері анықталған кезде кiнәлi тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданады, ал мұндай машиналарды пайдалануға тыйым салынып, нөмiрлік белгiлерi алынады.

20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа аудандарға 2 айдан астам мерзімге шыққан машиналарды инженер-инспектор өзі белгiлеген мерзiмде олар уақытша есепке қойылған жер бойынша техникалық байқаудан өткізуге ұсынады.
3. Машиналарды мемлекеттiк техникалық

байқаудан өткізу нәтижелерiн ресiмдеу
21. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу нәтижелерi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу актiсімен екі данада ресiмделедi. Бiрiншi дана заңды тұлғаның өкiлiне берiледi, ал екiншiсi анықталған кемшiлiктердi жою барысын бақылау үшiн тіркеу пункітінде қалады.

22. Жеке тұлғалардың машиналарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес машиналарды техникалық байқаудан өткізу актілермен ресімделеді.

23. Машиналардың жай-күйін мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізудің жиынтық қорытындыларын аумақтық инспекциялар машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жақсарту жөнiндегі әзiрленген іс-шаралар мен ұсыныстарды қоса беріп, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

24. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу құжаттары 3 жыл сақталады.


Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына

1-қосымша

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актiсі
20__жылғы «___»________

Мен, ________________________________________________________________________ (аумақтық инспекцияның атауы)

аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы _______________________________________ (Т.А.Ә)(тексеруге қатысып отырғандар, Т.А.Ә.) ___________________________________________________________________________бiрге (заңды тұлға) ________________________________________________________________________________

теугерімінде тұрған машиналардың техникалық жай-күйiне байқау өткiздiм.

Техникалық жай-күйiн байқау кезiнде төмендегiлер анықталды:

1. Техникалық байқауға жалпы саны ____________төмендегi

(саны)

машиналар ұсынылды:



Р/с

№№


 

Машинаның атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Шығарушы зауыттың реттік нөмірі

Шығарылған жылы

Техникалық жай-күйiн тексе-руден өткендiгi туралы қорытынды

Техникалық жай-күйiн тексеру талонының нөмiрi немесе оны алып қою жөнiндегi белгi

машинаның (рамасының)

қозғалт-қыштың

1

 2

 3

 4

 5

6

 7

 8

Техникалық жай-күйiн байқаудан ____________________________________ машина өттi. (саны)

Техникалық жай-күйiн байқаудан _____________________________ машина өтпедi, оның (саны)

iшiнде мына себептермен:

техникалық ақауы бар _______________________________________________ бірлік; (саны)

толық жөндеуде _________________________________________________ бірлік; (саны)

конструкциясының нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес келмеуінен _________________________________________________________________ бірлік өтпедi. (саны)

2. ___________________________ машина техникалық жай-күйiн тексеруге ұсынылмады: (саны)



 Р/с

№№


Машинаның

 маркасы


Мемлекеттiк тiркеу белгiсi

Техникалық жай-күйiн тексеруге ұсынылмауының себептерi

Техникалық тексеруден өткендiгi жөнiндегi талонды тапсырғандығы туралы белгi

 1

 2

 3

 4

 5

Кәсiпорынның, ұйымның басшысы _________________________________________ (қолы, T.А.Ә.)

Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi тұлға) _________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

Аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы __________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi: ________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

_________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

_________________________________________________

(қолы, Т.А.Ә.)


Техникалық тексеруден өткендiгi жөнiндегi талондардың (пайдалану үшiн рұқсатнаманың) барлығы _________________________данасын заңды тұлғаның өкiлi алды.

______________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына 2-қосымша

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттардың

тiзбесi

1. Шығарушы-зауыттардың нұсқаулықтары.

2. МЕМСТ 23181-78 «Автокөлiк құралдарының гидравликалық тежегiштерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар».

3. МЕМСТ 22895-77 «Автокөлiк құралдарының тежеу жүйелерi және тежегiштiк қасиеттерi. Тиiмдiлiк нормативтерi. Жалпы техникалық талаптар» (жалпы пайдаланылатын автожолдармен жүруге арналмаған автокөлiктер үшiн).

4. МЕМСТ 4364-81 «Автокөлiк құралдарының пневматикалық тежеу жүйелерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар».

5. MEMCT 12.2.11-85 «Аспалы және тiркемелi ауыл шаруашылығы машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».

6. МЕМСТ 12.2.019-86 «Тракторлар және өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».

7. МЕМСТ 28708-90 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарын шағын механикаландырудың ұтқыр құралдары. Конструкцияға қойылатын жалпы қауiпсiздiк талаптары».

8. МЕМСТ 12.2.120-88 «Өздiгiнен жүретiн жол-құрылыс машиналарының, бір бiлікті тартқыштарды, карьерлiк өзi аударғыштардың және өзiдiгiнен жүретiн ауылшаруашылық машиналары операторларының кабиналары және жұмыс орындары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары».

9. МЕМСТ 19677-87 «Ауылшаруашылық тракторлары. Жалпы техникалық талаптар».

10. МЕМСТ 18699-73 «Электр әйнек тазалағыштар. Техникалық талаптар».

11. МЕМСТ 10000-75 «Трактордың тiркемелерi және жартылай тiркемелерi. Жалпы техникалық талаптар».

12. МЕМСТ 3481-79 «Тракторлар және ауылшаруашылық жетек-жалғау құралдары. Тұрпаттары, негiзгi параметрлерi және өлшемдерi».

13. 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері».


Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына 3-қосымша

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу ЖУРНАЛЫ


Р/с

№№


 Байқау жүргiзiлген күнi  

Машинаның атауы және маркасы

 

 Нөмiрлерi

нөмiрлiк тіркеу 

белгiсi


Иесiнiң (иеленушiнiң) Т.А.Ә.

 Техникалық жай-күйi туралы қорытынды (ақаулы, ақаусыз)

Нөмiр белгiсiн және басқару куәлiгiн алу туралы белгi  

Машина меншiк иесi-нiң (иеленушiнiң) қолы

шассидiң 

қоз-ғалт-қыш-тың 

1

 2

 3

 4

 5

 6

 7

 8

 9

 10

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына 4-қосымша

_______________________________________

(машинаның мемлекеттiк нөмiрi)

_________________________________

(облыстың атауы)



Мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзу

туралы талон № _____________________

(талонның)

_____________________________________________________ машиналардың

мемлекеттік тexникалық байқауынан өтті (өткiзу мерзiмi)



Талонның артқы бетi

Машинаның маркасы және моделi __________________________________________________________________ Жыл сайынғы салығы _____________________________________________________________ теңге 20 ____жыл «_____» № ___________________ түбiртек бойынша төленген. Кезектi техникалық байқаудан 20 ____жылғы ________өткiзу ұсынылады.

Аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы ____________________________________________ ______________________ (қолы)

Талон кабинаның алдыңғы әйнегiнiң (оның iшкi жағының) оң жақ төменгi бұрышына жапсырылады және жаңа талон алғанша алынбайды.


Машиналардың мемлекеттік техникалық байқаудан өтуі туралы талонның сипаты

1. Талон бланкiлерi көлемi 7,5 x 10,5 см қатты қағаздан жасалады.

2. Талонның бет жағына:

сол жақта – нөмiрлiк белгi және трактордың бейнесi;

оң жақта – өңірдің атауы және шетiнде машинаны техникалық тексеруге берген жылдың соңғы екi санын көрсетуге арналған көлемi 5 х 5,5 см орын.

Олардың астына талонның реттiк нөмiрi мен техникалық тексеруден өткен мерзiмi көрсетiледi.

3. Талонның артқы жағында Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәлiметтер көрсетiледi.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына 5-қосымша
Машинаны пайдалану кезiндегi техникалық байқау актiсі

20 ___жылғы «__» ___________

Мен, ________________________________________________________________________ (аумақтық инспекцияның атауы)

аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы _____________________________________________________________________________ (Т.А,Ә.) (иесiнiң толық мекенжайы, T.А.Ә.)

____________________________________________________________________________________________________________________ машинасын техникалық байқаудан өткiздiм. Маркасы ____________________________Зауыттық № _____________________________ Шығарылған жылы ________________ Мемлекеттiк тiркеу белгiсi ________________________

Қозғалтқыштың № ___________________________________________________________ _________________________________________ аумақтық инспекциясында есепте тұр (аумақтық инспекцияның атауы)

Техникалық ақауы байқалды ____________________________________________________ _____________________________________________________________________________

Қорытынды ________________ _______________________________________________ (ақаусыз, ақаулы) (мемлекеттiк техникалық байқаудан ____________________________________________алынып, пайдалануға тыйым салынды. өту жөнiндегi талоны, тiркеу белгiсi)

Аумақтық инспекцияның инженер-инспекторы ____________________________________ (қолы, Т.А.Ә., мөрi)

Актiнiң көшiрмесiн алдым ______________________________________________________ (иесiнiң қолы)

Ақауын жөндегеннен кейiн машинаны мына мекенжайға

_____________________________________________________________________________ (жылы, күнi, айы, техникалық тексеру өткiзiлетiн мекенжай) осы актiнiң көшiрмесiмен бірге қайтадан мемлекеттік техникалық тексеруге әкелу керек:

20 ___жылғы «______»_________________________ қайта техникалық тексеруден өттi Қорытынды ________________________________________________________________ (ақаусыз, ақаулы)

Аумақтық инспекциясының инженер-инспекторы __________________________________ (қолы, Т.А Ә )



Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтуі туралы (мемлекеттiк тiркеу белгiсi) талонды (пайдалануға рұқсатнаманы) алдым _______________________________________ _____________________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет