"Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн



жүктеу 301.93 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі301.93 Kb.
"Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1027 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 924-құжат


      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасының 51-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн үшiншi және төртiншi бөлiктерiн қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 7 тамыздағы
№ 1027 қаулысына   
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен 
бекiтiлген   

Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн
мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және
жүргiзу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.


      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары;
      2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
      3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;
      4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
      5) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi;
      6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторының қызметкерi;
      7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.
      4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – көлiк құралдары) мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:
      1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
      2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
      3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;
      4) көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және оның дипломатиялық иммунитетi бар қызметкерлерiне, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға тиесiлi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс жөнiндегi ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
      6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлердi ұрысқа әзiрлiктiң жоғарғы дәрежесiне көшiрген кезде көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру жергiлiктi әскери басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен техникалық байқау операторымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 747 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.

2. Мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру тәртiбi

      7. Мiндеттi техникалық байқауды көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, бiрақ көлiк құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, техникалық байқау операторлары жүргiзедi.


      8. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауын өткiзудi техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау операторлары жүзеге асырады.
      9. Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызмет көрсетедi.
      10. Көлiк құралдарының иелерi:
      1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;
      2) Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық байқаудан өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;
      4) техникалық байқау операторларына техникалық байқау операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi;
      5) мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      11. Мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      2) жеке тұлғалардың «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.
      12. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:
      1) техникалық байқау операторының жұмыс режимi;
      2) техникалық байқау операторының қызмет өңiрi;
      3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесi;
      4) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;
      5) техникалық байқау операторының тарифтерi.
      13. Техникалық байқау операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.
      14. Техникалық байқау операторы:
      1) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесiнде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;
      2) пайдаланатын өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйiнiң және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi;
      3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн есепке алу және беру журналында мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер бланкiлерiн жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;
      4) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;
      5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негiзiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
      15. Техникалық байқау операторларына:
      1) көлiк құралының иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын әзiрлемей мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруден бас тартуына;
      2) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуiне;
      3) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуiне жол берiлмейдi.
      16. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды.
      17. Көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық бiлiмi бар көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң технологиясын және диагностикалау технологиясын және әдiсiн игерген техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.
      18. Техникалық байқау операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз етедi.
      19. Техникалық байқау операторы елдi мекендердiң атауы, техникалық байқау операторымен көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқау жүргiзу күнi және орны туралы мәлiметтердi қамтитын, қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi – кесте) әзiрлейдi.
      20. Кесте техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде техникалық байқау операторының тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органына келiсуге ұсынылады.
      21. Көлiктiк бақылау органы келiсуге ұсынылған кестенi ол келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      22. Кестенi көлiктiк бақылау органымен келiскеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы халықты кесте туралы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдары арқылы хабарлайды.
      23. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы санын көрсете отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн (бұдан әрi – куәлiк бланкiлерi) беру туралы өтiнiшпен көлiктiк бақылау органына жүгiнедi.
      24. Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiштi көлiктiк бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiмдi қарау қорытындысы бойынша көлiктiк бақылау органы бiр жұмыс күнi iшiнде техникалық байқау операторының электронды мекенжайына куәлiк бланкiлерiн беру туралы жазбаша хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды ұсынады.
      25. Куәлiк бланкiлерiн беру бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн бланктiк өнiмдi өткiзу қызметi үшiн төлемнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.
      26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көлiктiк бақылау органы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналын жүргiзедi.
      27. Техникалық байқау операторларының мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тартуға негiзi:
      1) көлiк құралы иесiнiң осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
      2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге ұсыну;
      3) мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауға ұсыну болып табылады.
      28. Осы Қағиданың 27-тармағында көрсетiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тарту негiздерiнiң бiрi анықталған жағдайында техникалық байқау операторы көлiк құралы иесiне ол туралы тез арада хабарлайды.

3. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу тәртiбi

      29. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауы техникалық байқау операторларының стационарлық және ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.


      30. Мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
      31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлi хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық байқау желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi.
      32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi:
      1) роликтiк тежеуiш стендiсi;
      2) люфтомер;
      3) газ анализатор және түтiн өлшегiш;
      4) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы;
      5) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi.
      33. Көлiк құралдарының санатына байланысты көлiк құралдарының тежеуiштiн басқаруын тексеру мынадай ролiктiк тежеуiш стендiлерiнде жүргiзiледi:
      1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;
      2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;
      3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;
      4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна.
      34. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:
      1) орнатылған өлшеу жүйесi;
      2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;
      3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;
      4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;
      5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi;
      6) тежеуiш стендiнде тексеру кезiнде жүк көлiк құралының роликтiк секциясына көтеру мүмкiндiгiн немесе бiлiгiне жүктеменi имитациялауды қамтиды.
      35. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:
      1) СО және СН газ анализатор;
      2) Lambda коэффициентiн өлшеу;
      3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.
      36. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
      1) фарлардың барлық түрiн тексеру;
      2) жарық күшiн тексеру.
      37. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.
      38. Техникалық байқау операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң технологиялық процестерiне сәйкес жүзеге асырады. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң технологиялық процесi әрбiр стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi үшiн анықталған әдiстерiн және көлiк құралдарымен олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жай-күйiнiң осы Қағидамен және «Автомотокөлiк құралдары. Мiндеттi техникалық байқау. Бақылаудың әдiсi.» 1811-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандартымен (бұдан әрi – 1811-2011 ҚР МС) белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру бiрiздiлiгiн қамтиды. Техникалық байқау орталығының аумағына және үй-жайына қойылатын талаптар 1811-2011 ҚР МС белгiленедi.
      39. Мiндеттi техникалық байқау өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.
      40. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң дайындық кезеңiнде:
      1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы белгiленедi;
      2) көлiк құралының түсi белгiленедi;
      3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi;
      4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы белгiленедi;
      5) алынған қорытындылар көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiмен салыстырылады (салғастырылады).
      41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының  конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:
      1) тежеуiштi басқаруды:
      тежеуiш жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      тұрақта тұру тежеуiш жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      блоктауға қарсы тежеуiш жүйелерi сигнализаторларының жұмыс iстеуi;
      тежеуiш жүйелерiнiң элементтерiнiң жай-күйi және тежеуiш жетегiнiң тұмшалануы
      2) рульдi басқаруды:
      руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
      жалпы люфтi;
      3) көру:
      көру аясы;
      әйнектердiң жай-күйi;
      артқы көру айнасының жай-күйi және бекiтiлуi;
      әйнек тазалағыштар;
      әйнек жуғыштар;
      4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:
      алыс және жақын фаралар;
      алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
      тежеуiш сигналдары;
      бұру сiлтегiштерi;
      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
      артқа жүру шамдары;
      артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыратын кiшкене лампалары;
      авариялық сигнализация (көлiк құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);
      5) дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
      шиналар бұжыртабанының тозуы және зақымдалуы;
      аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, аспа иiнтiрегiшiнiң, шарнир элементтерiнiң) механикалық жай-күйi;
      доңғалақтардың дискiлерi мен құрсауларының жай-күйi, олар бекiтiлетiн элементтердiң бар болуы;
      6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
      түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың
      көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
      тiркеу құрылғыларының
      еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
      жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
      бамперлердiң, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
      7) өзге де жабдықтың:
      қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының
      өрт сөндiру құралдарының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына қатысты);
      авариялық тоқтау белгiлерiнiң
      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына қатысты);
      дыбыстық сигналының
      спидометрдiң бар болуы, жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
      8) қоршаған ортаға әсер ететiн факторлар:
      пайдаланылған газдар;
      жанармайдың және пайдаланылатын сұйықтықтардың ағуы (моторлық және трансмиссиялық май, тежеуiш, гидравликалық және суытатын сұйықтық).
      42. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының қандай да бiр бөлiгiн ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.
      43. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.
      44. Жүк автомобильдерiнiң, тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйiн тексеру толық жүктеме кезiнде жүргiзiледi.
      45. Көлiк құралына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқау операторы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрi – диагностикалық карта) жасайды, оның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту туралы куәлiк оның қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi.
      Көлiк құралын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу нәтижелерi бiрыңғай диагностикалық картаға қалыптастырылады.
      46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлiк құралының иесiне берiледi.
      47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе оның орнын басатын адам қол қояды.
      48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау операторы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз тасығышта және электрондық түрде жүргiзедi.
      49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ететiн бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтанады.
      50. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келедi:
      1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық қамтамасыз етудiң болуы;
      2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстеу;
      3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.
      51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықпен көлiк құралының бекiту құралынан тұрады.
      Көлiк құралының тежеуiш жүйесiн тексеру фото бекiтiлген роликтiк тежеуiш стендiсiмен қамтамасыз етiледi. Фото бекiту құралы роликтiк тежеуiш стендiсiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi және автомобильдiң алдынғы бiлiгi орналасуымен бiр мезгiлдi шолумен қамтамасыз етедi.
      Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу технологиялық үдерiсi бейне бекiту құралымен тiркеледi. Бейне құралы барлық техникалық байқау желiсi орналасуымен бiр мезгiлдi шолумен қамтамасыз етедi.
      Техникалық байқаудың операторы көлiк құралдарының тексеру барлық рәсiмiн күн сайынға бейне файылы жазбасының мұрағаттық сақталуын 6 ай iшiнде қамтамасыз етедi.
      52. Мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi, куәлiктердiң берiлген бланктерi туралы ақпарат берiледi.
      53. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлдi деп саналады.
      Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне диагностикалық картаның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк келесi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу күнiн көрсетiле отырып берiледi.
      54. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген жоқ деп танылады.
      Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiлген диагностикалық карта берiледi.
      55. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық байқауды қайта жүргiзу үшiн ұсынады.
      56. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.
      57. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау кезiнде бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында мiндеттi техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетiлген көрсеткiштер бойынша ғана жүргiзiледi.
      Бұл жағдайда техникалық байқау операторы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшiн ғана төлемақы алады.
      Қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу қорытындысы бойынша қайта мiндеттi техникалық байқау барысында тексерiлген ұстанымдар бойынша диагностикалық карта құрастырылады.
      58. Техникалық байқау операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.
      59. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.
      60. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
      61. Егер қайта мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi көрсетiледi.
      Көлiк құралының иесi мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi жоғалтқан кезде, техникалық байқау операторына көлiк құралының мiндеттi техникалық байқауын өткiзбей мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы жоғалған куәлiктiң орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк беру туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
      Техникалық байқау операторы дереу көлiк құралының мiндеттi техникалық байқаудан өткiзбей жоғалтқан мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiгiнiң орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiгiн беруiн жүзеге асырады.
      Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы жоғалған куәлiктiң орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы жоғалған куәлiктiң iс-әрекет мерзiмiне берiледi.
      Көлiк құралының иесi мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы жоғалған куәлiктiң орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi бергенi үшiн техникалық байқау операторына бланктiк өнiмдi iске асыру қызметiне төлеу құны мөлшерiнде ақы төлеудi жүргiзедi.
      Көлiк құралының меншiк иесi мен мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi өзгерген жағдайда көлiк құралын тiркеу орны бойынша жол полициясының тiркеу бөлiмшесi көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн және/немесе мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсiн беру кезiнде бiр уақытта мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiкке тиiстi өзгерiстердi енгiзудi жүргiзедi.
      62. Техникалық байқау операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы дерекқорды күнделiктi (өсу нәтижесiмен) резервтi көшiрудi, сондай-ақ мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараты бар дерекқор көшiрмелерiн мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесiмен) ұйымдастырады. Дерекқор көшiрмелерi үш жыл бойы сақталады.
      63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимiнде көлiктiк бақылау органына ұсынылады.
      64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күнтiзбелiк екi күнде бiр рет көлiктiк бақылау органына ұсынылады.
      65. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өтулерiн есепке алу, көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау туралы ақпаратты салық қызметi органдарына беруге және есебiн жүргiзу үшiн арналған.
      66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.
      67. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толтыру талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi.
      68. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйенi жаңартуды көлiктiк бақылау органдары күн сайын техникалық байқау операторлары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негiзiнде жүзеге асырады.
      69. Көлiктiк бақылау органы техникалық байқау операторлары ұсынған көлiк құралы туралы деректердi мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң деректерiмен салыстыруды жүргiзедi.

Механикалық көлiк құралдарын  


және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргiзу қағидасына   
1-қосымша          

Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк
бланкiлерiн есепке алу және беру журналы

Р/с


Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк алған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы

АКҚ маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi

Мiндеттi техникалық байқаудан өткен күнi

Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы берiлген куәлiк бланкiсiнiң №

Ескертпе

1

2

3

4

5

6



















Механикалық көлiк құралдарын  
және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргiзу қағидасына  
2-қосымша        

Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк
бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы

Р/с


Уәкiлеттi органнан алынған мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны

Техникалық байқау орталығына берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны

Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң техникалық байқау орталығына берiлген күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5
















Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 7 тамыздағы  
№ 1027 қаулысына     
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен  
бекiтiлген     

Нысан


___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

Беткi жағы



Техникалық байқау операторы
(оператордың атауы мен мекенжайы):

Бастапқы тексеру

Қайталап тексеру




Диагностикаланатын көлiк құралының фотосуретi

Мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсi:




Көлiк құралының иесi




Сәйкестендiру нөмiрi (VIN):




Маркасы, моделi:




Шығарылған жылы:




Көлiк құралының тiркелу куәлiгi (сериясы, нөмiрi):




Шанақ нөмiрi:




Рама нөмiрi:




Қозғалтқышының нөмiрi:




Көлiк құралының санаты:









Тексерiлетiн параметрлерi және қойылатын талаптар



Тексерiлетiн параметрлерi және қойылатын талаптар



Тексерiлетiн параметрлерi және қойылатын талаптар

I. Тежегiш жүйелерi

13

Реттеу бұрыштары мен фарлар жарығы күшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi




26

Аспа түйiндерi мен бөлшектерiнiң жай-күйi, сондай-ақ олар бекiтiлетiн жерлерде қозғалыстың (конструкциямен көзделмеген) және лифтердiң болмауы




1

Жұмыс тежегiш жүйесi iс-қимылының тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң сәйкестiгi




14

Жарық аспаптары шашыратқыштарының бұзылулары мен жарықшақтарының болмауы




VI. Қозғалтқыш және оның жүйелерi

2

Тежегiш күштер айырмашылықтарының белгiленген талаптарға сәйкестiгi




III. Көрiнiс

27

Көлiк құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластандырғыш заттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi




3

Тұрудағы тежегiш жүйесi iс-қимылдарының тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң сәйкестiгi




15

Желқағар әйнектiң әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс қабiлеттiлiгi







Пайдаланылған газдардың түтiндегiштiгiнiң шектi рұқсат етiлген деңгейiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгi




4

Блоктауға қарсы тежегiш жүйелерi сигналбергiшiнiң жұмыс iстеуi




16

Желқағар әйнектiң әйнек жуғыштары форсункаларының болуы және әйнек жуғыштың әйнек жуу аймағына сұйықтық берудi қамтамасыз етуi




29

Отын тамуының және пайдалану сұйықтықтарының тамшылауының болмауы




5

Тежегiш жетегiнiң герметикасы бұзылуының, қысым түскен тежегiш шлангтердiң iсiнуiнiң, жарықшақтардың, ысқыланған жерлердiң, герметиканың жоғалуына немесе қирау қаупiн төндiретiн тотығудың болмауы




17

Жүргiзушi орнынан көрiнiстi шектейтiн қосымша заттардың немесе жамылғылардың болмауы. Желқағар әйнектiң жоғарғы бөлiгiндегi пленка жолағының белгiленген талаптарға сәйкестiгi




30

Газбен жұмыс iстейтiн көлiк құралдарының герметикалық жүйесiнiң бұзылуларының болмауы. Газ баллондарының белгiленген талаптарға сәйкестiгi




6

Тежегiш сұйықтықтарының тамуының болмауы




18

Желқағар әйнектiң, алдыңғы бүйiрлiк әйнектiң және алдыңғы есiктер әйнегiнiң жарық өткiзу нормасына сәйкестiгi




VII. Конструкцияның басқа элементтерi

II. Рулдiк басқару

19

Жүргiзушi жағынан әйнек тазалағышпен әйнектiң жартысын тазалау аймағында желқағар әйнекте жарықшақтың болмауы




31

Дыбыстық сигнал беру аспабының жұмыс қабiлеттiлiгi




7

Рулдiк басқаруда шектi мәндерден жиынтық люфтың артуының болмауы




20

Белгiленген талаптарға сәйкес артқы көрiнiс айнасының болуы және жай-күйi




32

Бiр осьтiк тiркемелерде (тарқатуды қоспағанда) және жұмыс тежегiш жүйелермен жабдықталмаған тiркемелерде жұмысқа қабiлеттi сақтандырғыш құрал-саймандардың болуы




8

Рулдiк басқару күшейткiшi бар рулдiк доңғалақтың бейтарап жағдайдан өздiгiнен бұрылуының болмауы




V. Шиналар, доңғалақтар және аспалар




33

Автоматты құлыптың, ершiктi-iлiнiс құрылғысының қолдық және автоматтық блоктауының жұмыс қабiлеттiлiгi




9

Рулдiк бағанның және рулдiк механизм картерiнiң бекiту бөлшектерiнiң зақымдануының болмауы және толық жинақталымы




21

Шина бұжыртабандары суретiнiң биiктiгiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгi




34

Көлiк құралын жарамды қауiпсiздiк белбеулерiмен жарақтау




10

Қалдық деформация iздерiнiң, рулдiк механизмде және рулдiк жетекте жарықшақтар мен басқа да ақаулардың болмауы




22

Кордты жалаңаштайтын бұжыртабанның жергiлiктi ажырауы және шинаның жергiлiктi зақымданулары (тесiлуi, кесiлуi, жыртылуы) болмауы




35

Тұншықтырғыштардың және түтiн түтiктерiнiң болуы




36

Спидометрдiң жұмыс қабiлеттiлiгi




IV. Сыртқы жарықтық аспаптары

23

Доңғалақ дискiлерi мен құрсаулары бекiтпесiнiң барлық бұрандамалары мен сомындарынның болуы




37

Бамперларының және доңғалақ үстiнiң ластанудан қорғау құрылғыларының болуы




11

Конструкцияда көзделген орындарда фарлардың, сигнал фонарларының болуы және орналасуы




24

Доңғалақ дискiлерi мен құрсауларында жарықшақтың болмауы




38

Салон еденiнде жарықшақтардың болмауы, орындықтардың сенiмдi бекiтiлуi, автобустарда, шағын автобустарда және таксиде орындықтардың реттеу механизмдерiнiң және бекiтпелерiнiң жұмыс қабiлеттiлiгi




12

Фарлардың және сигналдық фонарлардың жай-күйi, жұмыс қабiлеттiлiгi және жұмыс режимi




25

Белгiленген талаптарға сәйкес көлiк құралына шиналарды орнату




39

Белгiленген талаптарға сәйкес келетiн авариялық аялдау белгiсiнiң, өртсөндiргiштердiң және медициналық қобдишаның болуы




Екiншi жағы

Диагностикалау нәтижелерi

Сәйкессiздiк анықталған параметрлердi тексеру

Диагностикалық карта пунктi

Төменгi шекара

Тексеру нәтижесi

Жоғарғы шекара

Параметр атауы

























































































































Сәйкессiздiк анықталған параметрлердi визуалды тексеру




Тексеру заттары (торап, бөлшек, агрегат)

Талаптарға сәйкессiздiк мазмұны































































































































Көлiк құралының деректерi

Жүктемесiз масса:

Рұқсат етiлген ең көп масса:

Отын түрi:

Жүрiсi:

Жол қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiлiк /сәйкессiздiк туралы қорытынды (қажет емесi сызып тасталсын)

сәйкес келедi

сәйкес келмейдi

Қайталап тексерудi талап ететiн диагностикалық карта пункттерi:













Күнi:

Техникалық сарапшының Т.А.Ә:

Қолы:


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет