Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Шығыс моншасы туралы айтыңыз



бет12/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

33. Шығыс моншасы туралы айтыңыз: Шығыс моншасы — Түркістан қаласындағы архитектура ескерткіш. Жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған. Көлемі жағынан әр қилы 9 бөлмеден тұрады, олардың атқаратын өзіндік қызметі мен салыну уақыты жағынан ерекшелігі бар. Үйдің ішкі бөлігі құрамында: «балқы» күмбезімен жабылған моншаға кіре беріс бөлме, басты жуынатын зал – ортасында 8 қырлы тапшаны бар 8 қырлы зал, ыстық және салқын суағарлары бар залдар, т.б. орналасқан. Ыстық залда сылауға (массажға) арналған кең тапшан бар. Су суағарлар арқылы келеді. Моншаның іш жағы сыланған. Тапшандар мен едендері 1,5×0,8 м көлемдегі мәрмәр қалақтастан жасалған. Құрылымы дәстүрлі Oрта Aзиялық тәсілдегі қақпа үстіндегі күмбездерін, «балқы» күмбездерін, қорапты жабындыларды бейнелейді. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылым еден астына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу басты залдың 8 қырлы тапшаны астына орналасқан күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, осы жерден шеңбер секілді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге тарайды. Арналарда жылудың таралуын тез қамтамасыз ететін құдықтар бар. Кір су едендердің еңкіш төсемелеріне жиналып, сыртқа ағып кетеді. 1979 жылы ескерткіш қалпына келтірілді
34. Жұма мешіті туралы баяндаңыз: Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.
Ғимарат сипаттамасы
Шикі кірпіштен қаланған.
Бөлменің ішкі қабырғалары мен қасбеттері сыланған.
Шатыры жайпақ, топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғаға және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді.
Діңгек пен бөлме төбесі қошқыл қоңыр түсті бояумен боялған. Көгеріс өрнектері бар орамды әшекей жапсырмалар түріндегі түрлі түсті суреттер жиектеме тақтайларында сақталып қалған. Мешіт бөлмесіндегі бұйымдар жоғалып кеткен.
Бастырмадағы 4 қуыс үстіңгі жағында жұп көгершіні бар анар шоғы бейнеленген көгілдір түсті өрнекпен сәнделген.
Төбесінің биіктігі 4 м-ге жуық, есік-терезелері үлкен, едені ағаш. Жиекшелері мен қабырғаларындағы бедерлер мешіттің қаладағы елеулі құрылыс болғанын білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет