Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Дулат Қойкелді батыр туралы айтыңыз Қойгелді Сартұлы



бет41/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

86. Кесенеде жерленген Дулат Қойкелді батыр туралы айтыңыз Қойгелді Сартұлы (1702–1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күрестің көрнекті өкілі, қолбасшы.
Шыққан тегі Ұлы жүздің дулат тайпасы шымыр руынан.
1730 жылы Аңырақай шайқасына, 1734 жылы жоңғарлардың екінші шабуылына қарсы күресте оңт. қазақтарының әскербасы болған. 1740 – 50 жылы жоңғар қалмақтарымен болған шайқастарда, 1756–57 жылы Оңтүстік Қазақстанды қалмақтардан азат етуде ерлік, тапқырлық көрсеткен.[1]
87. Сауран қаласы туралы баяндаңыз Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет