Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Бәсекелік қабілет жайында не айтылған?



бет44/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

94. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Бәсекелік қабілет жайында не айтылған? бірінші бағыт – бәсекеге қабілеттіліктің өзекті мәселелеріне тоқтала кетейік.
Жаһандану заманы бәсекелестіктің жоғары сатыларының бірі болып табылатыны бәрімізге белгілі. Бұл сатыда бәсекелестіктің шешуші шайқастары болуы тиіс. Сондықтан, қай саланы алатын болсақ та біздің балаларымыздың және ұрпақтарымыздың алдында өте қатал, қатты бәсеке тұратын болады. Бәсеке ешкімді де, ешқашан аяған емес, аямайды да. Мамандарымыздың бәсекелестікке икемді болмауы немесе еліміздегі тіл саясатына мән бермеуі, әсіресе мемлекеттік тілді үйренбеуі оларды көп нәрседен құр қалдырып, «жаһандану көшінің» құрбандығы етуі мүмкін. Осыны біздің қазіргі жастарымыз, мамандарымыз және замандастырымыз жақсы білуі тиіс.
Себебі еліміздің тіл саясаты – Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялық жолы.
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, яғни 1991 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтау пікірталастары қызу өтті, солардың нәтижесінде 1995 жылы қабылданған Конституцияның 7-бабында қазақ тілінің жоғарғы мемлекеттік тіл мәртебесі анықталды.
Қазақстанда бірінші рет үштілділік туралы Елбасымен 2004 жылы айтылған болатын, ал 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында Мемлекет басшысы «Кем дегенде үш тілді білу біздің болашақ буынымыз үшін маңызды», деп атап өтті.
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы «Тілдердің үшбірлігі» мәдени жобасын іске асыруды ұсынды.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді қолданатын жоғары білімді мемлекет ретінде қабылдануы тиіс. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – ғаламдық экономикаға интеграция тілі», деп атап өтті Президент.
Басқаша айтқанда, үштілділік идеясы жай ғана және түсінікті формуламен анықталады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін оқимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет