З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет42/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

4-тапсырмаМодель бойынша диалог құрыңыз.
а)
А: Қайырлы кеш! Дастан үйде ме?
Б: Жоқ, ол университетте. Қазір келіп 
қалады.
А: Рахмет. Мен тағы да кешірек телефон 
шаламын.
Лена – лекция;
Ілияс – семинар;
Артем – стадион;
Дәурен – театр;
Дәулет – кітапхана;
Миша – гараж;
Лаура – жұмыс.
б)
А: Сіз қайда жұмыс істейсіз?
Б: Ауруханада.
А: Қайда оқыдыңыз?
Б: Институтта, Астанада.
Елшілік – университет – Лондон;
Театр – консерватория – Париж;
Почта – курс – Алматы
Фирма – лицей – Варшава
Мұражай – институт – Прага
Банк – колледж - Астана


39
в)
А:  Мен  саған  кеше  кеш  бойы  телефон 
соқтым. Қайда болдың?
Б: Театрда, спектакльде.
А: Иә, қалай екен?
Б: Керемет спектакль.
консерватория – концерт;
театр – опера;
мұражай – көрме;
театр – балет;
университет – лекция.
г)
А: Кафеде кездесейік.
Б:  Жоқ,  паркте  жақсырақ  (Нет  лучше  в 
парке).
парк – театр;
көпір – жаға, жағажай;
вокзал – аялдама;
аэропорт – метро;
кафе – бақ;
стадион – буфет;
қонақ үй – алаң;
кітапхана – аудитория.
д)
А: Сен білесің бе, Айжан французша 
сөйлей ме?
Б: Әрине, ол Францияда тұрды және 
оқыды емес пе!
А: Міне қалай? Мен білмеппін.
Анна – ағылшынша – Англия;
Викторв – испашна – Испания;
Денис – немісше – Германия;
Маржан – қытайша – Қытай;
Антон – жапонша – Жапония;
Дәурен – шведше – Швеция;
Кирилл – полякша – Польша.
Айман – түрікше – Түркия.
е)
А: Жазда қайда демалдыңыз?
Б: Қырымда. Ал, сіз ше?
А: Мен Кипрде демалдым.
Греция – Түркия;
Тунис – Италия;
Испания – Египет;
Сарыағаш – Алакөл;
Сингапур – Филиппин;
теңіз – тау;
оңтүстік – солтүстік.
5-тапсырма. 
Сұқбаттасу құрыңыз. Жолдастарыңыздан, достарыңыздан олар қайда дү-
ниеге келді, қайда оқыды, олардың ата-анасы, ағасы, әпкесі қайда тұрады, олар қай елдер-
де, қалаларда болды, қайда демалғысы келеді, осы жылы қайда демалды, сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет