Зертханалық ЖҰмысты орындауға арналған әдістемелік нұСҚау №1 Зертханалық жұмыстың аты



бет6/15
Дата17.11.2022
өлшемі50.56 Kb.
#465065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практ лаб (копия)

Зертханалық жұмыстың аты: Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Орындық, жұмсақ қағаздар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді практикалық психолог жұмысымен , оның мақсаты, міндеттерін түсіндіру, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін көрсету.
Пререквизиттер: Психологиядағы кеңес беру жайлы мәлімет.
Кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу.
Постреквезиттер: Кеңес беруге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы кеңес беру жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Кеңес беруге жалпы шолу жасау.

  2. Кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді білу.

Жұмысты орындау реті:

  1. Екі білімгер екі орындыққа отырады.

  2. біреуі кеңес берушінің, екіншісі клиенттің рөлін орындайды.

3Соңында білімгерлер кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылайды.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Клиентпен кездесу үнемі өзіне міндеттер қатарын қосады. Алғашқы кеңес берудің өзара бір-бірлерімен байланысты үш негізгі міндеттерге тұлғаралық, диагностикалық және терапевтікті жатқызуға болады.
Кеңес берудің басы. Алғашқы кездесуді қандай тәсілмен бастау керектігі жағдайлар мен клиент күйіне тәуелді қандай жағдай болмасын алғашында мүмкіндік бойынша кездесудің мақсаты, және ол алуы мүмкін уақыт жайында хабарлау керек. Клиентті өзі жайында әңгімеге тарту үшін «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болмайтын ашық сұрақтардан бастаңыз. Клиентпен байланысты орнатудың жақсы тәсілі мадақтау болып табылады. мадақтау – вербальды емес, сонымен қатар вербальды – қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ оларды әңгіме контекстінде орынды қолдану клиент сөзін ынталандырады және оны өзіндік ашылуға жетелейді.
Кеңес берудің ортасы. Бұл кезеңнің негізгі міндеті – клиент мәселесінің табиғаты жайлы болжамдарды тұжырымдау және оларды қосымша ақпараттарды жинау және орынды сынама араласусыз қолдану жолымен тексеру. Сіз зерттеудің бір жолын ұстанғанда, онымен байланысты емес, маңызды ақпарат туындаса, онда оны өзіңіз үшін белгіліп алып, ағымдағы тақырыпты аяқтағандығыңызға көзіңізді жеткізіңіз. Егер сіз қажетті ақпарат алып отырсаңыз, аз бақылау жасауға болады. Клиенттің әңгімесін ақырын тоқтатқанда, ол қалыпты реакция береді.
Кеңес берудің аяқталуы. Әңгімені аяқтау кезеңі өзіне көптеген міндеттерді қосады: кеңес беру қорытындыларын шығару, мәселелі жағдайды шешудегі келесі қадамды талқылау, қажет болған жағдайда клиент үмітін анықтау мен түзету. Клиенттің кеңес берушімен алғашқы кездесуден алған әсері кеңес берушілік қатынастың жалғасуы жөніндегі мәселені шешу үшін анықтаушы мәнге ие. Әңгімені тез аяқтау сәтті кеңес беруді жалпы қиратуы мүмкін, сондықтан кеңес беруді аяқтауға арнайы уақыт бөлінуі керек.
Қорытындыдай кеңес берудің мазмұның жазып алатын уақыт кеңес беруден кейін болады. Кеңес беруден кейін өз зейінің шоғырландыру және жазу қиын болғанымен, оны жазып алмаса, қажетті ақпарат қайтымсыз жоғалып кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет