Деректерді типтік сыныптау - деректерді мазмұны мен формасының сәйкестік принйіпі негізінде сыныптау. Тип ақпараты салу және сақтау тәсілдерімен ерекшеленген деректерді біріктіреді.
Жылнамалар – уақиғаны болған жылы бойынша баяндайтын ортағасырлық жазба деректер.
Қайталанатын деректер – формасы мен мазмұны жағынан аса көп мөлшерде қайталанып отыратын деректер: статастикалық, халық санын алу, қоғамдық пікірді білу, іс- қағаздары.
Заманхат – біреудің заманында болған тарихи оқиғадан яки өзі ішінде болған істерден
дерек беруі.
Қолданбалы (нақты) деректану - әр түрлі тарихи кезеңдерге тән нақты деректерді тану
зерттеу).
Деректің өкілдігі – зерттеушінің таңдаған дерегінің өкілеттігін дәлелдеу арқылы жасағанғылыми қорытындысын зертттеудегі обьектке түгел таратуы.
Қайталанбайтын деректер – жеке - субьективті туындылар.
Деректің шынайылық деңгейі – реальды құбылыстың мәнді белгілері мен негізгі
мазмұнының деректе бейнеленуінің шындыққа қаншалықты сәйкестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |