«Деректану теориясы»



бет59/85
Дата03.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#450508
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
derektan teor umkd

3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.

Мемуарлық шығармалардан, естеліктер сияқты, күнделіктерді де жеке бөліп қарауға болады. Автордың оқиға барысыңда пайда болған ойлары мен байқағандары туралы күн сайын жазғандары күнделіктер деп аталады. Күнделіктерде автордың қоғамдық құбылыстардан, түрлі оқиғалардан, адамдармен қарым-қатынасынан, т.б. алған әсерлері, оның көргендері, өзінің басынан кешкендері жазылады. Күнделікгер жеке адамның өзі үшін жазылады, бірақ мақсатсыз жазылмайды. Орыс зиялыларының бірі В.Вишневский өз күнделігінің мақсатын төмендегіше сипаттайды: "Біздің мақсатымыз: тарих үшін біздің байқауларымыз бен біздің бүгінгі көзқарастарымызды сақтау. Бір жылғы, он жылғы уақыт мерзімінен кейін мұның барлығы түсінікті болады ғой. Басқа көзқарастардың да болуы мүмкін. Өз баяңдауларымызды немерелеріміз бен шөберелерімізге қалдырайық. Біздің қателеріміз бен жеңістеріміз ертеңгі күнге сабақ болады".

Күнделіктер - көбіне авторларының нақты көрген, қатысқан, қысқасы өзі куә болған оқиғалары туралы жазған баяндаулары. Мұнда бұларды жазу үстіндегі автордың толғаныстары мен көңіл күйі, ой-сезімі дәлме-дәл баяндалады. Демек, күнделіктің жазылуы баяндалған құбылыстарға сәйкес келеді және жазылған күні міндетті түрде көрсетіледі.



Сонымен бірге күнделік жазулары бірімен-бірі байланыссыз, үзік-үзік түрде де кездеседі. Өйткені, біріншіден, күнделіктің біраз уақыт бойы толтырылмауы мүмкін. Екіншіден, материалдары күн сайын жазылғанмен, әр тақырыпқа арналуы мүмкін.

Автор өзінің айтайын деген пікірін қысылмай ашық жазып, әңгіме етіп отырған адамның аты-жонін көрсетеді, қысқартылған сөздерді пайдаланады. Оның жазуының түсініксіз болуы да мүмкін. Осының барльны күнделіктің қолжазбасын оқуды қиындатады.

Жеке адамдар қалдырған басқа да деректер сияқты, күнделіктер де әр түрлі болып келеді. Сондықтан күнделіктерді пайдаланудың алдында зерттеушілер автордың жазу мәнерін, әдісін анықтап алып, оның қысқартқан сөздерінің мәнін ашып, автордың жасаған түзетулерін түсінуі керек.

Күнделіктермен жүмыс барысында зерттеушілердің төменгі мәселелерге мұқият болғаны жөн.

Күнделікте баяндалып отырған оқиғалардың қалай аяқталғанын автор білмеуі мүмкін. Егер ол белгілі процестің аяқталуын болжаған болса, онда оның алғашқы көзқарасын сол процестің аяқталуына байланысты қалыптасқан пікірмен салыстыруға болады. Осының негізінде зерттеушілер жеке адам ойының лабораториясын жете түсініп, автордың көңіл күйі мен оның ерекшеліктері туралы ұғым құрай алады.

Күнделік жазулар әр түрлі болып аталуы мүмкін: күнделік, жазулар, жазу кітапшалары. Кейбір жағдайларда автор күнделіктеріне озінің мамандығына, творчествосына (шығармашылығына) қатысты байқағаңцары мен ойларын жазады. Ол толық мағынасында күнделік емес, бірақ ондай жазулар оның авторы туралы белгілі көзқарастың қалыптасуына комектеседі.

Күнделіктер автордың бүкіл омір жолын қамти бермейді, көбінесе оның омірінің белгілі кезеңіне арналады. Солай бола түрса да, сол деректің өзі адамның ішкі дүниесін ашуға, өткендегі оқиғалардың әсерін елестетуге мүмкіндік береді.

Күнделіктер көп жағдайда баспадан кітап түрінде жариялануымен белгілі. Баспаға дайындауда күнделіктің бастапқы тексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін. Қолжазба вариантында ескерілмеген атаулар, тараулар мен бөлімдер пайда болады. Автор күнделікті жанама эпизодтармен толықтырып басқа деректердің меліметтерін де пайдалануы мүмкін. Баспадан шыққан күнделікке, оның баяндалу мазмұнына көптеген жағдайлардың (адамдардың жеке басы, тарихи жағдай, баспадан шығарудың мақсаты және с.с.) әсер етуі мүмкін. Жариялауға дайындық барысында күңделіктер кейбір жағдайда тікелей естелікке де айналдырады. Бірақ күнделіктен жазулар бұл басылымның басты белгісі болып қала береді. Жеке адамдардың күнделіктерімен қатар, қоғам өмірінен алынған ресми, қызметтік күнделіктер де кездеседі. Жұмыс бабына байланысты практикалық және ақпараттық міндеттері бар күнделіктердің мұндай түрін іздеушілер, саяхатшылар, геолог, гео­граф ғалымдар, этнографтар, археологтар жазады. Сол сияқты мүндай күнделіктерді ірі лауазымды адамдардың іссапарында ресми түрде жанында бірге жүретін, күнделік жазуға міңдетті адамдар да жазады. Сонымен, күнделіктер авторлардың өмірінен, оның кезі көріп, өзі қатысқан оқиғаларынан ең анық және тікелей мәліметтер мен шын куәлік беретін деректер болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет