Сабақ Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы



Дата11.06.2016
өлшемі10.04 Mb.
Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6 «б»

Өткізген: ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі

Жұмашева Әлия Жұмабайқызы


Тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

Мақсаты:

1. Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.



2. Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін  айтуға, өз пікірлерін қорғап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру. 
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. 

Түрі: жаңа сабақ 
Әдісі: СТО стратегиялары 
Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар. 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Барысы: 
1.Ұйымдастыру

Тренинг «Жүректен-жүрекке жеткен жылы лебіз».


Сабақты бастамас бұрын оқушылар бір - біріне жылы сөз айтып, тілектерін жолдайды.
2. Үй жұмысын тексеру 

  • Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?

  • Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?

  • Андронов мәдениеті туралы не білесіңдер?

  • Беғазы - Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен несімен ерекшеленеді?

  • Орталық Қазақстандағы, Солтүстік және Батыс Қазақстандағы, Шығыс Қазақстандағы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштері туралы айтып беріңдер?

3. Жаңа сабақ.

Жоспары:


  1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.

  2. Төрт түлік мал

  3. Көші-қон

  4. Көшпелілердің баспанасы

  5. Отырықшы шаруашылығы


Көшпелі мал шаруашылығы



Себептері











Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын- шашын азайды.

Егіншілікпен шұғылдану қиындады.




Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.


Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.




Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе

Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады. /жылқы малы/

Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. /түйе малы/

Тебіндеп жайылуына икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлеуді қажет етеді. /сиыр малы/

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді. /қой малы/



Көші-қон ( Түртіп алу технологиясы )



Көшу ұраны: Тек қажеттілерді алу.




Көшпелілер баспанасы. (Тірек сөздер стратегиясы)


Ой толғаныс:

Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда - 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай, үй. Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй - 4 - 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй. Отау үй - жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй.

Көшпелі мал шаруашылығы. Отырықшы шаруашылық.

4. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Көктемгі жайылым қалай аталды ?

  2. Киіз үйдің бөліктер

  3. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге жақындаған ?

  4. Отырықшы шаруашылық Қазақстанның қай жерінде қалыптасты?


Сәйкестігін тап.

Түйелер

 

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді.

Олар суық пен ыстыққа төзімді



Қойлар

Тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлеуді қажет етеді.

Жылқылар

Жүк көлігі ретінде пайдаланады.жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Сиырлар

Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.


Отырықшы шаруашылық пен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңдар

(Венн диаграммасы )

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Отырықшы шаруашылық




Көшпелі мал шаруашылығы










«Бес жолды өлең құрастыру»

1. Зат есім

Киіз үй

2. Қандай?

 

3. Не істейді

 

4.Түйін:

 

5. Синоним

 


Тест тапсырмасы

1. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

в) ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады.

2. Батыс Қазақстанның шөлді аумақтарында өсірілетін түлік

А) сиыр


Ә )жылқы

Б) түйе


в) ешкі

3. Тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

А) сиыр

Ә )жылқы



Б) түйе

в) ешкі


4. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге дамыған?

А) отырықшы өмір салты

Ә ) егіншілік

Б) жайылымдық жер

в) отырықшы өмір салты және егіншілік

5. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшті?

А) көрші халықтардың ықпалымен

Ә ) климаттың өзгеруінен

Б) жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан

в) Ежелгі Қазақстан тұрғындары көшпелі мал шаруашылығымен айналыспады


Төрт түлiкке байланысты мақал-мәтелдерді мағынасын тап


  • Қой өрiсi ......

  • Ақсақ қой түстен кейiн ....

  • Семiздiктi ......... көтерер.

  • Қуырдақтың көкесін

............ сойғанда көрерсiң


  • ........... бойына сенiп,
    Жылдан құр қалған.

  • Түйенiң ................
    Көпiрде таяқ жейдi.

  • Арық ............ қамшы жау,
    Жыртық үйге тамшы жау.

  • Ат тұяғын ............ басар.

  • .............. айналып қазығын табар.




Қорытындылау: (Эссе жазу)

«Егер мен киіз үйде тұрсам......................»
5.Үйге тапсырма: Көшпелі мал шаруашылығы. Киіз үйдің ішкі бөлігі туралы қосымша мәлімет жинау

6.Бағалау. 

Каталог: 2015
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы
2015 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
2015 -> Правила вида спорта «горнолыжный спорт» Общие положения для всех соревнований
2015 -> Документация для пользователей (администраторов) Заключение договора об оказании услуг регистрации доменных имен
2015 -> Республики казахстан
2015 -> E. in Шығару файлының аты / Имя выходного файла: E. out


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет