Есептеулері бар сұраныс.
Бұл сұраныс берілген өрістерді, қандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда құрылады. Ол үшін мәліметтер базасын ашқан соң пайда болатын негізгі терезеден Сұранысты (Запрос) таңдап, оны Конструктор режімінде құрамыз. Сұраныс конструкторы (Конструктор запросов) терезесінде өріс жолына сәйкес формуланы жазу қажет. Ең дұрысы, өрнектерді дайындауды Өрнектерді тұрғызушы (Построитель выражений) терезесінде жүргізу.
Тұрғызу терезесі төрт аймақтан тұрады:
бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады.
Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:
екінші аймақта сұранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;
үшінші аймақта – екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;
төртінші аймақта – үшінші аймақтан таңдалынып алынған элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.
Өрнектерді тұрғызу (Построитель выражений) терезесін ашу үшін Сұраныс конструкторының (Конструктор запросов) аспаптар панелінде Тұрғызу (Построить) батырмасын басамыз.
Өрнектерді тұрғызушы терезесіндегі формулаға стандарттық функцияларды енгізуге және ол туралы анықтама алуға болады. Қолданушы сол алынған функцияның мәндерін енгізсе болғаны.
Өрнектерді тұрғызушы терезесінде өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мәліметтер түптегі тізімінен (екінші аймақтан) функция бумасын ашып, Енгізілген функциялар (Встроенные функции) бумасын таңдап алу қажет. Ал ортаңғы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймақтан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру (Вставить) батырмасын басу керек.
Параметрлі сұраныс.
Мәліметтер базасын қолданушы тек дайын дайын сұраныстармен жұмыс істей алады. Егер жобалаушы құрған сұраныста бағасы 80 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алуды ғана қарастырса, онда біз бағасы 400 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп ала алмаймыз. Өйткені оған сәйкес сұраныс дайындалмаған. Осы жағдайда параметрлі сұранысты пайдаланамыз, яғни параметрдің мәнін өзіміз енгізу арқылы, бағасы көрсетілген параметрден кем кітаптар санын шығарып аламыз. Параметрлі сұранысты құру үшін сұраныс бланкісінің төменгі жағында Экранға шығару жолындағы жалаушаны алып тастаймыз. Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолындағы сәйкес өрістің астына Параметрді енгіз (Введите значение параметра) деген мәтін енгізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |