- Байланыс арналары (Каналы связи) — хабардың жіберушідеп қабылдаушыға дейінгі жолы. Ол көптеген аспап-құралдардың (аппаратура) жиынтығынан тұрады. ИнБАИ зо формацияны (хабарды) жеткізетін байланыс жолының түріне қарай байланыс арналары радиобайланыс, сымды байланыс арналары болып бөлінеді. Соңғысы әуе байланыс жолы, кабельді байланыс жолы, толқын таратушы, жарық таратушы және басқа арналарға бөлінеді.
Инженерлік тұрғыдан айтқанда, арна деп бір хабардың жүретін жолын айтады. Егер ол көп хабар көзіне арналса, оны көпарналы жүйе деп атайды.
Арна әр түрлі міндет атқаратын құрылғылардың тізбектей қосылған жиынтығынан тұрады.
Қандай хабар таратуға арнал ғанына байланысты арналар телефон, дыбыстық хабар тарату, бейнелі телефон, қозғалмайтын бейнелерді беру, теледидар, басқару сигналдарын жеткізу, деректер тарату, телеөлшеу, телесигналдау, телебасқару, т.б. арналарға болінеді.
Осы арналармсн берілетін әр түрлі сигналдардың динамикалық ауқымы, қуаты, деңгейі және жиілік спектрі болады. - Осы арналармсн берілетін әр түрлі сигналдардың динамикалық ауқымы, қуаты, деңгейі және жиілік спектрі болады.
- Телеграфтық арна үзік-үзік сигналдарды өткізуге арналған, жиілік спектрінің кендігі 100 Гц. Оны екі есе кемітіп немесе екі есе кеңейтіп 50 Гц немесе 200 Гц етіп алуға болады.
- Телефон арнасы жиілік спектрінің кеңдігі 300-ден 3400 Гц-ке дейін өзгереді, яғни 3100 Гц. Бір телефон арнасына 24-ке дейін телеграф арнасын сыйғызуға болады. қарапайым фототелеграф арнасына қажет жиілік спектрінің кендігі 2000 Гц.
- Дыбыс таратуға арналған арнаның жиілік спектрінің кендігі 2, 3 телефон арналарының кеңцігіндей, 8—12 кГц. Бейнелі телефон арнасының жиілік спектрінің кендігі — 1300 кГц. Теледидарға арналған арнаның жиілік спектрінің кендігі — 8,5 МГц.
- Электронды есептеу машинасына арналған сигналдарды беруге пайдаланылатын арналар: төменп жылдамдықты (арна кендігі 200 Гц), орта жылдамдықты (арна кендігі 4кГц) және жоғары жылдамдықты (арна кендігі 48 кГц-тен артық) болып бөлінеді.
- Радиобайланыс арналарының жиілік спектрі ЗТО3 Гц-тен 310" Гц- ке дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |