Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет63/102
Дата24.11.2023
өлшемі2.17 Mb.
#484320
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102
книга ПАХТ (3)

Кемшiлiктерi:
1) сүзгi бетiнiң аздығы және сүзгiнiң қымбаттылығы;
2) тұнбаны мұқияттап жуудың және құрғатудың қиындығы.
Тегерішті /дискалы/ вакуум сүзгі. Мұндай аппараттарда сүзінді қозғалысының бағыты ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Сүзгінің сыртқы көрінісі: жарты цилиндр пішінді секцияларға бөлінген астаулар ішінде іші қуыс білікке орнатылған тік сүзгілі тегеріштер айналады. Таратқыш құрылғы жәрдемімен, сүзінді аппараттан құбыр арқылы шығарылып, ал құбыр арқылы сығылған ауа беріледі. Таратқыш құрылғының құрылысы барабанды сүзгідегідей, әр астауда суспензия бір деңгейде болады және маятникті араластырғыш жәрдемімен үздіксіз араластырылып тұрады. Тегеріштің жарты диаметрі суспензияға батырылған болады. Әр тегеріш бір-біріне бұрандалар арқылы тығыз бекітілген торлы бетті секторлардан құралған. Тұнба қырғыштар немесе пышақтар арқылы түсіріледі. Химиялық машина жасау зауыттардан шығарылатын стандартты тегерішті сүзгілердің сипаттамалары: сүзгі беті - 185 м2; тегеріштің диаметрі – 0,92,5 м; тегеріш саны - 110; тегеріштің айналу саны – 0,132,0 минутына; электрқозғалтқыштың қуаты – 0,25,0 кВт.
Артықшылықтары: 1) сүзгі бетінің көптігі; 2) жұмыстан шыққан кейбір тегерішті немесе сүзгі бөгеттерін алмастыру оңай; 3) сүзгі бөгетінің /матаның/ шығыны аз; 4) энергия аз жұмсалады.
Кемшіліктері: 1) тұнбаның жуылуы нашар. Сондықтан бұл сүзгілерді біркелкі және жай тұнатын қатты бөлшектері бар суспензияларды ажыратуға қолданады.
Ленталы вакуум сүзгілер. Бұл сүзгілерде ауырлық күші әсерінің және сүзінді қозғалысының бағыттары бірдей. Тесіктері және жиегі бар резиналы лента қозғалтқыш және кергіш барабандар арқылы жылжиды. Шексіз ленталы сүзгіш мата роликтер арқылы резиналы лентаның бетінде керіліп жылжиды. Суспензия астауша /науа/, ал тұнбаны жуатын су шашыратқыш арқылы сүзгі матаның бетіне беріледі. Сүзінді камераға, ал жуатын су камераға вакууммен сорылып коллекторлар арқылы жинағыштарға бөлек беріледі. Қозғалтқыш барабанда сүзгі мата резиналы лентадан айырылып бағыттаушы роликтен 12 иіліп өтеді; бұл кезде тұнба бункерге /шанаққа/ түсіріледі. Екі роликтер арасындағы аралықта сүзгі мата жуылып, шөткемен тазаланады. Жабысқақ тұнбаларды түсіру үшін тесіктеріне сығылған ауа жіберілетін кішкене білектер қолданылады. Ленталы сүзгілердің лентасының ені 0,51,0 м және сүзгі беті 3,24,8 м2 болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет