Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет69/102
Дата24.11.2023
өлшемі2.17 Mb.
#484320
түріҚұрамы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
книга ПАХТ (3)

-аморфты;
-кристаллды;
-құрылысы жасушалық (клеткалық, мысалы өсімдіктер және т.б.).
Осыған байланысты өндірісте ұнтақтаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
Улы немесе күшті әсер ететің шаңды түзетін заттарды ұнтақтау Бұл жағдайда тығыз жабылатын, әдетте, шарлы диірмендерді қолданады. Ұнтақтауды бөлек бөлмелерде жүргізеді.
Заттарды алдын-ала салқындату немесе мұздату арқылы ұнтақтау. Оны салқын ауа ағынында дезинтеграторларда немесе балталы диірмендерде жүргізеді. Затты алдын ала Сокслет типті аппараттарда майсыздандыру арқылы ұсақ ұнтақтау. Заттарды алдын-ала салқын сумен немесе су буымен жұмсарту. Жұмсарған заттарды алдын ала кешіп, содан соң кептіріп шарлы диірмендерде ұнтақтайды. Көмекші заттарды қосу арқылы ұнтақтау. Құрылысы жасушалық (өсімдіктер, жануарлардың мүшелері және микробиологиялық шикізат) заттарды ұнтақтау. Пайдасыз жұмысты азайту үшін «артық ұнтақтама» ережесін сақтауы керек, себебі ұзақ ұнтақтағанда ұсақ бөлшектер ұнтақтау шегіне жеткенде керісінше, агрегацияға ұшырайды, яғни бір бірімен бірігеді. Осыған байланысты көптеген ұнтақтағыш машиналар керекті дәрежеде ұнтақталған затты ұнтақтау зонасынан аластату үшін елеуіштермен қамтамасыз етіледі. Ұнтақтағыш машиналар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Ұнтактау тәсілі бойынша – кескіш, ысқылағыш, езгіш, соққыш және т.б. машиналар;
Ұнтақтау дәрежесі бойыншаорташа және майда, ұсақ және өте ұсақ (коллоидті) ұнтақтайтын диірмендер;
Жұмыс инструменті бойынша – дисклі, шарлы, роторлы және т.б. машиналар.
Орташа және майда ұнтақтайтын машиналар
Шөп кескіштер: дисклі және барабанды.
Гильотинді пышақтары бар тамыр кескіштер.
Соққыш дисклі диірмендерге дисмембратор және дезинтегратор жатады. Ұнтақтау дәрежесі 10 тең.
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Корпусы айналмалы барабанды диірмендер. Жұмыс инструменты бойынша олар шарлы және стерженьді болады.
Артықшылықтары: құрылысы және жұмыс істеу қарапайымдығы, шаңды сыртқа шығармайды. Ұнтақтау дәрежесі 100 тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет