Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Фарфорды күйдіргенде көлемін өзгертуі



бет16/100
Дата02.01.2022
өлшемі192.7 Kb.
#454110
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100
Д рігерлерді біліктілігін жетілдіру факультеті жанында ы коллед

Фарфорды күйдіргенде көлемін өзгертуі. Фарфорды күйдіргенде фарфорлық масса біршама шөгіп азаяды (20-40%). Көлемді шөгу керамикалық массаның бөлшектерінің керек мөлшерде тазаламай араларында қуыстардың болуына байланысты болады. Ал басқа себептеріне сұйықтықты жоғалту, органикалық заттардың жанып кетуі жатады. Көлемді шөгуде ең маңыздысы – шөгудің бағыты. Фарфордың шөгу бағыты үлкен жылуға, тартылу күшіне және үлкен массаға байланысты болады.

Фарфорлық сауыт дайындаған кезде керамикалық масса жиырылып, сауыттың орталығына қарай жылжып, платиналы матрицаны көтереді. Нәтижесінде мүсіндегі егелген тістің кертігімен саут қуыс пайда болады.

Фарфордың беріктлігі. Фарфордың беріктілігінің негізгі көрсеткіші болып, оны созғандығы, қысқандағы және иілгендегі көрсеткіші жатады. Стоматологиялық фарфор қысқанда жоғарғы беріктілікке ие болады. Сондай-ақ фарфордың мықтылығы вакуумды күйдірудің әр кезеңінде қолданылады. Күйдірудің уақыты қажетті температураға жеткеннен соң 2 минут аралығында шетілуі қажет. Иілгендегі беріктілігі – 600 – 700 кг/см2.

Фарфорлық массаның жіктелуі. Күйдіру температурасына қарай былай жіктеледі:



  1. Қиын балқитын (1300-13700С)

  2. Орташа балқитын (1090-12600С)

  3. Тез блқитын (870-10650с).

15% кварц, 4% каолин. Орташа балқитын фарфордың құрамы 61% дала шпаты, 29% кварц, 10% әр түрлі балқытқыштар.

Қиын балқитын фарфор фабрикалық жолмен дайындалады. Орташа және тез балқитын фарфордан жасанды сауыт, қондырма көпірлі протез дайындайды.

Сауыттарды, қондырмаларды көпірлі протез дайындауда фарфорлы ұнтақты дистилденген сумен араластырып қою ботқа жасайды. Фарфорлық ботқаны матрицаға жағады. Матрица платиналы фольгадан дайындалады немесе фарфордың жамылдайындағанда отқа төзімді мүсінге немес фарфордың жамылғысы бар алынбайтын металл протез жасағанда металдың өзіне жағады. Ботқа толық конденсацияланғаннан кейін, судың артығын фильтрлі қағазбен алып тастайды. Содан кейін өнімді керамикалық табақшаға салып, вакуумды пештің кіре берісінде құрғатады. Содан кейін протезді пешке салады да, режим бойынша күйдіру жүргізеді.

Металды керамика. Металды керамика деп – толық құймалы металдан жасалған протездің каркасын фарформен жабу техникасын айтады. Металды керамикалық протез жасау үшін арнайы құймалар мен фарфор массалары шығарылады және мынадай талаптарға жауап беру керек.



  1. құйманың балқу температурасы фарфордың күйдіру температурасынан жоғары болуы.

  2. Құйма мен фарфордың термиялық кеңейту коэффициентінің айырмашылығы ең төменгі деңгейде болуы.

  3. Фарфорға жабысу қасиеті болуы.

  4. Құймалық қасиеті жоғары болуы.

  5. Сапасының тұрақтылығы мен ұзақтылығы

  6. Тотығуға тұрақтылығы

  7. Ауыз қуысы тіндеріне қарсы реакциясының болмауы.

Металды керамикаға арналған фарфорлық массаның күйдіру температурасы 920-9800С деңгейде болады. Ол қолданатын құймалардың балқу темапературасынынан көптеп қалып отырады. Фарфорлық жабылу мынадай қабаттардан тұрады: негіздік немесе нрунтты қабат, қалыңдығы 0,2-0,3 мм, жартылай мөлдір дентин қабаты, қалыңдығы 0,65-0,8 мм эмальді және шыны қабат.

Фарфордың металмен тығыз және сапалы жабысуы үшін металдың бетін немесе базисті алдымен өңдеп дайындау қажет. Ең көп қолданылатын өңдеулер олар механикалық және химиялық әдіс.

Механикалық өңдеу үшін арнайы құмағымды аппарат қолданылады. Сонда металл бетіндегі шаң-тозаңдар кетіп, беті кедір-бұдырланады.

Химиялық өңдеу фарфор жабындысын өңдеуге арналған негіздер мен қышқылдар арқылы жүргізіледі. Қазақстан республикасында Ресей мемлекеті шығаратын бірнеше фарфор массалары қолданылады. Бұлар МК, Гамма, Синадент, ФЛ-1, Радуга Россин.

Ситалдар. Ситалдар жартылай кристалды шынылар тобына жатады. Ситалдардың физико-химиялық қасиеті жоғары. Ситалдар бірінші рет 1955ж. Румынияда, ал 1957ж. ССР мен АҚШ-та жасалған. Ситал жасанды жартылай кристалды материал, оны шынының химиялық құрамын кристалдандыру арқылы алады. Оның физико-химиялық қасиеті шынымен салыстырғанда көп жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет