Тіс техникалық лабораториясы
Тіс техникалық лабораториясының барлық бөлмелері екі топқа бөлінеді:
Біріншісі, негізгі – жұмыс жүргізілетін дайындаушы бөлме. Бұл бөлмелерде тіс протездерін жасаудың негізгі жұмыстары атқарылады және тістің техникалық лабораториясындағы ауаны ластайтын жұмыстар атқарылатын арнайы бөлімдері бар. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінеді: гипстеуші, жылтыратушы, полимерлеуші, құйма бөлімдері, сондай –ақ бағалы металдармен жұмыс жасау үшін арнай бөлімдер де қажер.
Тіс техникалық лабораториясында салқын және ыстық су құбырлары, канализация, орталық жылу жүйесі болу шарт. Ондағы ауа температурасы 16-180С болу керек. Сондай-ақ, негізгі және арнайы бөлімдердің биіктігі 3,5 метр, ал әрбір жұмыс істеуші маманның өндірістік алаңы кем дегенде 13м2 болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |