Қауіпсіздік техникасы және кәсіби аурулардың алдын – алу
Тіс технигіне адам ағзасына зиянды әсер ететін (қышқылдың, бензиннің, негіздің, металметакрилаттың, сынаптың, қорғасыннң булары және т.б.) заттармен жұмыс істеуіне тура келеді. Протезді өңдеу процесі кезінде металл және пластмассаның майда түйіршіктері адам ағзасында кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда тіс техникалық құралдарды инструкциясы бойынша қолданылуын, аспаптар мен құралдарды, бұйымды дайындаудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік техника шарттарын, еңбекті дұрыс ұйымдастыруларын және өндірістік зиянкестерден дербес қорғану шараларын КСРО-ның денсаулық сақтау министірлігі бекіткен талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Қышқылдар, негіздер, бензин, метилметакрилат, сынап стандартты тығындарды бар ыдыста, сәйкес аттары жазылған арнайы шкафта сақталады. Бұл заттармен жұмыс тек ауа сорғыш шкафта жүргізілуі тиіс.
Тіс протездеу лабораториясының барлық бөлмелерінде ауа сорғыш шкаф болуы керек. Ауа сорғыш шкафтың өндірісте шығарылған түрі немесе дербес конструкциялары түрі қолданылады.
Өндірістік зиянды заттармен күресуде желдеткіш үлкен роль атқарады – бөлмедегі әртүрлі ауа алмасу, яғни ластанған ауа кетіп оның орнына таза ауа кіреді.
Тіс протездеу лабораториясында сорғыш желдеткіш қолданылады.
Шаңдар таралып кетпес үшін шлифматорға шаңғаққыш орналастырылады. Стол қақпағындағы шаңды алу үшін шлифматордың сәйкес осінің ұшын тесіп тесіктер істейді және оларды тесіктерінің диаметрі 2-3 мм болатын алмалы металды тормен жабады. Жұмыс орнын дұрыс жабдықтау жарақаттарды және шаршаудың алдын алады. Барлық бөлмелер табиғи жабдықпен қамтамасыз етілуі, сонымен бірге негізгі бөлме жергілікті және жалпылама жасанды жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тіс техникалық лабораториясының негізгі бөлмесінің қабырғасы тегіс болуы және ақшыл түске болуы қажет. Қабырға жабындысы шаңдарды, сазды, протез ұшқындарын алуға кедергі келтірмеуі тиіс.
Едені ағаш немесе кафелді болуы керек, тегіс және қуыстары болмау керек. Лабораториядағы терезе мынадай гигеналық талаптарға жауап беру тиіс.
жарықтық коэффициенті бетінің еден алаңында қатынасы.
Жарықты біркелкі тарту үшін терезелер бір біріне ғимарат бұрышына бірдей ара қашықтықта орналасуы тиіс.
Терезенің жоғарғы бұрышы барынша патолокқа жақын орналасуы керек (20-30 см).
Жарық шоғырымен және көлденең жазықтықпен түзелетін жарық сәулелердің құлау бұрышы, яғни жарық шоғырының горизондқа қисаюы жұмыс орнында 25-270 болуы керек.
Жұмыс орнында жарық тіке немес жұмыс істеушінің сол жағынан түсу қажет.
Тіс технигінің жұмыс орнындағы шулмен вибрация деңгейінтөмендету үшін оны шығарылатын механизімнің техникалық жағдайын бақылап отыру керек. Шлифовалды машина жұмысстолына резиналы амортизатормен бекітіледі. Тіс технигіне шуыл, вибрация шығаратын технологиялық операцияларды орындағанда есіту мүшесін қорғаныс құралдарын қолдануға болады. Мысалы: бір рет қолдануға жарамды сыртқы есіту қойылатын Беруши дер аталатын шуылға қарсы телефондар қолданылады.
Тіс техникалық лабораториясында негізгі және қосымша бөлмелерінде ауа температурасының жоғары болуы лабораториясында жылу бөлгіш аппаратының көптігіне және орталық жасанды желдеткіштің істемеуіне байланысты емес. Мысалы: Москваның алты стоматологиялық клиникасының лабораториясының жылдың ыстық және суық уақыттарында санитарлық тексеружүргізгенде жұмыс күннің ортасына таман негізгі және өндірістік бөлмелерде бөлме температурасы 260-280С –да, ылғалдық 20-дан 60%-ға жеткен. Бұл жағдай ағзаның ысуына әкеледі. Нәтижесінде тіс технигі бөлмесін желдетуге мәжбүр болып соңғы суық тию ауруларына әкеледі.
Пластмассалармен, ерітінділермен жұмыс істегенде тыныс алу мүшесін арнайы респиратор немесе маска киіледі. Ал шлифматорда, жылтыратқыш қондырғыда істегенде арнайы маска-көзілдірік киіп өзінің көзін және бетін жарақаттайтын тез ұшатын бөлшектерден сақтану керек.
Тіс технигі әсіресе қышқылдар мен негіздермен жұмыс істегенде аса сақ болу керек. Бұл заттарды үлкен ыдыстан кіші көлемді ыдысқа құйған кезде тіс технигі арнайы киім киюі керек, яғни резина етік, қолғап, фартук, сонымен бірге респиратор немесе приотивогаз киіп тұруы қажет. Бұл заттар сақталатын бөлмеде қышқыл мен негізді нейтралдайтын ерітінділер сақталады. Бұл дәнекерлеуші бөлмеде құм және асбестті халат сақталады.
Әрбір бөлмеде өрт сөндіруші қондырма болады және әрбір тіс технигі оның жұмыс істеу тәртібімен танысып, жұмыс істей алуы тиіс.
Жеке бастың коммуналды гигенасын және еңбек гигенасының талаптарын бұлжытпай орындау – кәсіби аурулардың денсаулығын жақсарту мақсатында оларды өз қамқорлығына алған. Ол үшін мемлекет тіс техникалық лабораториясы бар мекемелердегі тіс техниктерін емдеу, санаторияларға тегін жіберуді және адам ағзасына зиянды әсер ететін көптеген факторларды нейтралдайтын, күніне 0,5 литр тегін табиғи сүт беруді өз мойнына алған.
Достарыңызбен бөлісу: |