Өсімдіктер балауызы: кейбір өсімдіктер әртүрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар бөліп шығарады. Оларға пальманың жапырақтарынан – карнауб, жемістерден – жапон, шөптерден канделиль балауызы жатады. Балауыздың түсі сұр-жасыл, қолда сезілмейді, пышақпен кесілмейді, бірақ смола тәрізді морт сыңғыш. Балқу температурасы 83-910С. Эфирде және қайнағыш спиртте ериді. Таза күйінде қолданылмайды.
Минералды балауыз. Бұларға парафин, озокерит және монтан балауызы тән. Бұл заттар қазба балауыздарына жатады.
Парафин – бұл шектелген көмірсутектердің қоспасынан тұрады кристалды масса. Парафинді, балауызды парафинді мұнайдан тұрады. Ол эфирде, күкіртті көміртекте, бензинде жақсы ериді, спиртте ерігіштігі аз.
Достарыңызбен бөлісу: |