Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет72/100
Дата02.01.2022
өлшемі192.7 Kb.
#454110
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
Д рігерлерді біліктілігін жетілдіру факультеті жанында ы коллед

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



    1. Фарфор массасының құрамы, жіктелулері.

    2. Пластмассаның түрлері, жіктелулері.

    3. Тот баспайтын болат, құрамы, жіктелулері.

    4. Қосылқы материалдар


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар.


Материалдар

Тиіптік өкілері

Қолданылатын жерлері

Негізіг материаладар

Металл құймалары темірр

Негізгілері: тот баспайтын болат Х18Н9Т, ЭЯ-95

Тотбаспайтын болат үшін дәнекерлегіш ПСР-37



Қптама, көпір тәрізді протездер, кламмерлер, ортопедиялық аппараттар, құйма бөшектер
Тот баспайтын болаттан жасалған тістер мен қаптамаларды дәнекерлеу.

Алтын

900 тазалықтағы құйма

750 тазалықтағы құйма дәнекерлегіш



Қаптама, көпір тәрізді протездер, доғалы протездер, микропротездер
Алтыннан жасалған тістермен қаптамаларды дәнекерлеу.

Хром және кобальт

Кобальт – хром құймасы

Құйма доғалы протездер, көпір тәрізді
Протездер, металлокерамикалық протездер

Күміс және палладий

Күміс – палладий құймалары

Микропротездер, көпір тәрізді протездер, қаптама

Пластмассалар: а) акрилаттар негізінде

Б) силикондар негізінде


В) полихлорвинил
Хлоровинил және бутилакрилат

Этакрил-02, фторакс, синама –М

Элладент, боксил ортосил

Ортопласт
Эластопласт


Алмалы-салмалы протездердің негізгі, ортодонттық аппараттар, бет-жақ протездерінің, негіздері, жасанды тістер, фасеткалар, пластмассалық қаптамалар
Жұмсақ төсеніш, бөкесрлік жұмсақ төсеніш (шендеуіш)
Жақ протездері
Боксер шендеуіші.

Д) өздігінен қатаятын акрилаттар

Карбопласт, редонт-2, редонт-3, редонт, протакрил-М, теодент

Арнаулы қасықтар, тістерге пломба салу, ортодонттық аппараттар, протездердің құрылымын өзгерту. Қанқұрт, қанжел ауруларына ауқытша шина ретінде

Керамикалық материаладар: фарфор, ситалдар

Гамма-Мк, «Радуга» фарфор ұнтақтары, сикор

Қаптама, металдық керамикалық протездер




Қосалқы материалдар




Қалып алуға арналған материалдар

Гипс, мырышоксидэвгенол пасталар, альгинаттық, силикондық, тиоколдық, термопластық, гидроколлоидтық

Қалып алуға, мүсін жасауға

Мүсін жасауға арналған материалдар

Негіздік балауыздар Мүсіндік балауыздар
Жабысқақ балауыз
Силаур

Балауыздан негіз жасауға, тіс протездерін және оның бөліктерін жасауға қалпына келтіруге

Протездердің бөліктерін уақытша қосып жалғастыру үшін

Алтын құймаларын құюға.


Қалып құятын және отқа төзімді материалдар

Аурит

Формалит

Кристасил
Сиалит


Алтын құймаларын құюға

Тот баспайтын болатын құюға

Кобальт – хром құймаларын құюға
Кобальт – хром құймаларын құюға


Протездерді өңдеп әрілеуге қажет материалдар

Алмаз, корунд, электрокорунд, жалтырататын сықпалар (ГОИ, крокус), пемза, бор

Металдан, фарфордан, пластмассадан жасалған протездерді өңдеп, әрілеуге.

Тез балқитын металл қоспалары

Қорғасын, қалайлы, висмут

Металл штамптарын жасауға

Флюстер

Канифоль, мырыш хлориді, бура, бор қышқылы

Қатты металдан жасалған тістерді, қаптамаларды дәнеукерлеуге

қышқылдар

Тұз қышқылы, күкірт қышқылы, азот қышқылы

Ағартуға арналған ерітіндінің құрамына кіреді.

сілтілер

Қалайлы гидрооксиді

Құйманы химиялық түрде тазалауға

Ағартқыш

Изокол, силикодент

Ағартқыш қабат

Цементтер

Тіс протездерін ұстауға арналған цемент-висфат

Тіс протездерін ұстауға, тістің мүсінін алуға

Амальгамалдар

Мыс және күміс амальгамалдар

Тіс мүсіндерін алуға

Мольдин

Мольдин

Қаптаманы штамптауға

Спирт 96

Этил спирті

Протездерді тазалауға, майлардан арылтуға, қалып құятын қосындылардың құрамына кіреді.

бензин

Бензин АИ-92, АИ-76

Қоспаларды ерітуге, протездердің бөлшектерін дәнекерлеуге және металдарды қыздырып өңдеуге

Металл дегеніміз – атомдарды геометриялық тәртіппен дұрыс орналасқан кристалды дене.

Стоматологияда қолданылатын металл мен металл құймаларына қойылатын талаптар

Ауыз қуысында тотығуға тұрақтылығы өте жоғары болуы керек.

Жоғарғы механикалық қасиетке ие болуы керек (мықтылық, пластикалық, серпімділк)

Жоғарғы технологиялық қасиетке сай келуі керек (оңай штампталуы, құйылуы, жылтыратудың мүмкіндігі, созылуға оңай болуы).

техникалық сипаттамасы жақсы болуы қажет (түсі, балқу температурасы, отырғыштығы төмен болуы керек)

металдардың механикалық қасиеті дегеніміз сыртқы өзгеріске, құраушы механикалық күшке және кез-келген материалдардың механикалық күшіне төтеп беруі. Оны арнайы аппараттармен анықтайды.

Лигрлеу – металғабасқа металды қосып арнайы қасиет беру. Қолданылатын ондай лигрленген деп айтады.

Серпімділік деп материалдың сыртқы күш әсерінен пішінін өзгертуі және күштің әсері тотыған жағдайда өз пішініне қайта келуі қасиетін айтамыз.

Иімділік деп матеиалдың әлдеқандай сыртқы күш әсерінен бұзылмай пішінін өзгертіп, күштің әсері тоқтағаннан кейін сол пішінді сақтап қалу қасиетін айтамыз. Мұндай қасиеттерге қалыптық материалдар, балауыздар ие.

Технологиялық қасиеттері. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатыг материаладардың ең керекті технологиялық қасиеттеріне соғу, аққыштық, отыру жатады.

Соғу- материалды қысыммен кезкелген үлгіде өңдеу.Оның өңдеуге икемді болуы және бұл кезде материал күштің әсерінен өзінің тұтастығын жоймай, жаңа мөлшер мен көлемге ие болуы қасиеті. Соғу, негізінен, тек металдарда болады.

Аққыштық – материалдың еріген, сұйық күйінде құйма пішіндері мен қысымдау пішіндерінің ұяларды толтыру қасиеті.

Отыру- материалдың құйылғаннан соң қатқан кездегі көлемнің кішіреюі. Тіс протездерін дайындаған кезде материалдың отыруын есепке ала отырып құю керек.

Физикалық қасиеттері. Оған материалдың түсі тығыздығы, балқуы, жылу әсерінен ұлғаюы жатады.

Материалдың түсі. Ортопедиялық стоматологияда материалдың түсіне көп көіл бөлінеді. Материалдар тістің немесе шырышты қабаттың түсіне сәйкес келуі керек. Пластмасса мен фарфордан басқа кез-келген металдар талапқажауап бере алмайды.

Балқу – кез-келген дененің жылу әсерінен қатты күйден сұйық күйге аусу қасиеті. Балқу температурасына қарай материалдар әр түрлі болады.

Химиялық қасиеттері деп материалдың басқа химиялық заттарға қатынасын, әрәтүрлі ортадағы, қышқылдағы, негіздегі, аудағы, судағы жағдайын айтады. Ортопедиялық стоматологияда қолданатын материалдардың химиялық қасиетін міндетті түрде білуі керек. Себебі, тіс протезі әртүрлі химиялық белсенді заттармен ұдайы қатынаста болады. Ауыз қуысында бағал металл құймалары мен акрилды пластмассалардың химиялық тұрақтылығы жоғары.

Металдың тотығуы –металдар сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекетке түсуі нәтижесінде бастапқы өз қасиетін жоғалтуы, яғни бұзылуы. Тотығуы кезінде металдан жасалған бұйымдар өздерінің көптеген технологиядлық қасиеттерін жоғалтады. Осы жағдайларға байланысты стоматологиялық материалдарға ерекше талап қойылады. Оның негізгісі тамақ шайнау кезінде ауыз қуысында бөлініп шығатын сұйықтықтарға тұрақтылығы. Тотығушылық бұзылыстар біркелкі, жергілікті және интеркристалитті болып бөлінеді.

Біркелкі тотығу басқа тотығуларға қарағанда қауіпсіздеу. Бұл кезде қолданылған материалдың қалыңдығы жеткілікті болса, онда ол механикалық өзгеріске көп ұшырамайды, себебі тотығуға бұйымның беткі қабаты ғана ұшырайды. Бұған мыс металдан жасалған бұйым бейім келеді.

Жергілікті тотығу металдардың кейбір бөліктерін қамтиды және оларды дақ, нүкте түрінде әр түрлі тереңдіктегі бұзылыстардан көруге болады.

Интеркристалитті тотығу метал кристалдарының арасында болатын бұзылыс. Бұндай тотығуға тот баспайтын болат пен алюминий шыдас береді. Бірақ бұл металдар да сыртқы пішінін өзгертпестен тез арада қаттылығын жоғалтып, оңай сынады. Тағы бір сепке алатын жағдай, бұл – гальванизация. Бұл тот баспаудың пайда болуына негізгі себепкерболып табылады.

Ортопедиялық стоматологияда қолданатын металдар: тот баспайтын болаттар, суперметалл, ХКҚ-хром-кобальт құймасы, КПҚ-күміс-палладий құймасы, АПҚ-алтын пластина құймасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет