Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Қалыптық материалдарғға қойылатын талаптар



бет20/100
Дата02.01.2022
өлшемі192.7 Kb.
#454110
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100
Д рігерлерді біліктілігін жетілдіру факультеті жанында ы коллед

Қалыптық материалдарғға қойылатын талаптар.

  1. ауыз қуысының шырышты қабаттары мен тістердің рельефтерінің нақты белгілірін беруі керек.

  2. Ауыз қуысынан шығарғанда жиырылмай өзгеріске ұшырамауы керек.

  3. Протез жатағының тіндеріне енбеуі керек.

  4. Сілекейде ерімеуі керек.

  5. Ауыз қуысының шырышты қабатын күйдірмейтін температураларды жұмсару керек.

  6. Ауыз қуысынан оңай шығуы керек.

  7. өте тез және өте баяу қатпауы керек.

  8. Бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталуы керек және өзгеріске ұшырамауы керек.

  9. Ауыз қуысы тіндеріне улы әсері болмауы керек

  10. Жағымсыз исі мен өзгелей дәмі болмауы тиіс.

  11. Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болуы тиіс.

Бірақ бұл талаптарға кез-келген қалыптық материалдар жауап бере алмайды. Олардың оң және жекеленген теріс қасиеттері қатар жүреді.

Табиғи гипс табиғатта ақ, сұр және сары түсті материал түрінде болдаы. Ол болашақ, әкеп араласып кездеседі. Табиғи гипстің формуласы СаSО4 х2Н2О, яғни кальцийдің екігидратты сульфаты. Гипстің тығыздығы 2,2-2,4г/см2, медициналық гипс алу үшін табиғи гипсті арнайы термиялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде екігидратты сульфаттан ол жартыгидраттыға айналады. Тіс техникалық гипс алу үшін екі әдіс қолданылады.

А) автоклавта жоғарғы қысыммен термиялық өңдеу.

Б) қалыпты атмосфералық қысымды өңдеу.

Гипстің қатуы мынадай бірнеше факторларға байланысты болады: температураға, майдалану дәрежесіне, араласуына және гипстің құрамындағы тұздарына, гипстің сапасына. Ұнтақтау дәрежесі гипстің кристалдануына көп әсер тигізеді. Дисперциясы жоғары ұнтақ тез қатаяды.

Кристалдануы тездететіндер: натрий хлориді, калий хлориді, калий сульфаты, калий нитраты. Ал, тежейтіндер (ингибиторлар) – бура, клей, қант, этилен спирті.

Стоматологияда көптеген жұмыстар қолданылатын гипстің қәзіргі уақытта қалып ретінде қолданған кезде біршама кемшілігі бар. Гипсті ауыз қуысынан шығару қиын, яғни сынып шығады және өте ұзақ бөліктері шықпай қалып отырады. Сонымен бірге гипсті құрғақ жерде сақтау керек, себебі ол гигроскопиялық, яғни ылғалды өзіне тартып, тез бұзылады.

Өте қатты гипс – супергипс (Россия) бегодур, бегостоун,Дуралит, Вел-Микс Стоун және Супра Стоун (Германия), Фуджи Рок (Япония). Олардың қатаю уақыты 8-10 мин және олардың қатаюы кезіндегі 0,07-0,09%, қатқаннан кейін 1 сағаттан соң қысымға тұрақтылығы 30 Н/мм2, 1 тәуліктен кейін 35-60 Н/мм2. Қолданылуы құрамалы, аралас мүсіндер дайындау үшін. Ұнтақ пен судың арақатынасы 100г – ға 22-24 мл су құяды.

Синтетикалық суперқатты гипс, мысалы, молдасинт (Германия), олардың кеңею коэффициенті 2 сағаттан соң, шамамен 0,1%-ке тең. Араластырғандағы ара қатынасы: 100г – ға 20-23 мл су құюяды, қысылуға кедергісі – 48 Н/мм2. Пішіндері суперқатты гипстермен вибростолды толтырады (Вибромистер, Вибробой, Вибробеби, Кв-16, КВ-36,56 (Германия).

Цинкэвгенолды паста. Бірінші рет цинкэвгенолды пастаны қалыптық материал ретінде 1934 жылы Ресей мен АҚШ – та «Келли пастасы» деген атпен қолданады. Қазіргі уақытта цинкэвгенолды пастаны екі паста түрінде шығарады және ол мынадай медико – технологиялық талаптарға жауап береді:



  1. пластиналы ауз қуысына енгізгенде жоғарғы иілімділік қасиетке ие және тіндердің микроельфтерін 2-3 мкм-ге дейін дәл қайталайды.

  2. 3-5 минут ішінде қатаяды

  3. Шөгуі 6 сағаттан кейін 0,02% болады

  4. Ауыз қуысы тіндерін тітіркендірмейді.

Цинкэвгенолды пасталардың ең көп тараған өкілі Чехиянның «Репин» пасиасы. Ол негізгі және каталиизаторлы пастадан тұрады. Негізгі пастаның құрамына 80% мырыш тотығы, 20% интертті майлар кіреді.

Катализатор пастасы 15% қалампыр майы (эвгенол), 65% пихта майы және канифоль, 15% толықтырғыш (тальк және ақ балшық), 4% жылдамдатқыш (магний хлориді) тұрады. Екі пастаны да бірдей ара қатынаста араластыады. Цинк оксиэвгенолды пастаны көбінесе тіссіз жақтан қалып алғанға қолданады, яғни одан функционалды қалып алады. Бұл материалдың мынадай өкілдері бар. Колтекс, рапидпатти софт, (Германия). Рапид – дербес қасық дайындау үшін, ластик – функционалды қалып алу үшін қолданылады. Бірақ цинкоксиэвгенолды паста силиконды және тиоколды қалыпты материалдардан қасиеттері жағынан төмен.

Эластикалық қалыптық материаладар. Бұл топқа альгинатты, силиконды, тиоколды қалыптық материалдар жатады.

Альгинатты қалыптық материалдар. Бұл материалдардың шикізаты – су балдырлары. Альгинатты массалар 1940 жылдары шыққан. Альгинатты қалыптық материалдар мынадай талаптарға жауп береді.



  1. қалыптың тін микрорельефтерін көрсетуде 10 мкм-ге дейін ауытқиды.

  2. Қалып гипспен араласып кетпейді және оның құрлысына әсер етпейді.

  3. Шөгуі 15 минуттың ішінде 0,15%-ға дейін.

  4. 370С температурада 5-6 минуттың ішінде қатаяды.

Альгинатты композицияның құрамына бір влентті альгинат, шивагент, қатаюды реттегіштер, толықтырғыштар, индикаторлар және дәлдеп түсін реттегіштер кіреді. Масса эластикалық жағдайға өкен кезде сұйықтықты бөлеотырып кішірейеді. Альгинатты масса өзінің қарапайымдылығының нәтижесінде стоматологиялық тәжірибеде кең қолданылады, бірақ массаның біршама кемшіліктеріде бар:

  1. масса эластикалық күйге ауысқанда уақыт өте өзгеріске ұшырайды;

ТМД елдерінде қолданылатын альгинатты масса «Стоматлгин», оның құрамы: 24,95% натрий альгинаты, 35% барий карбонаты, 23,44 % диотолит, 2,5% натрий карбонаты, 2% натрий силикаты, 10% аэрсин, 2% этиленгликоль, 0,05% алқызыл пигмент, 0,06% хош иісті май.

Чехияның «Ипеен» альгинатты массасы жасыл түсті ұсақ дисперсті боады, ұнтақ дайындау әдісі: 10г ұнтақтағы 20мл бөлме температурасындағы суға араластырады . Қажалу уақыты 2,5 мин.

«Кромапан» және «кромапан-2000» ақ қызқылт, көкшіл түсті болдаы. Су мен ұнтақ ара қатынасы – 20мл-ға 9 ұнтақ қосады Лоқсуға қарсы әсері бар. «Ортопринттің резина тәрізді қасиеті бар. «Гидрогу» сонымен бірге Дупальфлекс, Трилоральгин, Пальго флекс (Гермния) Пропальгин (Франция), Альгинмакс (Италия), Джелтрэйт, джелтрэйт плюс, Кос Элдинэйт (АҚШ) – кең түрде қолданылатын альгинатты массалар.

Силиконды қалыптық материалдар. Силиконды қалыптық материалдар қолдану тарихы 190ж. басталды. Қазіргі уақытта стоматолгиялық практикада кремний органикалық полимерлер, яғни силиконды қалыптық материалдарың, конструкциясына байланысты, 4 түрін ажыратады: сұйық консистенция, қалыпты, қою қамыр және тәрізді консистенция. Сұйық консистенцияны екі қабатты қалыптық силиконды материалдар алу үшін қолданылады. Олар негізгі массадан, түзетуші пастадан және катализатордан тұрады. Өнімдері – Сиэласт – 03,05, Стомафлекс солайд, т.б.

Силиконды қалыптық материалдар өзінің химиялық реакциясына қарай 2 үлкен топқа бөлінеді.


  1. Поликонденсациялық

  2. Полимеризациялық

Поликонденсация – дегеніміз полимердің әр түрлі төменгі молекулалық (мономер) қосылыстарынан синтезделетін химиялық процесс. Бұл процесс жанама заттадың түзілуімен (аммиак, спирт, су) қатар жүреді.

Силиконды материалдар көбіне сыпқа түрінде көбірекшығарылады. Осы екеуін де араластырса желімделу процесі жүріп, эластикалқы өнім түзеледі.

Біздің елімізде Сиэласт-69,03,05,21 (Украина деген атпен шығатын қалыптық материалдар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге біздің елімізде шет елдің мынадай массалары кеінен таралған. Стомафлекс, дентофлекс (Чехия), Кнетон/ситарн және цафо-Гевезил (Германия).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет