Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет27/100
Дата02.01.2022
өлшемі192.7 Kb.
#454110
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100
Д рігерлерді біліктілігін жетілдіру факультеті жанында ы коллед

Фосфатты пішіндеуші материалдар. Гипсті пішіндеуші массалардың отқа төзімділігі өте төмен. Сонымен бірге оларды тот баспайтын болатты және хром-кобальт құймасын құйғанда қолданбайды, яғни гипсті пішіндеуші, материалды балқу температурасы 1200-16000С-қа жететін құймаларда қолдануға болмайды. Гипсті отқа төзімділігінің төмен болуы, гипс 10000С температураның өзінде ақ, күкір және кальций тотығына бөлінеді. Бұл гипстің ыдыраған өнімдері құймаға әсер етіп, оның қасиетін және тотығуына тұрақтылығынжояды. Алтын құймалардың шөгуін шамамен 1,25% , ал гипстік пішіндеуші материалдың кеңеюі алатынқұйманың шөгу коэффициенті шамасында, яғни бұл материал құйманың шөгуінің орнын толық қалпына келтіре алады. Ал тот баспайтын болаттың шөгуі 2,7%, ал мұны гипсті мүсіндеуші масса толық қалпына келтіре алмайды, сондықтан бұл кездерде фосфатты пішіндеуші материалдарды қолдануымызға тура келеді. Бұл материал тот баспайтын, шөгу коэффициентіне сай, термиялық кеңейеді де, оның орны толық толтыратын, отқа төзімді материал. Бірақ фосфатты пішіндерде гигроскопиялық кеңею қасиеті жоқ, сондықтан балауызды мүсінді температураны біртіндеп көтеру арқылы жандырады. Ал егерде бұл жағдай сақталмаса, пішінінде жарықтар, көпіршектер, саңылаулар пайда болуы мүмкін. Фосфатты материалдың ішінде кең тараған түрлері мынадай: Вировест (қаттылығы 140Н/мм2) Вироплюс (қаттылығы 190 Н/мм2); бегостал (кеңеюі 2,45%).

Сондай-ақ, бағалы материалл құймаларына арналған Германияда шығарылатын Ауровест Совет, Дегувест Совет (кеңеюі – 2,15%) т.б. түрлері бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет