Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)



бет16/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

  1. ЖМҚ қосылыстардың өзiне тән сипаттамасы мен ерекшелiгi қандай?

  2. Фармацевтикалық практикада қандай ерiтiндiлерi қолданылады?

  3. Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерiнiң жеке технологиялары?

  4. Шектi iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерiнiң жеке технологиялары?

  5. ЖМҚ ерiтiндiлерiне электролиттер мен спирттi қалай енгiзедi?

  6. Коллоидты ерiтiндiлер дегенiмiз не?

  7. Протаргол және колларгол ерiтiндiлерiн дайындаудың ерекшелiктерi қандай?

  8. Протаргол және колларгол ерiтiндiлерiн фильтрлеуге бола ма?

  9. Ихтиол ерiтiндiсiн дайындау технологиясы қалай жүргiзiледi?

  10. Коллоидты электролиттердiң (жартылай коллоидтар) ерiтiндiлерiн дайындау технологиясы.


Дәріс № 5
1. Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
2. Мақсаты: студенттер дәрілік және қосымша заттардың физика – химиялық қасиеттеріне және нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес суспензиялар және эмульсияларды теория жүзінде дайындауды, олардың сапасын бағалауды үйренуі қажет.
3. Дәріс тезистері:
1. Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы.
2.Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері.
3.Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық.. Суспензия түзетін
дәрілік заттар.
4.Эмульгаторлардың сипаттамасы және жіктелуі.
5.Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу
6.Дәнді және майлы эмульсиялар.
7.Суспензиялардың және эмульсиялардың сапасын бағалау.
Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр.
Артықшылықтары: суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.
Кемшiлiктерi: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.
Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет