Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері



бет5/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері. Ерiтiндiлердi сұйық дәрiiк түр ретiнде белгiлеген кезде, рецепттердi әртүрлi тәсiлмен құрастырады: пайыз түрiнде; еритiн зат пен ерiткiштi бөлек көрсету арқылы; ерiтiндi көлемiн қажеттi көлемге дейiн жеткiзу арқылы; зат мөлшерiнiң ерiткiш мөлшерiне қатынасы арқылы.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындаған кезде ерiткiш ретiнде табиғаты әртүрлi заттар қолданылуы мүмкiн: полярлы: су, спирт; полярсыз: көмiрсутектер. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындауға қолданылатын ерiткiштер белгiлi бiр талаптарға сай болуы керек, соның iшiнде: ерiткiштердiң ерiткiштiк қасиетi жоғары болуы керек; ерiткiштер химиялық және фармакологиялық индифференттi болуы керек; ерiткiштер микроорганизмдердiң өсуiне тұрақты болуы керек; жағымсыз иiсi мен дәмiнiң болмауы; ерiткiштер арзан және қол жетерлiк болуы керек. Ерiткiштер: сулы – тазартылған су; бейсу – ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлiнедi. Ұшқыш ерiткiштерге этил спиртi (этанол), эфир, хлороформ жатады. Ұшқыш емес ерiткiштерге өсiмдiк майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.
Дәрiханада дистилденген (тазартылған) суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы ҚР ДСМ 25.03.02 ж. № 9 «Дәрiхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдаланудың санитарлық ережелерi мен нормалары» бұйрығының 9 бөлiгiнде көрсетiлген (16-18 беттер) талаптары бойынша құбырдағы судан айдау тәсiлiмен жүргiзiледi. Бұл бөлмеде басқа жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Дәрiханада дистилляцияны дұрыс жүргiзудi, аквадистилляторларды және оның бөлшектерiн өңдеудi, сонымен бiрге суды жинайтын және сақтайтын жауапты қызметкер тағайындалады. Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшелiктерi әсер етедi. Әр қондырғы негiзгі үш элементтен құралады: буландыру камерасы, конденсатор, қабылдағыш. Буландырғышта (буландыру камерасы) суды қайнағанға дейiн қыздырады. Су булары конденсаторға өтiп, сұйықтыққа айналады және дистиллят күйiнде қабылдағышта жиналады. Судағы барлық ұшпайтын қоспалар аквадистилляторда қалады. Кейiнгi кезде дистилденген судың орнына минералсыздандырылған суды қолдануға көңiл аударылып отыр. Суды тұзсыздандыру (минералсыздандыру) үшiн әртүрлi қондырғылар қолданылады. Жұмыс iстеу принципi: суды ион алмастырғыш шайырлары арқылы өткiзiп тұздардан тазартады. Қондырғылардың негiзгi бөлiгi катиониттермен және аниониттермен толтырылған колонкалар. Катиониттердiң активтiлiгi, сутек иондарының сiлтiлi және сiлтiлi-жерлi металлдардың иондарына алмасу қабiлетi бар карбоксил немесе сульфон топтарының болуына тәуелдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет