Радиациялық бақылау құралдары:
Дозиметр – Сәуленуді бақылау үшін.
Рентгенометр, индикаторлар – Жергілікті жерді (аумақты) радиациялық барлау.
Радиометр – Инфекция дәрежесін бақылау.
Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы
Атаулары
|
Сипаттамалар және өлшеуіштің мөлшері
|
Тағайындалуы
|
Далалық радиометр- рентгенометр
ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)
|
Гамма-сәулелену бойынша 50мкР/с-200Р/с
|
Гамма-сәулелену мөлшерінің күштілігін өлшеу және гамма, бета-сәулелену бойынша жергілікті жердің ластануы
|
Дозиметр
ДРГ-01Т
|
10мкР/с-10Р/с
|
Ішкі гамма-сәулеленудің экспозиционды дозасы қуатын өлшеу (ЭМК)
|
ДП-22В дозиметр жинағы
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ДП-24 (аналог ДП- 22В)
|
2-50 Р/с
|
Сәулелену дозасын өлшеу
|
ИД-1 дозиметр жинағы
|
20-500 рад
|
Гамма- нейтронды сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеу
|
Жеке мөлшерді өлшейтін
ИД-11
|
50-80О Р
|
Радиациялық зақымданулын бастапқы диагностикалау мақсатындағы сәулеленуді жеке қадағалау
|
ДП-70 (ДП-70М)
|
10-1500 рад
|
Ол гамма және нейтронды сәулелену дозаларын тіркей алады
|
химиялық дозиметрлері ДКП-50-А қосымша беріледі
|
50-800 Р
|
медициналық зақымдану дәрежесі диагностикасына арналған өлшеу
|
ДК-0,2 дозиметр жинағы
|
10-200мР
|
Гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін зертханалық жағдайда өлшеу
|
Радиациялық қорғау. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта жұмысты жүргізу, жұмысшылардың сыртқы және ішкі сәулеленуінің төмендетуге және таза қалалар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануды апармауға бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін жүзеге асыруды талап етеді.
Радиациялық қауіпсіздік бойынша шаралар кешені мыналарды қамтиды:
- радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау;
- радиоактивті ластану жағдайында жұмысқа жұмылдырылған барлық тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;
- радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;
- радиациялық жағдайымен оның өзгерістеріне жүйелік бақылау, соның негізінде нақты участкелердегі жұмыстың ұзақтығын анықтау;
- жеке дозиметриялық бақылау және ластанған жергілікті жердегі барлық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;
- ластануды жою;
- барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру; жұмыс жасап жатқан участкелердегі ластанудың таралуына жол бермейтін санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру; санитарлық өңдеуді және жүйелі түрде қатерсіздендіруді, қажет болған жағдайда жұмысшылар пайдаланатын арнайы киімдерді, арнайы аяқ – киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.
Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
- негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
- тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);
- оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);
- қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
- көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және т.б.);
- қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |