Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс №11 Кеңестік дәуірден кейінгі кезеңдегі дене шынықтыру мен спорт



бет11/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс №11
Кеңестік дәуірден кейінгі кезеңдегі дене шынықтыру мен спорт
Дәріс жоспары:
1. Дене тәрбиесі мен спорт саласында прогресшіл ұлттық дәстүрлердің қалпына келуі.
2. Наурыз мерекесінің оралуы, спорттық мерекенің жаңа бағдарламасының жасалуы.
3. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша спартакиада ӛткізілуі.
4. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша БЖС мектептерінің ашылуы.
5. Қазақстан спортшыларының кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде олимпиадалық ойындарға қатысуларына талдау жасау.
6. Қазақстан спортшыларының Азия ойындарына қатысуы, олардың қатысуына талдау жасау.
7. Орталық Азия ойындарын ұйымдастыру ерекшеліктері, онда Қазақстан спортшыларының қатысуы.
8. Қазақстан спортшыларының СССР халықтарының І спартакиадасына қатысуы
Физкультура мен спорттың дамуына СССР халықтарының І-Спартакиадасы (1956) елеулі ықпал етті. Оған әзәрләк барысында республика спортшылары кӛптеген комплексті спорт жарыстары мен спартакиадаларға қатысты. Соның ішіндегі ең елеулісі Бүкілқазақстандық 8 спартакиада (1956). Онда республиканың барлық 16 облысындағы ең саңлақ спортшылары күш сынасты. Жалпы спартакиадалық жарыстарға 4236 спортшы қатысты.

Дене тәрбиесі- тәрбие жүйесінің бір саласы. Дене тәрбиесі адамның денсаулығын, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырып, дене құрылысын сомдай түседі. Олар ертеде Грецияда, Римде дамыған. Словактың ұлы педагогы Я.Каменский балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі мәселелеріне, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп. Дене тәрбиесі балалардың жас кезінен басталуы қажет екенін ғылыми дәлелдеп, оны педагогикалық процестің аса маңызды бӛлігі деп қарады. Ұлы педагог К.Д.Ушинский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстырады. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің жаңа жүйесін құрды. Ол балалардың түйсігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор деп кӛрсетті. В.И.Ленин дене тәрбиесіне айрықша мән бере отырып, коммунизм орнату жолындағы күресте жастардың денсаулығы мықты, құрыш білекті болуы керектігін атап кӛрсетті


. Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 мин арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4-8 мин гимнастика жасайды. 1929 жылдан Совет үкіметі дене тәрбиесінің міндетті пән ретінде оқу программасына енгізді. 1925 жылдан елімізде ерікті спорт қоғамдары құрылды. Қазақстанда жүздеген спорт лагері, 100-ден астам демалыс үйі, 70-тен астам туристік база, 25 мыңдай спорт залы мен базалары, стадион бар. Емдік физкультура- дене мүшелерінің қызметін қалпына келтіруге бағытталған емдеу әдісі.
Емдік физкультура ретінде жеке адамның ӛзіне ғана тағайындалған, қатаң түрде мӛлшерленген жаттығулар пайдаланылады. Ауруды емдеу, одан сақтану мақсаттарымен, науқастың денсаулығы мен еңбек ету қабілетін тез қалпына келтіріп, ауруға тӛзімділігін арттыру үшін, ауру-сырқатпен жарақаттың асқынып кетпеуіне жол бермеу үшін қолданылады. Алғашқы емдік физкультура кабинеттері Қазақстанда РСФСР денсаулық сақтау халкоматы берген госпитальдарда 1919-1920 жылы ашылды. 1986 жылдың аяғында республикада санаторийлар мен санаторий –профилакторийларда, демалыс үйлері мен пансионаттарда, ауруханалар мен емханаларда т.б. сауықтыру мекемелерінде 394 емдік физкультура кабинеті болды. Оларда 247 дәрігер, жоғары және орта білімі бар 892 нұсқаушы жұмыс істеді. Бұл кабинеттерге методикалық тұрғыдан 22 дәрігерлік-физкультуралық диспансер басшылық етті.
Дәріс № 12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет