Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс №7 Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі КСРО-дағы дене шынықтыру мен спорт



бет7/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс №7
Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі КСРО-дағы дене шынықтыру мен спорт
    1. Кеңес Одағы қалаларының күнделікті өмірінде дене шынықтыру мен спорттың жаппай сипат алуының алғышарттары.

  1. Орыс жер аударушылары мəдениетí мен күнделікті өмірінің ықпалы арқасында сырыққа өрмелеу, әртүрлі секірулер, қалта арқылы жүгіру т.б. дене шынықтырудың жетістіктері тарай бастайды.


КСРО-дағы дене шынықтыру мен спорттың дамуы «мəдени революцияның» бағыттарының бірінің дамуын көрсетті. Кеңес билігінің алғашқы он жылдықта дене шынықтырудың жалпыға ортақ мемлекеттік бағдарламалары, дене шынықтыру жəне спорт үйымдарына қолдау көрсету, дене шынықтыру-спорт нысандарын азаматтық қүрылыс жоспарына енгізуі мемлекеттегі дене шынықтырудың жалпы деңгейін түсінуге жəне спортты мəдени өмірдің айтарлықтай қүбылысы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Дене шынықтыру мен спорт саласына халықтың әртүрлі топтары: оɪĩеркəсш жүмысшылары. білім алушылар, əйелдер тартылды. Мұндай дене шынықтыру мен спорттық қозғалыстар əуесɪ«›йлык сипатта болды жəне мүның өсуі нэтижесінде өмірлік бағдарламаны орындаушы рөлін атқарды. Мемлекеттегі дене шынықтыру басымдылықтарын қүруға не ықпал етті? КСРО халықтарының күнделікті өмірінде дене шынықтыру тәрбиесінің жаппай сипат алуының алғышарттары неде? Мақала авторлары аталған мəселелердı жан-жақты талқылап, жауап табуға тырысты.


Мақалада Кеңес Одағы қалаларының күнделікті өміріндегі дене шынықтыру мен спорттың пайда болуының алғышарттары қарастырылды. Кеңес мемлекетінде халықтың физикалық түрғыдан денсаулығын күшейту идеясы қалай пайда болды? Не себептен КСРО халықтары арасында дене шынықтыруды дамыту нормаларын реттейтін қүжаттарды қалыптастырудың қажеттілігі туындады? Жүмысшы топтары арасында дене шынықтыру жаттығуларының танымал болуына СОКП ОК-нің қаулылары қалай əсер етті? Қазіргі əлемде дене шынықтырудың жаппай сипат алуы мүмкін бе? деген сүрақтарды ескере отырып, біз бүрын қүрамына Қазақстан енген Кеңес мемлекеті территориясындағы дене шынықтыру мен спорттың жаппай пайда болу тарихын талдауға тырыстық.
Дене шынықтыру жалпы мэдениеттің бір бөлігі ретінде адамның физикалық сапасы мен қабілетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға бағытталды. Өзінің түптамыры жағынан дене шынықтыру тарихы ерте кезеңнен бастап орын алады. Мысал ретінде алғашқы қауымдық қүрылыс кезеңіндегі мамонттарды аулауды, орта ғасырлық соғыстарды, жүдырықтасып төбелесулерді, садақпен ату, атпен жүру, жүзу, тағы басқаларды атап көрсетуге болады.
Қазіргі кезеңде дене шынықтыру физикалық денсаулық пен спорт жетістіктеріне қолжеткізудің қүралдарында жетілдіріліп жəне мемлекеттік маңызды іс ретінде жаппай сипат алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамыту қажеттілігі атап көрсетілуде. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев «Тек дені сау үлт қана бəсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан біздің мемлекеттік саясатымыздың стратегиялық бағыттарының бірі — жаппай спорт қозғалыстарын кеңейту болып табылады», — деп Қазақстанда спорттың дамуына маңызды мəн беріп, — «спорт — бүл мемлекеттің беделі мен абыройы үшін жүмыс жасайтын сала» [1], деп көрсетеді. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап көрсеткендіктен, көптеген қүқықтық қүжаттарда дене шынықтыру мəселелерíне үлкен назар аударылып отыр [2]. Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде пайда болған мəселелердí шешу жолдарын іздестіру сүрағы маңызды болды. ҚР Президентінің дене шынықтыру жəне спорт Кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөздерінде халықтың денсаулығын жақсартудағы біздің негізгі міндеттеріміздің бірі — жаппай спортты жəне жаппай дене шынықтыруды жаңғырту деп атап көрсетілді.
КСРО-ғы дене шынықтыру Ресей империясында өмір сүрген халықтардың дене шынықтыруымен тығыз байланысты жəне оның өзіндік халықтық түптамыры бар. Ежелгі дəуíрден бастап қарапайым халық мереке күндерінде жəне қол бос уақытында əртурлı ойындармен, жүдырырықтасып төбелесу, күрес, жүзу, коньки жəне шаңғы тебумен айналысқан. Мемлекеттік жүйенің бір бағыты ретінде дене шынықтыру І Петр реформалары кезеңінде қалыптаса бастады жəнебұл тұрақты əскер мен флотты әскери-физикалық тұрғыдан даярлау ісінде айқын көрінді. Патша тарапынан құрылған Преображенск жəне Семеновск полкілерінде əскерлер садақ пен мушкет ату, оқу бекіністеріне шабуыл жасау, су кедергілерімен күрес жүргізуді үйренді. Қарулану ісінде найзаның пайда болуынан соң əскери дайындыққа найзамен күресу әдістерін үйрету енгізілді. І Петр кезеңінде ашылған оқу орындарында дене шынықтыру ісі енгізілді. Оқушылар семсерлесу, жүзу, атпен жүру, желкен мен еспелі кеме істерімен шұғылданды. Бұл көңіл көтеру емес, саналы жəне арнайы түрде айналысқан дене шынықтыру бойынша жаттығулардың алғашқы нышаны болып саналады. Айта кету қажет, XVII ғ. дене шынықтыру тәрбиесі əскери мақсатгағы айларлықлай қолданбалы сипатқа ие болды. Сонымен бірге дене шынықтыру жəне əскери тэрбиесшдеп өзгерістер тек қана дворяндық топтарды қамтыды.
Ежелден бері спортпен, дене шынықгыру тәрбиесімен шұғылдану ісі екіжақты сипатқа ие болды. Бір жағынан, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі физикалық еңбек жəне әртүрлі халықтық ойын-сауықпен, яғни өз бетімен дамитын халықтық дене шынықтыру мәдениетімен, шектелді. Жұдырықтасып төбелесу, күрес, шаңғы тебу — осының барлығы халықтық ойын-сауық сипатына ие болып, олардың қатаң түрдегі жүйесі мен арнайы жаттығулары жəне жаттығу жүйесі болған жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі «стихиялық» сипатқа ие болды. Осыған қарамастан, халық арасындағы негізгі іс — физикалық түріндегі еңбек болғандықтан, ал бұл, өз кезегінде, мықты денсаулықтың жəне физикалық тұрғыдан шыдамдылықтың бар болуын қажет еткендіктен, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі қажелтілік болып саналды.
Екінші жағынан, зерттеушілер шайқасқа дайындық барысындағы әскерлердің гимнаистикалық жаттығулары, ат жарыстары жəне яхт-клуб (суда жүзу спортымен шұғылданушы ұйым) сияқты қоғамның ақсүйектері мен элиталарына тəн əскери тəрбиелеу жүйесін атап көрсетеді.
  1. ғ. Ресейде дене шынықтыру тәрбиесі мәселелері ресейлік прогрессивті қайраткерлердің еңбектерінде дамуын жалғастырды. ХҮІІІ ғ. II жартысындағы дене шынықтыру тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіне Ресейдегі тəрбиелеу үйлерінің негізін қалаған И.И. Бецкий (1704-1795) айтарлықтай ықпал етті [3]. Ол кейбір физикалық ескертпелерді білдіре отырып, «Балаларды туылғанынан бастап жастық шаққа дейінгі тәрбиелеудің қысқаша бағытын» (1766) көрсетіп, онда баларардың физикалық дамуына ықпал ететш әртүрлі іс-шараларды, шыңдау, жеке гигиена қағидаларын сақтауды ұсынып, тəрбиелеу үрдісінде балалардың жастық ерекшеліктерін ескеруге үлкен мəн берген.


  2. ғ. аяғындағы орыс ағартушысы, журналист, «Мəскеу ведомствосының» баспашысы


Н.И. Новиков (1744-1818) дене шынықтыру тәрбиесін жалпы тәрибелеудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған. Ол өзінің «О воспитании и наставлении детей для распространения общеполезных знаний и всеобщего благополучия» атты мақаласында халыққа арналған дене шынықтыру тәрбиесі жүйесінің негізгі принциптерін қарастырған [4]. Оның пікірінше, балаларды физикалық тұрғыдан тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде іс-қимыл ойындарын (әсіресе доппен), күресу, журу, бірқалыпты жүгіру, тамақтану мен дем алу лəрліплерін ұстану, физикалық жаттығуларды белсенді түрде қолдануды атап көрсеткен. Сонымен бірге ғалым дене шынықтыру тәрбиесін эстетикалық тəрбиемен байланыстыратын орыс халық билеріне маңызды назар аударған.


Адамның жан-жақты дамуы жөніндегі мəселе алғашқы орыс ағартушысы А.Н. Радищевтің (1749-1802) «Путешествие из Петербурга в Москву» атты шығармасында қарастырылған жəне, оның пікірінше, тәрбиелеудің негізгі мақсаты — үйлесімді ақыл-ой, адамгершілік жəне физикалық тəрбиелеу болып табылады. А.Н. Радищев физикалық тəрбиелеудщ негізгі құралдарына еңбекті, ойындарды, физикалық жаттығулардың халықтық түрлерін (жүгіру, лақтыру, секіру, атпен жүру, ату) жатқызған. Ол организмді шынықтыруға, гигиена қағидаларын қадағалауға үлкен назар аударып, артық тамақтанудан сақтануға шақырып, «киім киуде ұқыпты болыңыз, денені таза ұстаңыз, тазалық денсаулықтың кепілі», — деп атап көрсеткен болатын [5].
Прогрессивті қайраткерлер мен ғалымдардың көзқарастары дене шынықтыру тəрбиесİ саласындағы педагогикалық ойлардың дамуына ықпал етті. Физикалық тəрбиелеудщ басты міндеті адам денсаулығын нығайту жəне қорғау, ептілік пен төзімділікке жəне басқа моральдық-жігерлік қасиеттерін тəрбиелеу болды. Дене шынықтыру жаттығуларын жасау үрдісінде балалар мен жасөспірімдердің жастық жəне физиологиялық ерекшеліктері ескерілді.
Патшалық Ресейде дене шынықтыру мен спорт мəдениелінің дамуының келесі сатысы негізін А.В. Суворов қалаған орыс əскерлерíн əскери-физикальщ тұрғыдан тəрбиелеудщ жүйесініңкалыптасуы болды. Солдаттар мен офицерлердің күнделікті физикалык жаттығулары колбасшы мен оның жактастарына төзімді жəне шыңдалған, карсыласты жеңе алатын армия кұруға мүмкіндік берді. Суворов жүру, жүгіру жəне әртүрлі бұрылулар, кару-жаракпен жаттыгуларды камтитын әскерлердің таңғы шынығуын алғаш рет тәжірибеге енгізді. Ұлы колбасшы өзінің әскерлерді дарлау туралы көзкарастарын «Полковое учреждение» жəне «Наука побеждать» (1796) [6] атты еңбектерінде атап көрсеткен. Дене шыныктырудың негізгі кұралдары жүгіру, секіру, өрмелеп шығу т.б. болып табылды.
Ресей армиясында әскерлердің физикалык жəне жауынгерлік дайындыктарын жетілдірудің бірден-бір козғаушы күші əскери дайындыктың кемшіліктерін көрсеткен жүргізілген соғыстардың, әсіресе ірі əскери кампаниялардың нәтижелері болды.
1812 ж. француздармен соғыстан кейін жеке кұрамдағы әскерлердің физикалык дайындығын жоғарлату максатында оку-жаттығудың келесі түрлері: 1820 ж. семсерлесу, 1830 ж. гимнастика тәжірибеге енгізіледі. Мұндай жағдай кажетті материалдык базаны, сабак беретін жетекшілерді даярлау жəне әдістемелік кұралдарды өңдеуді талап етті. Ату жəне ат спорты, семсерлесу, әртүрлі ойындар бойынша жарыстар мен жаттығулар өткізілді. Əскери округтарда гимнастика мен семсерлесу бойынша нұскашыны дайындайтын мектептер мен курстар ашылды. Мұнан баска, нұскаушылар корпустык, дивизиялык жəне полк мектептерінде даярланды.
Келесі жылдары əскерлердí физикалык тұрғыдан дайындау ісі одан əрí кеңейеді: 1830 ж. кадет корпустарында, 1838 ж. гвардия полктерінде семсерлесу бойынша сабак жүргізу тəжíрибеге енгізіліп, соңынан барлык армияда косымша сабак ретінде гимнастика окытыла басталды. 1838 ж. «Əскери гимнастика жəне найза мен кылыш аркылы семсерлесу» баскармасы бекітіледі. Армияларда арнайы гимнастика калалары курылып, əскерлердíц физикалык дайындык деңгейлерін аныктау үшін кейбір жапьтулар мен нормативтар (1 жəне 4-8 шакырымға жүгіру, әрдүрлі кашыктыкка марш жасау, ұзындыкка секіру жəне баканмен секіру) енгізілді.
Сонымен бірге əскери оку орындарында жүзу кең тарады. 1850 ж. орыс армиясын физикалык тұрғыдан даярлаудың ұлттык ерекшеліктері көрсетілген «Әскерлерді гимнастика бойынша окытудың ережелері» кабылданады. Бұл Ереже армияны физикалык тұрғыдан даярлау бойынша орыс əскери- теориялык ойдың даму нəтижесí болды.
Қырым соғысындағы жеңілістен соң (1853-1856) армиядағы физикалык дайындыктың біріңғай ұйымдастырылуы мен əдíсíн куру үшін 1861 ж. «Гимнастикаға үйретудің ережесі» жəне «Соғыіста найзаны колдануға үйретудің ережесі» енгізілді. Бұл ережелерге сəйкес оку сабактары физикалык дайындыктың негізі ретінде заңдастырылды. Гимнастика жəне найзамен күресу бойынша оку сабактарын бөлім командирі таңғы уакытта немесе түскі уакыттан кейін 2 сағаттан соң өткізді. Соңғы жылдары физикалык дайындаудың негізгі ережелері 1879 ж. кабылданған жəне орыс армиясында 30 жыл бойы əрекет еткен физикалык дайындыктың ресми кужаты — «Гимнастика бойынша окытудың нускауына» сəйкес дамыды. Аталған нускауда көрсетілген талаптарға сəйкес жылдың соңында барлык əскерлер барлык үйретілген жаттығулар (сатыдан колмен көтерілу, тартылу, узактыкка секіру жəне бөрене аркылы көлденеңнен секіру) бойынша тексерістен өтті [7].
ХІХ ғ. прогрессивті орыс ғылыми ойының өкілдері, ғалымдар, дəрíгерлер, педагогтар жəне коғамдык кайраткерлер халыкты сауыктыру жəне физикалык турғыдан даму үшін белсенді күрес жүргізе бастайды. Дене шыныктыру үлкен киындыктар аркылы мемлекеттің оку орындарына енгізіле бастайды. ХІХ ғ. екінші жартысында əйгíлí орыс ғалымы жəне педагогы П.Ф. Лесгафт дене шыныктырудың ғылыми турғыдан негізделген жүйесін өңдеп, дене шыныктыру бойынша окытушыларды даярлаудың арнайы оку орындарын курады. Ғалымның пікірінше, аталған білім беру жүйесі жүйелі түрдегі акыл, эстетикалык, физикалык дамуды камтиды жəне адамды коғамның игілігі үшін жумыс жасауына ыкпалын тигізеді. Мундай үйлесімді дамуды тек кана адамның жасы мен жыныстык белгілерін жəне дене тәрбиесінің негізгі кұралы шынайы жапығулар болып табылатын дене шыныктырудың ғылыми турғыдан негізделген жүйесін ескере отырып, жүзеге асыруға болады. П.Ф. Лесгафт шынайы физикалык жаттығулардың катарына жүгіру, секіру, лактыру, күрес, ойындар жəне карапайым гимнастикалык жаттығуларды жаткызады.
П.Ф. Лесгафт алғашкылардың бірі болып дене шыныктыру бойынша мамандарды даярлауға аса назар бөлген. 1893 ж., оның бастамасы бойынша, курылған окушы жасөспірімдердің физикалык дамуына ыкпал ету Петербург коғамы тек кана аукатты отбасыдан шыккан балалар үшін емес, сонымен бірге жумысшылар, орта кызмет отбасы балаларының катысуын камтамасыз ете отырып, дене шыныктыру мəдениетí бойынша сабак жүргізіп, эккскурсиялар жасап, әрдүрлі ойындарұйымдастырды. Бірақ дене шынықтыру тəрбиесí мен спорт мемлекеттің тарабынан қолдау тапқан жок жəне орыс интеллигенциясының прогресивті топтары ынтасының аркасында жүзеге асырылды.
Ресейдегі спорттың казіргі заманғы түрлерінің пайда болуы мен дамуы ХІХ ғ. аяғында, яғни көптеген батыс мемлекеттерімен салыстырғанда, олардан шамамен 50 жыл кейін басталды. 1889 ж. Мəскеуде конькимен жүгіру спорты бойынша алғашкы Ресей чемпионаты өткізілді жəне мұнда 3 шакырымға (3200 м) 7 мин 30 сек нəтиже көрсеткен А. Паншин жеңіске жетеді. Спортшылар Мəскеудегí Петровкада төрт айналымы бар 200 шақырымдық мұз айдынында жарысты. 1895 ж. 29 желтоксанында шанғышылардың Мəскеу клубы ашылды. 1897 ж. күрес пен ауыр салмакты көтеруді камтыған ауыр атлетика бойынша алғашкы Ресей чемпионаты өтті. Орыс палуандары халыкаралык деңгейге шыға бастайды. 1901 ж. ауыр салмакты Георг Гаккеншмидт əлем чемпионына ие болады. Иван Поддубный 6 рет əлем чемпионы болады [8]. Бірак Ресей 1900 ж. жəне 1904 ж. өткізілген Олимпиада ойындарына катыспайды. Тек кана 1908 ж. Лондонда өткен Олимпиада ойындарына бейресми түрде 6 ресейлік спортшы катысады.
ХХ ғ. басында студенттік спорт үйірмелерінің кызметі айтарлыктай күшейе бастайды. 1903 ж. бастап студенттер арасында «Өнегелік жəне физикалык дамуға колжеткізу үшін жас азаматтарға көмек көрсету үшін Петербург комитеті» өзінің кызметін белсендете бастайды. Патшалык Ресей үкіметі дене шынықтыру тəрбиесíне аса кызықушылық танытпайды. Тек қана 1905– 1907 жж. революциядан жəне Жапониямен соғыстан жеңіліс тапканан соң жастардың назарын революциялык күрестен бұру, сонымен қатар орыс армисының қорын даярлау мақсатында əртÝрлí дене шынықтыру жəне спорт ұйымдарының кызметі көтермеленіп, спорттык үйірмелер кейбір материалдык көмекке ие болады. Біракта мұндай көтермелеулер мен материалдык көмек көрсету ұзакка созылған жок. Студенттердің назарын саяси күрестен дене шыныктыру аркылы бұру жүзеге асырылмайтындығын түсінген соң, 1906 ж. наурызда патшалык Ресейдің ағарту ісі бойынша министрлігі мен Ішкі істер министрлігі студенттерге əртÝрлí қоғамдық, соның ішінде спорттық үйірмелерді құруға тыйым салынған бірлескен шешім шығарады.
Тыйым салуға қарамастан, дене шынықтыру тəрбиесíне деген қызығушылықтың артуы жəне студент жастардың белсенділігі студенттік үйірмелерді кұруға рұксат тудыратын жаңа институттык жəне университеттік жарғылардың, сонымен катар «Студенттер жөніндегі Ереженің» (1907) кабылдануын камтамасыз етті. П.Ф. Лесгафт, генерал А.Д. Бутовский жəне М.М. Драгомировтың армияларын физикалық тұрғыдан даярлау бойынша теория жəне тəжíрнбе саласындағы ірі мамандардың аркасында орыс армиясын физикалык тұрғыдан дайындаудың жүйесі алғаш рет өңделді. Бұл жүйе 1907 ж. «Найзамен күресуге үйрету» жəне 1910 ж. «Әскерлерді гнмнастнкаға үйрету нұскауы» сиякты ресми кұжаттарда атап көрсетілді [9].
Әскери ведомство жастардың физикалык тұрғыдан дайындығының төмен деңгейде болуына кызығушылыкпен жəне ерекше алаңдаушылыкпен карады. Бұл жағдай, алдымен, Жапониямен соғыста жеңіліс тапканан соң патшалыктың Ресейдің əскери беделін кайта калпына келтіру мен жастарды əскери қызметке даярлаумен түсіндірілді. Сондықтан, əскери шенеуніктер əртурлí спорттык, гимнастикалык жəне жартылай əскери ұйымдарды кұра бастайды. Ең көп тараған дене шынктыру жаттығулары «күлдіргі (потешный)», скаут отрядтары мен гимнастика үйірмелері болды.
1909 ж. басында Ағарту министрлігінің шенеунігі, Бахмут уездінің халыктык училищесінің инспекторы А.А. Луцкевич XVI ғ. І Петрдің құрған əскери отрядтарының құрметіне «күлдіргі» отрядтары шакырылады. Шенеунік жазғы демалыс уактында балаларға сапка тұру мен гимнастика бойынша тәлім беріп, қысқа мерзімнің ішінде өзіндік сипаты бар əскери бөлімше құрады. «Құнды бастамасын» үгіттеу үшін 1910 ж. мамырда Луцкевич өзінің «күлдіргі» отрядтарымен бірге астанаға шакырылады [10]. «Күлдіргілер» патшаға жəне əскери министрі Сухомлиновка жаксы пікір калдырды. «Күлдіргілер» отрядтарында əскери муштра колданыска ие болды, балалар механикалык түрде сапқа тұру жаттығуларын жəне кару əдíстерíн жаттап алды. Бұл отрядтарда дене шынықтырудың біріңғай түрлері мен əдíстерí болған жоқ. «Күлдіргілерді» даярлау барысында гимнастикалық жаттығулар қолданылды. Сабақ жүргізудің əдíстерí мен мазмұны балалардың организмінің ерекшеліктерін ескерген жок. «Күлдіргілер» отрядтарындағы балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеудщ жүйесіне орыс интеллигенциясының бір бөлігі, əсíресе педагогтар мен дəрíгерлер қарсылық білдірді. Осының себептерінен 1914 ж. «күлдіргілер» отрядтарының қызметі токтатылды.
Патшалық Ресейдегі дене шынықтыру тəрбиесíнщ дамын көрсеткен бағыттардың бірі скаут отрядтары болды. 1910 ж. орта білім беру мектептерінің окушыларын камтитын алғашкы үйірмелерқұрылды. 1910 ж. орта білім беру орындарының оқушылары қатарынан тұратын алғашқы үйірмелер пайда болды. Жасөспірімдерді мектептен тыс милитаризациялаудың мұндай түрлері бүкіл əлемде кеңнен тарай бастады. Скаут жасағына қосылу үшін оқу орнының əкiмшiлiгiнен рұқсат алу жəне мүшелік төлемін енгізу, форма сатып алу қажет болды. Скаут жасағына қарапайым халықтың балалары мүше болмау үшін барлық жағдай қарастырылды. Патша үкіметі скауттардан болашақта құдайға сенетін жəне патшаға берілген офицерлер мен интеллигенция даярлауға үміттенді.
Скауттардың жасақтарында жасөспірімдер саяси, əскери жəне дене шынықтыру дайындықтарынан өтуі керек болды. Олар жедел жəрдем көрсетудің əдíстерí мен топографияға бағытталған əскери істерді үйеренді. Скауттарды физикалық тұрғыдан даярлаудың негізгі құралы гимнастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары, əскери шабуылдар болды. Педагогтар ретінде офицерлер, Ағарту министрліктерінен шенеуніктер, арнайы дайындалған тұлғалар, сонымен бірге Англиядан келген скаут шеберлері тағайындалды.
Ресейдегі скауттар қозғалысы әртүрлі буржуазиялық қоғам мен үкіметтік мекемелер тарабынан қолдау тапты. Əскери ведомство скауттарды формалармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіп, жиындар ұйымдастырды. ІІ Николай бұйрығымен ағылшын генералы Баден-Пауэлдың «Юные разведчики» атты кітабы орыс тіліне аударылды, ал 2010 ж. патшаның шақыруы бойынша Баден- Пауэль Ресейге келген болатын. Егер «күлдіргілер» жасақтары жұмысшылардың балаларына арналса, скауттар жасақтары буржуазия мен интеллигенцияның балаларына арналды.
1912 ж. шанғы жарысы бойынша алғаш рет Ресей біріншілігі өтті. 1912 ж. Петербургте Бүкілресейлік футбол одағы ашылды. Осы жылы бұл Одақ алғашқы мемлекеттік чемпионат өткізіп, ФИФА-ға (Футболдың халықаралық федерациясына) қабылданды. Ресей империясында спорттың басқада түрлері бойынша бірлестіктер мен лигалар құрыла бастады. 1911 ж. 16 наурызында 31 орыс спорт қоғамының өкілдері Ресей олипиадалық комитетінің жарғысының жобасын қабылдайды. Бірақ бұл жоба 1912 ж. 17 мамырда Ресей СІМ тарабынан бекітілді, ал Олимпиада ойындары осы жылдың 5 мамырында Стокгольмде басталып кеткен болатын. Ресей Швецияға генерал В.Н. Воейков пен 178 ең үздік спортсмендерін жібереді. Олимпиадалық құрамаға Петербургтың Негізгі офицерлік гимнастикалық-семсерлесу мектебінің мүшелері енді. Олимпиада ойындарының нəтижесíнде ресейлік спортсмендер төрт медаль, соның ішінде екеуі — ату бойынша, біреуі — қайықшылардың жарысы бойынша, бір күміс медаль — классикалық күрес бойынша жеңіп алды. Командалық біріншілік бойынша Ресей Австриямен бірге 15-ші орынды иеленді.

Стокгольмдегі Олимпиада ойындарындағы ресейлік спортсмендердің сәтсіздігі іі Николайды 1913 ж. 7 маусымда Ресей империясы халқының физикалық тұрғыдан дамуын қадағалайтын Басты бақылаушы қызметін құруға итермеледі жəне бұл қызметке генерал II В.Н. Воейкованы тағайындады. Шын мəнíнде, Владимир Николаевич Ресей тарихындағы алғашқы спорт министрі болды [11]. Мұндай тағайындау арқылы орталықтандырылған басқаруды құруға талпыныс жасалды. Генералдың басшылығында құрылған канцелярия барлық спорттық клубтардың санағын жүргізіп, олардың қызметіне бақылау орнатты, халықаралық жарыстарға командаларды даярлаумен айналысты. Мұндай мемлекеттік органның дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі сұрақтарының Мариин сарайындағы Министрлер Кеңесінде қарастырылуының өзі аталған органның маңыздылығын дəлелдеп береді. Бұл жөнінде В.Н. Воейков өзінің мемуарында: «Қатысушылардың саны жүз адамнан асты. Олардың барлығы спорттың пайдасы үшін жұмылдырылды, бірақ алғашқы кезеңде бұл іс бойынша жеткілікті түрдегі тəжíрибе болған жоқ» деп атап өтеді [12].


Оқу орындарында білім алушылар арасында белгілі бір затпен жаттығатын, снарядпен жаттығуға бағытталған жəне Əскери министрлік пен Ағарту министрлігі қолдау көрсеткен сокол гимнастикасы кеңінен тарады. Ресейдегі барлық ауыл үйірмелері «Ресейлік сокол одағына» біріктірілді. 1914 ж. Ресейде «соколдардың» І-ші съезді өтті жəне бұл жастардың арасында сокол гимнастикасының кеңінен тарауына ықпал етті. Сокол гимнастикасы бойынша сабақтар Ағарту министрлігінің оқу ғимараттарында өтті. Сокол гимнастикасы үйірмелерімен қатар, басқа да гимнастикалық жəне спорттық ұйымдар құрыла бастады, сонымен бірге бастапқыда Петербург пен Мəскеуде, соңынан басқа да қалаларда білім алушы жастардың физикалық дамуына ықпал ету қоғамдарын құру қолдау тапты. Бұл қоғамдар жастар арасында гимнастиканың, ойындардың, спорттың тарауына ықпал етті, спорт пəндерí бойынша оқу құралдарын басып шығарды. Бұл қоғамдарға Ағарту министрлігі материалдық жағынан қолдау көрсетіп, бұл қоғамдар «жастардың моралдық тұрақсыздығына» əсер ететін ұйымдар ретінде танылды.
Бірақ балалармен жұмыс жасаған мұғалімдердің қажетті дене шынықтыру тәрбиесіне қосқан үлесіне қарамастан, жастардың физикалық тұрғыдан даму деңгейі төмен болды. Мектептердегі дене шынықтыру мәселелері әртүрлі съездерде талқыланды. Мысалы, халықтық білім мәселелері жөніндегі І-ші Жалпы ресейлік съезде (1913-1914) алдыңғы қатардағы педагогтар «балалардың физикалық, эстетикалық жəне ақыл-ой жағынан дамуы үшін жəне жеке жəне қоғамдық өмір мәселелерін саналы, ақылды түрде шешуге тәрбиелейтін бірыңғай мектептерді құруға» қолдау білдірді. Дене шынықтырудың негізгі құралдары ретінде ойындар, серуендеу, гимнастика, экскурсиялар саналды. Мұнан басқа, съездге қатысушылар өндірістегі балалардың еңбегін қысқарту қажеттілігін ескерді. Бірақ бұл талаптардың барлығы білім алушы жастарды физикалық тұрғыдан тəрбиелеу мәселелеріне деген үкіметтің жеткіліксіз назар аударуының себептерінен жəне білікті кадрлардың жетіспеуінен жүзеге асырылған жоқ.
ж. Олимпиада ойындарына қатысу мақсатында 1912 ж. Олимпиадамен салыстырғанда ресейлік Олимпиада ойындарын күнделікті өткізу жөнінде шешім қабылданды. Мұндай ойындардың алғашқысы 1913 ж. Киевте өтті. Спорттың 14 түрі бойынша мемлекеттің 20 қаласынан 500 адам қатысты. 1914 ж. Ригада өткен екінші ресейлік Олимпиадаға қатысушылардың саны 900 адамға жетті. 3-ші Олимпиада ойындарын Петербургте, ал 4-ші Олимпиаданы Мəскеуде өткізу
жоспарланған болатын, бірақ Бірінші дүниежүзлік соғыс мұндай жоспарлардың жүзеге асуына мүмкіндік берген жоқ. 1914 ж. соғыс қимылдарының басталуы қарсаңында Ресейде 500 мүшесі бар 800 спорт клубтары болды.
ж. орталық Ресейдегі спорттың даму деңгейі соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда жоғары болған жоқ. Тек қана ауыр атлетикадағы жетістіктер ғана әлемдік деңгейге жетті. 1918 ж. аяғына қарай орыс спортсмендерінің ауыр атлектика бойынша жетістіктері әлемдік деңгейге жеткен болатын. Ресей спорттың басқа түрлері бойынша әлемдік жəне еуропалық деңгейден артта қалды. Мұндай жағдай Ресей империясының құрамына енген мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да қатысы болды.
ХІХ ғ. екінші жартысында Ресей империясының құрамына кірген Қазақстандағы дене шынықтыру тәрбиесі мен спорт біркелкі дамыған жоқ. Бір жағынан, көптеген ұлттық ойындар назардан тыс қалды, екінші жағынан, қазақ даласындағы дене шынықтыру тәрбиесіне жаңа физикалық жаттығулар енді. Ресми түрде тыйым салынған алғашқы ұлттық ойындардың бірі — сайыс (ат ойындары — ат үстінде семсерлесу) болды. Сайыс ойнына ең күшті жəне дайындықтан өткен əр рудың жігіттері қатысты [13]. Кейбір деректер бойынша, мұндай қатерлі жəне күрделі ойындарға əйелдер де қатысқан [14]. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін болғандықтан, Қазақстанда сайыс ойындарын өткізуге тыйым салынды [15]. Бірақ сайыс Қазан революциясына дейін дәріптеліп келді. Мұндай «қауіпті» ұлттық ойынның дәріптелуінің себебі бұл ойын ең ірі спорттық мерекелердің міндетті элементі болуымен байланысты болды.
Қазақстанның Ресей құрамына енгенен кейінгі жаңалықтардың бірі — ат жарысын ұйымдастыру мен жүргізуге өзгерістер енгізілді. Жарыстың ережелері барлық қатысушылар үшін ортақ деп саналды жəне ауқатты спортсменнің үлесі үшін өзгерген жоқ [16]. Ат жарысы бір старты жəне бір финиші бар айналу бойынша жүргізілді. 1853 ж. бастап Бөкей Ордасында ұзындығы 4 верстқа тең айналу арқылы 20 верстқа ат жарысы ұйымдастырылды. Ең үздік нəтиже 27 минут 30 секундта, яғни орташа жылдамдығы 1 минутта 1 верстты айналып өтті [17].
Қазақстан территориясында ат зауыттарының құрылуы ат спортының дамында маңызды рөл атқарды. Бұл аттардың тұқымын жақсарту мақсатында құрылды [18]. Ат зауыттары аттардың жаңа тұқымдарын шығаруға ұмтылды. 1882 ж. көрмелер, бəйге, желгір аттар жарысын ұйымдастыру мақсатында «Түркістан бəйге қоғамы» құрылды. Бұл қоғамның қызметі кең болды. Қоғам күнделікті түрде ат бәйгесін жəне ат жəне ұлттық ат бәйгесі бойынша жарыстар өткізді. Мұндай іс-шаралардың жүргізілуі жергілікті тұрғындар арасында спорттың қазіргі заманғы түріне деген қызығушылықтарын оятты, жарыстарды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерінің таралуына оң ықпалын тигізді.
ХІХ ғ. бастап қазақ даласында ат бәйгесі мәдениетінің жəне өнерінің элементтері көрсетілетін жәрмеңкелер жүргізіле бастады. Барлық, əсíресе ірі жəрменкелер спорттық жарыстардың өзіндік аренасына айналды. Жəрменкелерде əйгíлí шабандоздар, мергендер, палуандар өздерінің өнерін көрсетті. Сонымен бірге жəрменкелер цирк өнері элементтерінің, «Қазақстандағы театрлық көрінісінің» қалыптасқан жерлеріне айналды.
Орыс жер аударушылары мəдениетí мен күнделікті өмірінің ықпалы арқасында сырыққа өрмелеу, әртүрлі секірулер, қалта арқылы жүгіру т.б. дене шынықтырудың жетістіктері тарай бастайды.
Кез келген бір тарихи оқиға сияқты, Қазақстанның Ресейге қосылуының оң жəне кері жақтары болды. Ресей империясының саясаты дәстүрлі институттардың өзгеруіне, жаңа қоғамдардың құрылуына алып келді жəне бұл, өз кезегінде, патшаның жеңіл басқаруына мүмкіндік берді. Патшалықтың саясаты дене шынықтыру мəдениетíнде де көрініс тапты. Патша шенеуніктері Қазақстанда əскери-колданбалы сипатындағы спорттың дəрíптелген түрлеріне тыйым салуға тырысты. Осының себебінен, қазақтардың қарулы арсеналында қылыштар бар болуына қарамастан, Қазақстанның жергілікті тұрғындары арасында əскери шабу сияқты спорттың түрі таралмады. Қолайлы жағдайларда спорттың кейбір əскери қолданбалы түрлері ұлттық спорт түрлеріне айналуы мүмкін еді, себебі қазақ жігіттері асқан шабандоз жəне күрделі жаттығуларды ұнатқан. Патшалық үшін қауіп төндіретін спорттың атқыш түрлері ресейлік басқарушылардың ерекше назарында болды. ХІХ ғ. аяғында ресми басшылық дəрíптелген алтын-қабақты — атысу жарысына спорттың түрі ретінде тыйым салу үшін барлық шараларды қолданды.
Қазақ даласындағы дене шынықтыру тəрбиесí әртүрлі қоғамдық құбылыстардың — ас беру, той, нəрестенщ дүниеге келуі т.б. арқасында дами бастады. Кез келген бір маңызды себепке байланысты спорттық жарыстар, соның ішінде бəйге, алтын-қабақ, күрес т.б. ұйымдастырылды. Асқа барлық жерлерден адамдар келіп, ат жəне ату т.б. ойындар бойынша жарыстар жүргізілді. Əйплí қазақ ағартушысы Ы. Алтынсариннің пікірі бойынша, ас беру халықтың мəдени өмірі болып табылды [19]. Аста спорттық жарыстар мен ойындардан басқа, халық əншíлерí мен музыканттары өнер көрсетті, қоғамдық өмірге қатысты мəселелер шешілді.
Қазақстан территориясындағы тағыда бір танымал ойын — тоғыз құмалақ болды. Балалардың арасында әртүрлі заттармен — доп, таяқ, шарлармен («қыз-доп», «орда-доп»), сүйектермен, бас киімдермен (тақия, телпек) ойындар кеңінен тарады. «Ақсүйек» ойыны ең сүйікті ойынға айналды, бұл ойын кешкі мезгілде, күн батқаннан кейін жүргізілді. Қазақтар нəресте туғаннан бастап оларды дене шынықтыру тəрбиесíне тарта бастады. Нəресте үш жастан асып, төрт жасқа қараған кезде нəрестенí өзімен қатар туылған құлынға отырғызатын болған. Жеті жасына қарай бала ата-анасының толыққанды көмекшісі мен өнерлі шабандозға айналған. Бұл құбылыс ер баламен бірге, қыз балаға да тəн болған.
Қазақтардың балалары атпен жүру, қимыл-қозғалыс ойындары, садақпен оқ атумен шұғылданған. Баланы аң аулауға үйрету үшін арнайы бала жебе мен оқтары дайындалды. Əртурлí дене шынықтыру жаттығуларын жəне ойындарды тиімді түрде қолдану қазақ балаларының сегіз жасында дербес жəне дене бітімі жағынан мықты болуына ықпал етті. Мұнан басқа, осындай жаттығулар мен ойындар балалардың ақылының дамуына, қоршаған орта туралы білімінің дамуына əсер етті. Зерттеуші А.С. Ситдыковтың пайымдауынша, қазақ балалары мен жасөспірімдері қоршаған орта туарлы ғылыми танымға ие болмағанымен, олар қоршаған орта мен табиғат жөнінде басқа фактілі білімдерге, дала кеңістігі бойынша бағыт-бағдарға ие болған. Он жасында ер балалар қорғану жəне күрестерге қатысқан [20]. Тəрбиелеудщ әртүрлі амалдарын, əсíресе физикалық еңбекті, жаттығулар мен ойындарды ерте жаста қолданудың арқасында 15 жастағы жасөспірімдер Қазақстанда кəмелетке толған деп есептелді.
Ресей империясына қосылуға дейінгі қазақ халқының дене шынықтыру тəрбиесíнщ ерекшелігі оның жалпы халықтық мəдениет қазынасына кіруімен байланысты болды. Ол мəдениеттщ басқа да түрлерімен тығыз байланыста дамыды.
Қазақстан ежелгі дəуíрден бастап әртүрлі халықтардың өмір сүретін өлкесі болып саналды. Олардың көпшілігі өздерінің өзіндік мəдениетíн, соның ішінде дене шынықтыру мəдениетíн сақтап келді. Бұл тенденция Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін де Ресей тарабынан күшейтілді. Орыс халқының мəдениетí қазақ халқы арасында еніп, кейбір қазақ ойындары орыс халықтары өмірінің бір бөлігіне айналды. Кері жақтары ретінде оқу орындарының жоқ болуына байланысты дене шынықтыру мамандарын арнайы түрде дайындықтан өтпеуін жəне Қазақстандағы спорттың түрлері бойынша оқытушылар мен бапкерлерді даяралу бойынша курстардың болмауын атап көрсетуге болады.
Қорытындылай келе, Ресей империясының шенеуніктері халық бұқарасы арасында дене шынықтыру мен спорттың дамуына қызығушылық танытпаған деп атап көрсетуге болады. Жергілікті халықтың балалары үшін арналған аз санды оқу орындарында дене шынықтыру мəдениетí бойыншасабақтар жүргізілмеген. Ат ойындары, садақпен оқ ату жəне көптеген қимыл-қозғалыс ойындары сияқты спорттың ұлттық түрлері Қазақстан халқының дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі құралы болды. Өткізілген тойлар, ас берулер, тағы басқа бірқатар ұлттық салд-дəсдүрлер спорттың аталған түрлерінің дамуын қамтамасыз етті. Мемлекеттегі спорт пен дене шынықтыру мəдениетíн дамыту мен ұйымдастыруға қатысты орыс жəне қазақ шенеуніктерінің байланыстары кей кездері айтарлықтай емес алға жылжуларды қамтамасыз етсе, кейбір кездері жастардың физикалық тұрғыдан жаңаша түрінде тəрбиеленуíнщ дамуына кедергі жасады.
ХХ ғ. басында Қазақстанның дене шынықтыру мəдениетí мен спортында спорт пен ойындардың классикалық түрлері дəрíптеле бастады, спорттық командалар мен клубтар пайда бола бастады. Классикалық спорт түрлерінің дамыған орталықтарының бірі Семипалатинск қаласы болды. 1912 ж. бұл қалада «Нептун» деп аталатын алғашқы спорт клубы құрылып, онда спорттың классикалық түрлері дəрíптелдí. 1913 ж. құрамында əйгíлí қазақ жазушысы М. Əуезов ойнаған «Жарыс» футбол командасы ашылды [19]. Семипалатинск ауыр атлетиканың, күрестің, коньки спорты, жеңіл атлетика, жүзі, тағы басқа спорт түрлерінің дамуының алғышарттарын жасап берді.
Спорттың классикалық түрлерінің, əсíресе күрес пен ауыр атлетиканың дамуында əйгíлí қазақ батыры Қажымұқан үлкен рөл атқарды жəне оның жеке үлгісі спорттың бұл түрінің дамуына зор ықпал етті. 1915 ж. Троицкте күрес бойынша ірі чемпионатты жеңіп, Қазақстанда спорттың халықаралық түрлері бойынша ірі спорт жарыстарын өткізудің алғышарттарын жасап берді.
Революцияға дейінгі Қазақстанда дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданудың мүмкіндіктері болған жоқ. Жекелеген спорт клубтарында буржуазия өкілдері, қызметкерлері жəне жартылай білім алушы жастары спортпен шұғылданды.
1917 ж. Ресей империясындағы саяси қайта құрулар спорттық ұйымдардың қызметіне толықтай əсер етті. 1918 ж. 22 сəуíрдегí Жалпы ресейлік орталық атқарушы комитетінің (ЖРОАК) Декіретіне сəйкес əскери істер жөніндегі Халықтық комитеттің жалпы ресейлік штабы жанында жастар арасындағы спорттық үйірмелер мен ұйымдарды қайта қалпына келтіру жəне қайта құру міндеті жүктелген Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы құрылды. 1918 ж. аяғына қарай мемлекетте құрамында 38167 белсенді бүшесі бар 350 спорт ұйымдары қызмет жасады [21]. Бұл кезеңде спортты ортақ басқару қалалық жəне облыстық спорттық лигалар мен одақтарға жүктелді. Жалпы ресейлік спорт одағының функцияларын Мəскеулíк олимпиадалық комитет атқарды. Спорттың қарқынды дамуы басталады, тек қана спортық құралдардың, инструкторлардың, бапкерлер мен здебиеттердің болмауы бұл үрдісті тежеген болатын.
1919 ж. бастап Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасын Н.И. Подвойский басқарған. Дене шынықтыру тəрбиесí халықтың денсаулығын жақсартудың құралы ретінде əскери білім беру бағдарламасына енгізілді. 1920 ж. қазанда Жалпыға ортақ əскери білім беру Басқармасы жанындағы Дене шынықтыру мздениетінің Жоғарғы кеңесінің (ДШМЖК) құрылуының арқасында дене шынықтырудың мемлекеттік органын құруға деген алғашқы қадам жасалды. ДШМЖК-не сайыстар туралы ережелер, бағдарламалар, анықтамалар, жарғы, əртурл¡ ұйымдар арасында сайыстар өткізу жүктелді.
Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының қызметі дене шынықтыруды əскери дайындық үшін қолданумен қатар, Басқармаға мемлекеттегі дене шынықтыру-спорттық қызметке басшылық ету жүктелді. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы 1917 ж. кейін қалыптасқан халыққа білім берудің жаңа жүйесіне дене шынықтыру тəрбиесíн енгізу мəселелерíмен айналысып, жаппай спорттың жандануына, пролетарлық спорттық ұйымдардың құрылуына ықпал етті. 1919 ж. мамырына қарай Ресейде Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының 7 округтық, 39 губерниялық жəне 395 уездік бөлімшелері құрылды жəне бұлар əскерге дейінгілерге білім берумен шұғылданды. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының маңызды жетістіктерінің бірі — дене шынықтыру мен спортты тек қана ірі орталықтарға енгізіп қойған жоқ. Губерниялық жəне уездік қалаларда, ауылдық жерлерде əскери-спорттьщ клубтар құрыла бастады.
  1. ж. Мəскеуде өткен дене шынықтыру жəне спорт, əскерге дейінгі дайындық бойынша жұмысшылардың бірінші шақырылған Жалпы ресейлік съездінің делегаттары мемлекеттегі дене шынықтыру қозғалысының басты міндеттерінің бірі ретінде спорттық секциялар мен клубтар санынын өсіру қажеттілігі атап көрсетілді [22]. 1921 ж. қаңтарында бұрынғы Ресей империясының территориясында 1612 спорттық ұйымдар қызмет жасады.


  2. ж. басында жүргізілген аймақтық олимпиадалар жаппай оқиғаға айналып, дене шынықтыру мен спорттың таралуына ықпал етті. Бірақ дене шынықтыру-спорттық қозғалыс кейбір жетістіктергекарамастан, халыктың үлкен бөлігін камтый алған жок. 1920 ж. көктемде Жалпыға ортак əскери білім беру баскармасы өзінің жергілікті органдарына халык арасында дене шыныктыру мен спортка деген қызығушылық ояту үшін әйгілі спортсмендерден тұратын жəне сайыстарды қамтитын қойылым- көрсеткіш іс-сапарларын ұйымдастыруға тапсырыс берді. Мұндай іс-шараларды жүргізу тəжíрибеде халыктың дене шыныктыру мен спортка деген кызығушылығын ояту үшін үлгінің маңыздылығын дəлелдеп берді.


1920 ж. спорттык кұрал-саймандардың жəне спорттык жабдыктардың жетіспеуі байкалды жəне бұл спорт саласындағы бастамаларға кері əсер етті. Батыстағы сияқты спорттық өнеркəсіпті тез арада дамытудың мүмкіндіктері болмады. Мемлекеттік Халык комисариаты шеңберінде мектеп медицинасы мен гигиенасы бөлімдері, ғалымдардың, дəрíгерлер мен педагогтардың бірқатар тобы социалистік дене шынықтыру тəрбиесí жүйесінің негізін өңдеуге кірісті. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың əртÝрлí жолдары ұсынылды. Мысалы, дене шынықтыру тəрбиесíнщ «социалистік» сипатының дамуын мектептерде «окушыларға колайлы жəне пайдалы ойындарды енгізу» кажеттілігі ұсынылды [23].


Медициналык бағытты ұстанушылар (В.В. Гориневский, Г.К. Бирзин) канау мен зиянды өмір салты жұмысшылар мен олардың балаларының организмін əлсíретедí деген тұжырым жасады. Сондықтан өжркәсіп қызметінің күрделілігнің ықпалын ескере отырып, дене шынықтыру жаттығуларын орындаумен байланысты косымша жүктемелер, спортпен айланысу жұмысшылардың денсаулығы үшін кері əсер береді деп есептелді. Олардың пікірі бойынша, футбол, бокс, ауыр атлетика, күрес секілді спорттың түрлерін жұмысшы топтарының дене шыныктыруынан алып тастау кажет болды.
Дене шыныктырудың ерекше түрін пролеткультты ұстанушылар (А.В. Луначарский, В. Полянский, Г.В. Плеханов) ұсынды. Олар «жаттығулардың буржуазиялык жүйесінен» толыктай бастартты. 1925 ж. футболдық педагогикалық мәні жөнінде мақала баспадан шықты жəне бұл макалада футбол ағылшын буржуазиясының ойлап тапканы болғандыктан, кеңестік жастарды алдауға үйрететіні жəне мұның тұлғаның жеке сапасына кері əсер ететіні дəəлелденген. «Буржуазиялык жаттығулардың» орнына «жұмысшы гимнастикасы ұсынылды». Пролеткультты жактаушылар мемлекетте спорттың кең түрлерінің (бокс, спорттык гиманистика, футбол т.б.) дамуына қарсылық білдірді, мұның себебі аталған спорт түрлері капиталистік елдерде дəрíптелуíне байланысты болды [23]. Пролеткульт көзқарастары КСРО-ғы дене шынықтыру тəрбиесíне айтарлыктай зиян келтірді. Пролеткульт жактастарының пікірлері бойынша, спорттык кұралдар мен саймандар, дене шыныктыру жаттығулары кез келген бір моральді камтамасыз етеді деп саналды. Мұның мысалы ретінде скауттык козғалыстың тағдырын атап көрсетуге болады. Большевиктердің скауттык козғалыска деген көзкарасы айтарлыктай суык болды жəне уакыт өте келе нашарлай түсті. Мұндай нашарлаудың себептерінің бірі көптеген скауттар мен скаут-шеберлердің ак гвардияшылармен байланысы болды. Екінші жағынан, баскада себептері болды жəне бұл 2018 ж. комсомол ұйымының құрылуына байланысты скауттар олардың бəсекелесíтíгíне айналуымен байланысты болды. Мұнан баска, большевиктерге деген оппозиция скауттарға анархияның, революцияның жəне кұдайсыздыктың карсыласы ретінде карады. Олардың пайымдауы бойынша, скауттар тəртíптí, тұрақтылықты, қасиетті Русьтың рухани құндылықтарын кейіптейді. Өз кезегінде, большевиктер скауттарды британдық буржуазия мен əлемдíк буржуазияның «құралы» деп есептеді. Скауттык козғалыс жөніндегі пікірталастар өткір түрде өтіп, 1922 ж. дейін сакталып келді. Кеңестік Ресейдегі балалар козғалысын ұйымдастырушылар скауттык істің кызыкты жəне пайдалы екендігін түсінді, сондыктан скауттарды жою емес, ал олардың идеологиясын ауыстыруды колдады. 1922 ж. Мəскеудегí скаут-шеберлердің жиналысында «скаут» атауын «жас пионерлер» деп ауыстыру жөнінде шешім кабылданды. Осылайша, скауттык козғалыстың орнына пионерлер козғалысы келді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы — кызметтің идеологиялык негізінде болды. Ұйымдастырушылык жəне əдíстемелíк жағынан пионерлер ұйымы скаутинг жүйесінен көптеген нəрселердí алды, соның ішінде ұйым кұрылымы, түрі, кейбір заңдар, «Дайын бол!» ұраны, жазғы лагерлер т.б. алды.
Дене шынықтыру тəрбиесí мен спорттың галыми-əдíстемелíк негіздерінің даму үрдісін идеологизация мен политизация тежеп отырды. 1930–1950 жж. кеңестік дене шыныктыру мен спорт тоталитарлық тəртíп идеологиясының бір бөлігіне айналады жəне оның əдíснамалык негізі ретінде марксизм-ленинизм философиясы алынады. Дене шынықтыру мен спорттың ғылыми əдíснамалык мəселелерí соғысқа дейінгі кезеңде дене шынықтыру бойынша алты институттарда жəне 1933 ж. кұрылған дене шыныктырудың Орталык ғылыми-зерттеу институтында өңделді. КСРО-ғы ғылымныңнегізгі күші жоғарғы жетістіктегі спортты дамытуға бағытталды, себебі бул социалистік жүйенің капиталистік жүйеден асып түсу артыкшылығын көрсетудің куралы ретінде карастырылды.
Дəл осындай идеялар кеңес үкіметінің дене шыныктыру тəрбиесíне адамдардың үлкен бөлігін тарту, спортты мемлекеттің жаппай игілігі етуге деген калауын тудырды.
Қорытындылай келе, КСРО-ғы дене шыныктыру тəрбиесí кеңестік коғам мəдениетíнíц курамдас бөлігі, əлеуметпк кыізметтің айтарлыктай саласы, КСРО халыктарының тұрмыс дәсдүрі болып саналды деп атап көрсетуге болады. Кеңес Одағының өмір сүруі кезеңінде дене шыныктыру тəрбиесí коммунистік тəрбиелеудщ куралы ретінде карастырылды. Бірак дене шыныктыру мен спортты дамытудың артыкшылыктары өзгерістерге ушырап отырды.
Осылайша, КСРО-ғы дене шыныктыру тəрбиесí мен спорттың жаппай сипат алуының алғышарттары патшалык Ресейде басталды. Бастапкыда бул мемлекеттің əскери куатын арттыруға деген калаумен байланысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары үкімет əскери-патриоттык тəрбиелеудщ жетіспеуін ұғына отырып, əскерлердщ дене шыныктыру тəрбиесíн дамыту үшін колайлы жағдайлар жасайды.
Дене шыныктырудың жаппай кубылыс ретіндегі дамуының келесі сатысы армия корын курумен байланысты болды. Ресей империясының территориясындағы билікті большевиктердің тартып алуынан кейін мемлекетті буржуазиялык агрессорлардан корғайтын əскерлер кажет болды. Бірак айыр жəне орағы бар шаруалар нағыз армия бола алған жок, əскери тəрбиелеу жүйесіндегі дене шыныктыру берік əрí бірлескен армия куруға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге Кеңес мемлекетінде дене шыныктыру мен спорттың жаппай сипат алуына үкіметтің дені сау улт куруға деген калауы ыкпал етті. Жалпыға білім беру мекемелерінде жəне институıтарда «Дене шыныктыру тəрбиесí» пəнí енгізілді, зауыттар мен фабрикаларда жұмысшылар таңғы жаттығулар жасады, әрдүрлі жаппай ойындар жүргізді.
Жаппай дене шыныктырудың пайда болуының маңызды аспектісі коммунистік тəрбиелеудщ куралын кұру болды. Спорт сталиндік адамды «homo soveticus» тəрбиелеудщ куралына айналды. ХХ ғ. 30 жж. булшыкты жігіттер мен кыздардың бейнесі көрсетілген кеңестік плакаттар спортпен шуғылдануға калау тудырып, салауатты өмір сүруге жəне жастар арасында спортка деген кызығушылыкты ояту кажет болды.
Кеңестік дене шыныктыру козғалысындағы жетістіктер əлеумеддíк саясатпен, КСРО-ның табысты коғамдык-экономикалык дамуымен байланысты болып, соңынан барлык кеңестік республикалардың игілігіне айналды. Халыкты дене шыныктыру мен спортка тарту өз еркі негізінде, сонымен катар мəжбүрлеу тəрдíбí негізінде де жүзеге асырылды [24]. Дене шыныктыру мəдениетí мен спордты үгідтеу өзінің нəдижелерíн берді: денсаулык абыройдың нағыз элеменді, адамгершілік пен ерлікдің белгісі болып дабылды. Салауадты өмір салды мен спордды насихадтаудың көмегі аркылы негізгі мəдени, əлеуметтíк, экономикалык жəне саяси мəселелер өз шешімдерін дапды. Кеңес адамдарын дене шыныктыру тəрбиесí жағынан белсенділікке, туризм жəне спортпен шұғылдануға шакыру, оған деген колжетімділік — осының барлығы еңбектің өнімділігі мен өнімнің бəсекеге каблеттілігін арттыру, шығынды төмендету үшін жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет