Білім берудің бірыңғай қызмет ету ортасын қалыптастыру ретінде оқытудың ақпараттық қатынасын және жергілікті мен ғаламдық желілердің мүмкіншілігін іске асыру. Веб-технологияларды қолданудың заманауи жолдары интернет негізінде әлемдік ақпарат кеңістігіндегі түрлі режимдерде іске асыруды нұсқайды.
Білім беруде қолданылатын ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, есептеуіш техникаларды нәтижелі және қауіпсіз түрде қолданудың педагогикалық-эргономикалық шарттары. Үздіксіз білім беруде, бағдарламалық-техникалық құралдарды дайындауға, есептеуіш техникаларын бағдарламалы-эргономикалы бағалауда және АКТ-ды білім беруде қауіпсіз пайдалануда қолданылатын бағыттарды меңзейді.
Сонымен қатар бұл бағыт олардың психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық, эстетикалық талаптарды дайындауды қарастырады. Болашақта үміт күттіретін бағыттары: есептеуіш техникасының бағдарламалы-аппаратты бағдарланған стандарттарды құрастыру.Кабинеттерді жабдықтаудың маңызды аспектісі ретінде педагогикалық және гигиеналық ұсыныстарды құрастыру болып табылады.
Білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық ортаны құру, басқарудың және ақпараттық әдістемелік қамсыздандырудың автоматтандырылған жүйесін құру. Қазіргі таңдағы білім беру мекемелерінің деңгейінің көрсеткіші ретінде телекоммуникациялық желілер негізінде қызмет ететін ғылыми-педагогикалық ақпараттардың автоматтандырылған банктерін айта аламыз. Сол себептен, бұл ақпараттар банктеріне ғылыми-педагогикалық мәліметтер, оқу-тәрбие жұмыстарына керек оқу-әдістемелік құралдар да жатады.
Бұл бағыттың Отандық дамуы оқыту мекемелерінде іс-қағаздарды жүргізуді автоматтандыруды қарастырады. Бірақ бұл мәселені шешу үшін оның кең түрде қарастырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |