6.1 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу
Объектінің бас планы мен орналасу схемасына қарай және әртүрлі мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты салу тығыздығы ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы есептеледі.
Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады. Соңғыларға мынандай бірқатар талаптар қойылады.
Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлердің құрамынан бөлінуге тиісті.
Екіншіден, бұл ic-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын, ішкі шаруашылық реттілігін бұзбауға тиісті.
Үшіншіден, учаскенің қоршаған ортаға теріс әсер (эрозияның өршуі, топырақтың батпақтануы және ластануы т.с.с) етпеуге тиісті. Осы талаптарға сай вариант ең тиімді болып саналады.
Жер yчacкeлepiнiң аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы пландарға түсіріледі. Көбінесе бұл 1:10000 масштаб, бірақта бұдан да ұсақ масштабты пландар қолдануы мүмкін.
Алынатын жердің алқаптық құрамы мен құндылығын анықтау. Бөлінген жердің ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Бұл жөніндегі мағлұматтар жобалық экспликацияға 0,1 га дәлдікпен жазып толтырылады. Учаскенің құрамы алаптардың пайдалануға берілген мерзімі (тұрақты түрде, ұзақ және қысқа мерзімді) бойынша да есептеледі.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол үшін топырақты зерттеу, бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалаға қатысты материалдар қолданылады.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бiр мөлшерде шығынға әкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олардың көлемі жер қоныстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті дайындайтын нормативтер арқылы анықталады. Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына тек жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді. Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарға 66,8 мың теңгеден 806,6 мың теңгеге дейін барады (1994ж. бағасымен).
Достарыңызбен бөлісу: |