4.4 Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
Жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу әрбір жер иеленушілік бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
а) жобаны жасағанға дейін;
ә) жоба бойынша.
Жобаны дәлелдеудің мазмұны жалпы алғанда төмендегіге келеді:
жобалық жерге орналастыру есептері;
жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
3) варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұсқасын таңдап алу).
Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бipқатар жұмыстарды қамтиды.
Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй құрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, құрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.
Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатациялық (пайдалану) шығындарды, аммортизациялық жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бiр жылдық мерзімге келтірілген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.
4.5 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру
Шаруа қожалығының ауданы алаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға қарай анықталады.
Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандырылғандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі. Егер де шаруашылық шөл, шөлейт аймақтарында оның негізгі өндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы ықтимал. Ал мамандандырылғандығына қарай шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы, алаптарының арақатынастары, үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.
Сонымен бipre шаруа қожалығының көрсеткіштері бiр қатар әлеуметтік экономикалық факторлармен байланысты. Солардың ішінде: елді мекендердің түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б. Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша совхоздар мен колхоздарды жер иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.
Хуторлық форма қағида бойынша халықтың шоғырлана орналасқан аймағына тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп беруге мүмкіншіліктің жоқтығы есебінен себептеледі.
Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер негізінде. Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т.б.) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді Оның ауданы бiр жағынан сондай адамдардың санына, екінші жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені жер үлeciнiң мал бағу үшін иеленушіліктің (жер алаптарының түлері бойынша) сондағы азаматтардың санына бөлінеді, шаруа шаруашылығының жер иеленушіліктері арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек, алдымен сондай жер қорын жасау қажетті. Шаруа қожалығы туралы заң бойынша ондай қор әрбір мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері есебінен жасалуға тиісті. Ол үшін кәсіпорын иеленетін жерлер мұқият тексеріп, арасындағы сондай табиғи-экономикалықщ зона бой ы орташа деңгейден төмен тиімділікпен пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы ,жер құрамына енгізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті атқару комитетінің шешімі бойынша аудандық жерге орналастыру комиссиясы жүргізеді. Сонан соң тілек білдірген азаматтарға шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.
Бірінші әдіс, қағида бойынша, совхоз-колхоздардан бөлінген, екіншісі – сырттан келген адамдардың ауылшаруашылық мақсатындағы қожалықтарын ұйымдастырғанда. Шаруа қожалығының жер иеленушілігін құрудың осы екі жолы оның әртүрлі әдістемелік жүйелікте орындалуын себептейді. Бірінші жағдайда бүкіл жобалау және жоспарлау процесі берілген жер үлесінің мөлшерімен байланыстырылады және содан тәуелді, өйткені малдың саны егістердің аудандары жалпы алғанда өндірістің көлемі мен параметрлері де осымен себептеледі. Әрине, жетіспеген жер алқаптарын қожалық басқа шаруашылықтардан жалға алуы мүмкін. Бірақ болашақта ауылшаруашылық жүргізудің бұл формалары кең бой алғанда, бұндай мүмкіншіліктері болуы бірталай.
Шаруа қожалығы арнайы қорда құрылғанда оның жер иеленушілігінің ауданы шектелмейді делінген. Егерде солай болса, ал бұл өзі біраз күдік тудырып отыр, онда жоғарыда атап өткен есептер мен ic-әрекеттер жоспарланған өндірістің көлемдеріне (мал басы, eгістеp т.б.) негізделеді. Демек, орындау жұмыстардың әдістемелік жүйелі түрде болуға тиісті.
Енді шаруа қожалығының жер иеленушілігін құру жөніндегі ic-қимылдардың әдістемелік жүйелілігін қаралық.
Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:
а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі
Р =
бұнда, Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;
Рп- алаптардың аудандары, га;
А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;
ә) Шаруа шаруашылығының жер иеленушілігінің алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:
Рш = Р х п
бұнда, Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;
п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.
б) Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;
в) Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.
Кс = Борт
Бш.ш
бұнда, Борт – шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;
Бш.ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.
Бұл коэффициент алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).
г) Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті арқылы нақтылау:
Рш.ш. = Рш. х Кс
бұнда, Рш.ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;
Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;
Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;
д) Жер салығын есептеу:
С = Рш.ш. х Ц
бұнда, С - жер салығының көлемі, теңге;
Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;
е) Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.
ж) Осыған және шаруашылықтық жоспарланған мамандандырылғандығына қарай мал басын айқындау;
з) Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;
и) Осы өндіріс көлемі жөніндегі мағлұматтарды пайдалана отырып еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;
к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |