Дәріс №1 Жүзудің даму тарихы


Орта ғасырдағы жүзудің тарихы



бет2/3
Дата10.07.2023
өлшемі17.21 Kb.
#475621
1   2   3
1.Жүзудің даму тарихы

Орта ғасырдағы жүзудің тарихы.
Орта ғасырда дене шынықтыру мәдениеті құлдырай бастады. Бұл уақытта суда жүзу күнә болып саналды. Европа қалаларының қатарында шіркеуліктер суда шомылуға тыйым салды. Олар суда көптеген аурулар бар және суға тақау, суға шомылу арқылы адамның терісіне бұл ауру еніп, оның организміне кері әсер етеді деп санады. Денені күту үшін ер адамдар дымқыл орамалдар пайдаланса, ал әйел адамдар денедегі жағымсыз иістерден арылу үшін түрлі иіссуларды көптеп пайдалана бастады.
Алайда, әскерлер мен феодалдар суда жүзудің мағынасын өте жақсы түсінді. Ал батырлар суда өте жақсы жүзе білуі керек деген талаптар қойылды. Шындығында көптеген батырлар жүзе де білмеді.
Афиндік Кирхердің айтуынша, IV ғасырда суда жүзуді жетік меңгерген Сицилийден шыққан Николай еді. Ол өз өмірінің көп бөлігін суда өткізіп «Николай-балық» атанған.
XVI-XIX ғасырлардағы жүзудің тарихы.
Спорттық жүзу шет елдерде XV-XVI ғасырларда пайда болған. Алғашқы жүзу жарыстарының бірі болып 1515 жылы Венецияда жүзушілердің жарысы болған.
XVII ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың басында әскерлерді жүзуге үйрету алғаш ұйымдастырыла бастады. 1647 жылы шыққан «Сапқа тұрушы жаяу адамның оқуы мен айлакерлігі» атты кітапта, әрбәр әскери адамға суда жүзе білу керектігі жайлы айрықша көрсеткен болатын.
Петр 1-ші кезінде жүзу Теңіз академиясы мен Императорлық жаяу әскері кадет корпусының оқу пәндерінің қатарына кірген. Петр 1-дің бұйрығы бойынша «барлық жаңадан келген сарбаздар жүзуді оқуы керек» деді.
XIX ғасырдың басында көптеген европалық мемлекеттердің әскери оқу орындарында жүзу пән ретінде оқытыла бастады. Сонымен бірге әртүрлі қоғамдық және жүзудің жанкүйерлеріне арналған үйірмелер ашыла бастады.
Жүзу әдіс-тәсілдерінің дамуына қарамастан, жүзу бұқаралық бола алмады. Көптеген адамдар жүзе алмады және судағы болған сәтсіз оқиғалар төмендемеді. Осы себептерге байланысты суда құтқарушы ұйымының қызметінің алғашқы баспалдағы қолданылды.
1767 жылы Амстердамда алғашқы рет өз алдына суға кеткендерді құтқару мен жұртшылықты суға кетпеудің әдіс-тәсілдерін оқытатын қоғам құрылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында жүзуге арналған жабық жасанды бассейндердің құрылысы жандана бастады. Москвада, Петербургте және Киевте 8 үлкен емес жүзу бассейндері ашылды.
XIX ғасырдың аяғында жүзу ерекше атаққа ие болды. 1890 жылы Европада жүзуден алғашқы жарыстар өткізілді. 1896 жылдан бастап жүзу Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілді. 1908 жылы Халықаралық әуесқойлық ФИНА жүзу құрамасы құрылды. Ал 1973 жылы бұл ұйым 96 ұлттың құрамасын біріктірді.
Кеңес елінде жүзуден жарыстар 1918 жылы Москвада өткізілді. 1920 жылы В.И.Песков ашық бассейнде орналасқан жүзуден «Дельфин» спорттық қоғамын құрды. 1921 жылы Москва өзенінде Кеңес өкіметінің алғашқы біріншілігі ойнатылды. 1928 жылдан бастап жүзуден жарыс Кеңес елінің спартакиадалық бағдарламасына енгізілді.
Кеңес заманындағы спорттық жүзудің дамуының негізгі себебі, 1947 жылы Бүкіл Союздің жүзу ұйымдарының Халықаралық Федерациялық жүзу жанкүйерлерінің ФИНА-ның мүшелігіне сайлануымен және шет мемлекеттердің жүзушілерімен спорттық байланыстын дамуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет